Кім шебер

Мектепішілік шығармашылық сайыс-сабақ

«Өнерлі болсаң, озып көр» сайыс сабағы

Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінде технология пәні мұғалімі Қосанова Жанар Тілеулесқызы ұйымдастырған бұл іс-шара оқушылардың техникалық пәннен алған білімін тәжірибемен ұштастырып, шығармашылық қабілетін ашуға бағытталды.

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Оқушылардың білім деңгейін көрсету, жетілдіру және оқу белсенділігін арттыру.

Дамытушылық

Эстетикалық талғамын ұштау, өнерге ынтасын дамыту, ұлттық мақтаныш пен сезімді ояту.

Тәрбиелік

Елін, халқын, Отанын сүюге, құрметтеуге, шеберлікке, ұқыптылық пен жауапкершілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

Көрме Слайд Конверттер Сулықтар

Кіріспе: жүргізушілер сөзі

1-жүргізуші

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі оқушылар арасындағы өнер сайысына қош келдіңіздер. Қолөнер — ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Қазақ халқы қолөнерді аса жоғары бағалаған. Баланы жастайынан өнерге баулып, жұмбақ шешкізіп, еркін ойлап, кеңінен сөйлеуге үйреткен.

2-жүргізуші

Біздің сайыс-сабағымыздың мақсаты — тіл ұстарту, ой ұштау, тапқырлық пен іскерлікке баулу. Құрметті ұстаздар, жанкүйерлер, «Өнерлі болсаң, озып көр» атты сайыс сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Қатысушы топтар

«Жауқазын»

5-сынып

Қыз балалар командасы.

«Бәйшешек»

6-сынып

Қыз балалар командасы.

«Қызғалдақ»

7-сынып

Қыз балалар командасы.

Ескерту

Сайыс барысында топтардың өнері мен білімі әділқазылар алқасы тарапынан бағаланды.

Сайыс кезеңдері

  1. 1

    Сәлемдесу

    Топты таныстыру, эмблема ұсыну.

  2. 2

    Сұрақ-жауап

    Білімді тексеру кезеңі (әр дұрыс жауапқа 1 ұпай).

  3. 3

    Өз өнері

    Әр топ өз өнерін көрсетеді.

  4. 4

    Мақал-мәтел

    Конверттегі мақал-мәтелдің жалғасын табу (әр дұрыс жауапқа 1 ұпай).

  5. 5

    «Кім шебер?»

    Сулықтарды бүктеу және олардан бұйым жасау.

  6. 6

    Үй тапсырмасы

    Қолөнер бұйымдарын таныстырып, қорғау.

  7. 7

    «Кім жылдам?»

    Топ басшылары 2 минут ішінде берілген көкөністерді аршиды.

  8. 8

    Сән үлгісі

    Қыздар сән үлгісін көрсетеді.

Білім сайысы: сұрақтар

Бұл кезеңде топ мүшелері сұрақтарға жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

  • 1) Шашқа тағылатын қазақы әшекей?

    Жауабы: шашбау.

  • 2) Тігін машинасының ең алғашқы жобасын кім ұсынды?

    Жауабы: Леонардо да Винчи.

  • 3) Мойынға тағылатын әшекей?

    Жауабы: алқа.

  • 4) Қазақы мата атаулары?

    Жауабы: барқыт, борлат, бөз, бәтес, шибарқыт, шыт, жібек.

  • 5) Қазақтың дәстүрлі ет тағамдары?

    Жауабы: қазы, қарта, жал, жая, сірне, шұжық.

  • 6) Жібек мата неден алынады?

    Жауабы: тұт құртының қуыршағынан.

Мақал-мәтелдер қоры

Бұл кезеңде қатысушылар конвертке салынған мақал-мәтелдердің жалғасын табады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

Ою ойғанның ойы ұшқыр.

Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын.

Ер қадірін ер білер, зер қадірін зергер білер.

Қолөнері — кілемде, сөз өнері — өлеңде.

Шешеннің сөзі мерген, шебердің көзі мерген.

Қыз көркі — кестесімен.

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Шебердің қолы — алтын.

Бүгінгі істі ертеңге қалдырма.

Қорытынды және марапаттау

Құрметті көрермендер мен қатысушылар, жалпы ұпай саны есептеліп, жеңімпаз топты марапаттау үшін сөз әділқазыларға берілді.

Жүргізуші қорытындысы

Сіздер шебер, іскер әрі қиыннан қиыстырар тапқыр оқушылардың өнерін тамашаладыңыздар. Өнер — құдіретті күш, адамның жан серігі, рухани байлығы. Жеңіс кез келгенге бұйырмайды: талапты, өнерлі оқушы еңбегімен дараланып, биікке көтеріледі. Талант пен өнердің шыңы — дарындылық. Осындай сайыстарға жиі қатысып, талаптарыңыз талмай, дарындарыңыз арта берсін!

Мұғалімнің тілегі

Халқымыздың қолөнері өрістей берсін. Алла әрқашан берекесін берсін. Осылайша сайысымыз өз мәресіне жетті — өнерлі жастарымыз өсіп-өнсін!