Жұп балықтар

Сабақ тақырыбы

Балықтар жоғары класы.

Сабақ мақсаты

Оқушыларды балықтардың сыртқы және ішкі құрылысы, олардың сулы ортада тіршілік етуіне байланысты биологиялық ерекшеліктерімен таныстыру; сондай-ақ шеміршекті балықтарға тән негізгі белгілерді меңгертуге жағдай жасау.

Сабақтың әдістері

  • «Оқыту мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының стратегиялары.

Көрнекіліктер мен ресурстар

  • Оқулықтағы суреттер
  • Аквариумдағы балықтар
  • Ылғалды препараттар
  • Балық қаңқасы және жеке мүшелер жүйесінің сызбанұсқалары
  • Қазақстанның Қызыл кітабы (1996)
  • Т. Сұлтанқұлов: «Хайуанаттар тіршілігінің ғажайыптары»

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығын тексеру.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

2) Жаңа білімді игеруге дайындық

Оқушылар қолдарындағы геометриялық фигураларға сәйкес топтарға бөлінеді. 4 оқушыдан 4 топ құрылады: 1-топ, 2-топ, 3-топ, 4-топ.

3) Жаңа сабақ: «Балықтар жоғары класы»

I. Қызығушылықты ояту

Өлеңдегі жасырын сөзді табу арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады:

Қанаты бар, ұшпайтын,
Сусыз жерде тұрмайтын.
«Өзен жағалағанның өзегі талмас» деген халық.
Желбезекпен тыныс алатын ол...

Оқушылар жасырын сөздің «балық» екенін анықтайды. Одан кейін қысқаша видеофильм көрсетіледі.

Қолданылатын стратегия: «Топтастыру».

II. Мағынаны ажырату

Қолданылатын стратегия: «ЖИГСО».

Тапсырма №1

  1. Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласын атаңдар.
  2. Балықтардың денесі қандай бөлімдерден тұрады?
  3. Балықтарда қандай жүзбе қанаттар болады, олардың қызметі қандай?

Тапсырма №2

  1. Шеміршекті балықтардың сыртқы құрылысына тән белгілерді сипаттаңдар.
  2. Шеміршекті балықтардың қаңқасы қандай бөлімдерден тұрады?
  3. Шеміршекті балықтардың ас қорыту және тыныс алу жүйесін сипаттаңдар.

Тапсырма №3 — Сәйкестендіру

Нысан Сипаттама
1) Акула c) Субтропикалық, тропикалық белдеулердегі теңіздерде кездеседі.
2) Жұп балықтар b) Баренц теңізінде мекендейді.
3) Тұтасбастылар a) Электр қуатын шығаратын мүшесі болады.

Қандауырша мен шеміршекті балықтардың құрылыс ерекшеліктерін салыстыру үшін кесте толтырыңдар: төменде берілген белгілердің сәйкес реттік нөмірін әр жануардың тұсына жазыңдар.

Белгілер Қандауырша Акула
1 Қанайналым шеңбері — біреу.
2 Терісінің сыртында жұқа сірқабық болады.
3 Таспа тәрізді жұп бүйрегі бар.
4 Қан тарату жүйесі тұйық.
5 Миы бес бөлімді.
6 Сырттай ұрықтанады.

Тапсырма №4 — Талқылау

  1. «Балықтың жаны — суда», «Өзен жағалағанның өзегі талмас» мақал-мәтелдерінің мағынасына талдау жаса.
  2. Еліміздегі балық шаруашылығының маңызы қандай? Ойыңды дәлелдермен негізде.

III. Ой толғаныс

Берілген тапсырмалар бойынша әр топ өз жұмысын сызбанұсқа немесе жоба түрінде қорғайды.

Рефлексия

Төмендегі кестені толтырыңдар:

Нені білдім Нені үйрендім Нені білгім келеді

Бағалау

Оқушылардың топтық жұмысқа қатысуы, жауаптарының дәлелділігі және тапсырмаларды орындау сапасы бойынша бағалау жүргізіледі.

Үй тапсырмасы

Параграф 51 — оқу, қосымша ізденіс жұмысы.