Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдеріЕндігі беталысКірді ғой түстен кейін тентек ақылы, Сертімнің бұл өмірлік ең ақыры

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдері

Ендігі беталыс
Кірді ғой түстен кейін тентек ақылы,
Сертімнің бұл өмірлік ең ақыры:
Адам — құл өзін жеңіп ұстамаған
Деген бір Сократтың бар нақылы.
Тұрмысты үмітім көп жеңем деген,
Жігермен жеңуіме сенем деген.
Ырқыма менің жүрер қай дүние,
Көнбесе өз ырқыма өзім денем?
Әрине, шыдар - ақпын өлуге мен,
Баспасын жаман жолға көнуге мен.
Ақтармын оқып - жетіп адам атын,
Басқаға жоқ ықылас бөлуге мен.
Менде жоқ қажу деген, ашу деген,
Тарығып болымсызға жасу деген.
Ісіне құрт құмырсқа ілтипатсыз
Ойымда тек сол белден асу деген.
Шындықтың аулын іздеп түстім жолға,
Разымын не көрсем де осы жолда.
Шаршармын, адасармын, шалдығармын,
Бірақ, бір табармын деп көңілім сонда.
Достарым, оған шейін асықпаңдар,
Алдында әлі ататын жарық таң бар,
Тез уақыт жердің жүзі бір түрге енер,
Түбінде, замандастар, осымды аңғар.

ШҚО Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
10 сынып оқушысы Сағындықова Назерке



Ұқсас жұмыстар

Сұлтанмахмұт Торайғыров - алдымен мінез
Cұлтанмахмұт Торайғыровтың ағартушылық идеясы
Сәбит Дөнентаев өлеңдерінің құрылысы
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы
С. Торайғыровтың лирикасы
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармалары
Ақын туралы бірер сөз (С.Торайғыров)
Сұлтанмахмұт Торайғыров романдары мен өлеңдері
С.Торайғыровтың шығармалары
Алаштың алдаспаны
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
ТҮМЕН ҰЛЫ МҮДЕ ҚАҒАН
ҚР қоғамдық жаңа даму кезеңінде жоғары білім беру
Коммерциялық ақпарат пен коммерциялық кұпия мәні және оны қорғау
Диалектика — даму мен ең жалпы байланыс жөніндегі ілім
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар
Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс,бұлардың кейнстік үлгісі
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi
Бухгалтерлік есептің концепциялары мен принциптері
Екінші деңгейлі банктеріндегі валюталық операциялар