Тест тапсырмалары

БҚО • Шыңғырлау ауданы • Шыңғырлау ауылы

Л. Қылышев атындағы Шилі орта жалпы білім беретін мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Тукенова Алмагүл Абаевна

Дүниетану 2-сынып Тақырып: Өсімдікке су және топырақ керек

Сабақтың мақсаты

Өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайлар туралы түсінік қалыптастыру: өсімдіктің өсуі мен дамуына су мен топырақтың маңызын дәлелдеу.

Күтілетін нәтижелер

  • Өсімдіктер туралы толық мағлұмат беріп, олардың тіршілігін түсіндіре алады.
  • Жұмысты өз бетінше және топпен жоспарлап, нәтижесін бағалай алады.
  • Жұмыс барысында жауапкершілікті сезінеді, алынған мәліметті талдап, өз білімін бағалай алады.
  • Ойды жүйелі, қисынды жеткізіп, қорытындыны дәлелдей алады.

Оқыту тәсілдері мен ресурстар

Жаңа тәсілдер

  • «Бірге ойлаймыз»
  • «Ойлан әрі талқыла»
  • Топтық және жұптық әңгіме
  • Жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар

Сыни ойлау және АКТ

  • Визуалдандыру және суретпен жұмыс
  • Белсенді тақтада таныстырылым
  • Ғаламтор материалдарын қолдану

Оқыту формалары

Жеке, жұптық, топтық және жаппай жұмыс.

Бағалау және кері байланыс

  • Формативті бағалау: қолпаштау, «басбармақ»
  • Кері байланыс: «Нысана» әдісі

Сабақтың барысы

Кіріспе: психологиялық ахуал

Өлең жолдары

Табиғат күлімсірер күніменен,

Ән айтар бұлбұл сайрап түніменен.

Көркіне көз тоймайды табиғаттың,

Сұлулықты сүйе біл шыныменен.

Топ ережесін қайталау.

Оқушыларды топқа бөлу.

Үй тапсырмасы: «Бірге ойлаймыз»

Берілген сұрақтар бойынша сәйкестендіру арқылы білімді еске түсіру және жүйелеу.

1-топ

Өсімдікті неге тірі ағза деп атайды?

Өсімдік тірі ағза: қоректенеді, өседі, қурайды, көбейеді, тыныс алады.

2-топ

Өсімдіктің қандай пайдасы бар?

Өсімдік береді: сусын, ем, ауа, тағам, жеміс, дәрі, қағаз (кітап).

3-топ

Жапырақтың қызметі қандай?

Жапырақ: суды буландырады, ауаны тазартады, көмірқышқыл газын сіңіреді, оттегін бөледі; қант, крахмал түзуге қатысады және өсімдік тыныс алады.

Барлық топқа

Өсімдік қалай көбейеді?

Өсімдіктің көбеюі: тұқымнан, сондай-ақ тамыр, сабақ, жапырақ арқылы. Көбеюге қатысты мүшелер: гүл, жеміс.

Тұсаукесер: «Күн көзін бұлт баспасын» ойыны

Ойын шарты: сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы экраннан күннің көзін «ашамыз».

  • Өсімдік мүшелерін ата.
  • Өсімдік топтарын ата.
  • Тамыр қандай қызмет атқарады?
  • Сабақ қандай қызмет атқарады?
  • Тұқымның түрлерін ата.
  • Жапырақтың қызметі қандай?

«Сен білесің бе?»

Өсімдік өсуі үшін не қажет?

Негізгі бөлім: «Миға шабуыл»

Сұрақтар

  • Топырақ деген не?
  • Топырақтың негізгі қасиеттерін ата.

«Мағынаны тану»

Өсімдік — тірі ағза. Ол үнемі өсіп, өзгеріп отырады: өседі, жапырақ жаяды, гүлдейді, түйіндейді, жеміс береді. Өсімдік өзіне қажетті қоректі өлі табиғаттан алады. Соның маңыздысы — су. Су жеткілікті болса, өсімдік жайқалып өседі.

Су өсімдікке қалай келеді?

Су өсімдікке топырақ арқылы келеді. Топырақтағы қоректік заттар суға араласып ериді. Тамыр суды сіңіріп, оны өсімдіктің басқа мүшелеріне жеткізеді.

Шірінді не үшін маңызды?

Шіріндісі көп топырақ өсімдік өсуіне өте қолайлы. Жыл сайын қураған жапырақтар суға араласып, топырақ құрамын байытады.

Топырақты қалай тыңайтады?

Барлық топырақта шірінді бірдей көп бола бермейді, сондықтан қолдан тыңайтады. Тыңайтқыштарға: көң, құстың саңғырығы, шымтезек, қарашірік жатады.

Терең танысайық: оқулықпен жұмыс

  • Мәтінді тізбектей оқыту.
  • Мәтін бойынша талдау жүргізу.

Талқылау сұрақтары

  • Өсімдіктің өсуіне су мен топырақтың әсері қандай?
  • Еріген тұздарды өсімдік қайдан алады?
  • Өсімдіктің бойында судың бар екенін қалай білуге болады?

Қорытынды: «Ой толғаныс»

Проблемалық сұрақ

Өсімдік тіршілігі үшін не қажет?

Проблемалық сұрақ

Өсімдіктер адам өміріне қаншалықты әсер етеді?

Проблемалық сұрақ

Егер өсімдік болмаса, жер бетінде не болар еді?

Дәптермен жұмыс

  • 1-тапсырма: Өсімдікке қажетті жағдайларды жазу.
  • 2-тапсырма: Қай өсімдік суды көп қажет ететінін анықтау.

Тест тапсырмалары

  1. Өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайлар: жарық, ауа, су, қорек, жылу.
  2. Өсімдік: тұқымнан дамиды.
  3. Топырақ арасындағы өсімдік мүшесі: тамыр.
  4. Өсімдікке сабақ керек: тамырдан қоректік заттарды басқа мүшелерге жеткізу үшін.
  5. Құрғақ жемістерге: бидай, түйебұршақ.

Топтық жұмыс: «Ойлан әрі талқыла»

1-топ

Топырақ неліктен бұзылады?

Күтім болмауынан, сондай-ақ жаңбыр мен қар мөлшерден көп жауған жағдайда.

2-топ

Топырақты қорғау үшін не істеу керек?

Таза ұстау, құнарлылықты арттыратын жағдайлар жасау.

3-топ

Топырақ құрамына нелер жатады?

Көң, құстың саңғырығы, шымтезек, қарашірік.

Барлық топ

Топырақтың қандай түрлері бар?

Қара топырақ, сор топырақ.

Бекіту: «Құм, тас, су» ойыны

Ойын шарты:

  • «Құм» дегенде оқушылар әр жерде шашыраңқы отырып қалады.
  • «Тас» дегенде қолымен мүсін жасап, қатып қалады.
  • «Су» дегенде толқын сияқты қозғалады.

Қорытынды: «Даналық қоржыны»

Су туралы мақал-мәтелдерді құрастырып, оқып, мағынасын ашу.

1-топ

«Су — тіршіліктің көзі»

2-топ

«Судың да сұрауы бар»

3-топ

«Сулы жер — нулы жер»

Бүгінгі сабақта нені білдік?

  • Өсімдік өсуі үшін қандай қажеттіліктер бар екенін.
  • Топырақты тыңайту үшін қандай заттар қажет екенін.

Ескерту: «Толық нұсқасын жүктеу» сілтемесі бастапқы мәтінде көрсетілгенімен, бұл бетке URL берілмеген.