Дербес компьютер
«Информатика — еліне саяхат» сабағының жоспары
Бұл сабақ — дәстүрлі емес форматтағы ойын-сабақ. Мақсаты — оқушылардың информатикадан алған білімін тәжірибеде көрсету, ойлау қабілетін дамыту және компьютерлік сауаттылықты тереңдету.
Сабақтың түрі
Дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың типі
Ойын түрінде
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, компьютер, оқулық, шар айна
Сабақтың мақсаттары
Үш бағыт бойынша нақтыланған мақсаттар.
- Білімділік
- Информатика пәні бойынша алған білімдерін практика жүзінде көрсету.
- Дамытушылық
- Оқушылардың ойлау қабілетін және танымдық белсенділігін арттыру; компьютермен жұмыс істеу шеберлігін шыңдау және оны өмірде қолдана білуге ықпал жасау.
- Тәрбиелік
- Жауапкершілікке, өз бетінше жұмыс істеуге, нәтижеге қол жеткізуге, ұйымшылдыққа, компьютерлік сауаттылыққа және ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың өту барысы
-
1
Оқушыларды ұйымдастыру
Сабаққа дайындық, ережелер мен уақыт тәртібін нақтылау.
-
2
Презентация (үй тапсырмасы)
Оқушылардың таңдаған тақырып бойынша қысқа таныстырылымдары.
-
3
«Бәйге»
Ұпай таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру сайысы.
-
4
«Ғажайып алаң»
Бір негізгі сұраққа жауап тауып, ұғымды анықтау.
-
5
«Кім жылдам?» (практикалық жұмыс)
Капитандар сайысы: берілген кесте бойынша диаграмма құру.
I. Презентация (үй тапсырмасы)
Таныстырылым тақырыптары алдын ала бөлініп, сабақта қысқа әрі мазмұнды түрде қорғалады.
-
1) Дербес компьютер
Құрылымы, негізгі бөліктері және қызметі.
-
2) Excel бағдарламасы және ерекшеліктері
Электрондық кестелермен жұмыс, мүмкіндіктері.
-
3) Вирустар және антивирустар
Қауіп түрлері және қорғану жолдары.
II. «Бәйге» (ұпайлық сұрақтар)
Оқушылар 10, 20, 30, 40 ұпайлық сұрақтарды таңдап, жауап береді. Сұрақтар үш тақырыпқа бөлінген.
1) Құрылғылар
Негізгі ұғымдар мен анықтамалар.
- 10 ұпай
- Файл түрінде берілген мәліметтерді магниттік тәсілмен жазып алатын құрылғы — диск.
- 20 ұпай
- Электрондық аспап арқылы бағдарламамен басқарылып, ақпаратты автоматты түрде түрлендіретін құрылғы — дербес компьютер.
- 30 ұпай
- Ұзақ уақыт сақтауға арналған ауыстырмалы тасымалдаушылар — сыртқы жад.
- 40 ұпай
- Барлық құрылғыларды басқаруды қамтамасыз етіп, бағдарламаларды аппараттық құралдармен байланыстырудан босататын негізгі жүйелік бағдарламалық құрал — операциялық жүйе.
2) Бағдарламалар
Жүйелік және қолданбалы бағдарламалар.
- 10 ұпай
- Аппараттық жабдықтардың жұмысын басқарып, пайдаланушыны қолданбалы бағдарламалармен байланыстыратын жүйе — жүйелік бағдарлама.
- 20 ұпай
- Жүйелік бағдарламалардың түрлері: операциялық, сервистік, утилиталар.
- 30 ұпай
- Экономикалық, есептік, статистикалық, ғылыми-техникалық және басқа да міндеттерді шешуге арналған электрондық кестелер редакторы — Microsoft Excel.
- 40 ұпай
- Пайдаланушыларға ақпараттық материалдары бар файлдар архивіне қол жеткізуді ұйымдастыратын бағдарламалар жиыны — файлдық сервер.
3) Мәліметтер базасы
Кілттер, объектілер және операциялар.
- 10 ұпай
- Мәліметтер базасында сақталатын ақпараттық жүйенің элементтері — объектілер.
- 20 ұпай
- Бірнеше жазба үшін мәні қайталанатын атрибут; жазбаларды іздеуде қолданылатын кілт — екінші реттік кілт.
- 30 ұпай
- Қайталанатын операцияларды автоматтандыруға арналған құралдар — макростар мен модульдер.
- 40 ұпай
-
МББЖ-ның негізгі 4 операциясы:
- Кестеге бір немесе бірнеше жазбаны қосу
- Кестеден бір немесе бірнеше жазбаны жою
- Кейбір өрістердің бір немесе бірнеше жазбаларындағы мәндерді жаңарту
- Берілген шартты қанағаттандыратын бір немесе бірнеше жазбаны табу
III. «Ғажайып алаң»
Негізгі сұрақ
Мәліметтер базасына, бағдарламаға немесе ақпараттық жүйеге кіруге тосқауыл қоятын; сондай-ақ кестелермен жұмыс істегенде берілген критерийге сәйкес келетін мәліметтерді ғана экранға шығаратын құрал қалай аталады?
Жауабы: Фильтр
IV. «Кім жылдам?» (капитандар сайысы)
Практикалық тапсырма
Берілген кесте негізінде диаграмма құру.
Марапаттау
Жүлделі орын алған оқушылар дипломдармен марапатталады.
Информатика пәні мұғалімі
Утебаева Армангүл