Қайырлы күн деп айтамыз, Түсте бірге қайтамыз
Ұйымдастыру кезеңі
Қайырлы күн деп айтамыз,
Түсте бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтсін күніміз.
Өткен сабақты тиянақтау
Жұмбақ 1
Көрмедім еш үйіңді,
Қолданбас бұл бұйымды.
Жазып қыртыс-тыртысын,
Жаңалайды киімді.
Жұмбақ 2
Күндіз соқыр, ол не деген?
Түнде қандай көреген!
Жұмбақ 3
Баласын ертіп соңынан,
Сүңгіп, жүзіп үйретті.
Су жұқпайды тонына,
Кім білмейді…
Логикалық сұрақ
Алдыда бір үйрек, артта бір үйрек, ортада бір үйрек. Барлығы неше үйрек?
Әріп пен дыбыс
Егіз десек — екінші,
Сегіз десек — үшінші.
Бұл қайсы әріп екенін,
Өзің қарап түсінші.
Жұмбақ 4
Аналарға сыйлайтын,
Аралар бал жинайтын.
Бұл немене, балалар,
Үзуге адам қимайтын.
Сабақтың тақырыбы
Бүгінгі сабақтың тақырыбы:
Г дыбысы мен әрпі
Сергіту жұмысы
Қуыр, қуыр, қуырмаш,
Тауықтарға бидай шаш.
Әй, әй, балақан,
Жамандықтан қаш.