Шаян - Шаян сөзінде таныс емес қандай дыбыс естіп тұрсыңдар

Сауат ашу (1-сынып)

Тақырыбы: «Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Я я әрпі»

Мақсаты

  • «Я» дыбысымен таныстыру, «я» дыбысы бар сөздермен жұмыс жасау.
  • Иллюстрация бойынша сұрақ қоя білу және оқыған мәтін бойынша қойылған сұраққа мұғалім көмегімен жауап беру.
  • Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес және көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату.

Сабақтың түрі мен әдісі

Түрі: Жаңа сабақ

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекілігі

  • Суреттер
  • «Я» дыбысының жазба және баспа түрі

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сәлемдесу
  2. Оқушыларды түгендеу
  3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Психологиялық дайындық

Қайырлы таң, ашық аспан,

Қайырлы таң, менің мектебім.

Қайырлы таң, менің сыныбым,

Қайырлы таң, менің достарым.

II. Қайталау

Біз әрқашан көңіл-күйіміздің көтеріңкі болғанын қалаймыз. Көңілімізді кірбің шалмасын, аспандағы күніміз де әрдайым жарқырап тұрсын. Бірақ бүгін күннің бетін бұлт торлапты. Күн көзін ашу үшін бұлттардың артындағы сұрақтарға жауап берейік.

  1. Әріп дегеніміз не?
  2. Дыбыс дегеніміз не?
  3. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
  4. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын қандай дыбыс?

III. Жаңа сабақ

Бүгін ұлттық кейіпкерлер туралы білімімізді толықтырамыз және «я» дыбысымен танысамыз.

Сұрақ-жауап

  • Бұл не? — Шаян.
  • «Шаян» сөзінде таныс емес қандай дыбыс естіліп тұр?

«Я» дыбысы туралы

  • «Я» — дауысты дыбыс.
  • «Я» дыбысы й + а дыбыстарының қосындысынан тұрады.
  • Ол «я» әрпімен таңбаланады.

Оқу дағдысы

  • Сөздерді буындап немесе тұтас оқиды.
  • Мәтінді түсініп оқиды.

№1 тапсырма

«Алдар көсе мен бай баласы» ертегісін оқу.

  • Мәтінді қатесіз оқиды.
  • Мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.
  • «Я» дыбысы бар сөздерді тауып, дыбыстық талдау жасайды.

№2 тапсырма

Берілген сөзге мағынасы қарама-қарсы сөзді тап:

Баяутез

Сергіту сәті

«Қоян» қимыл-қозғалыс ойыны.

№3 тапсырма

«Мысық неге мияулайды?» тақырыбында қысқаша әңгімелеу.

Оқушылар мысықтың неге мияулайтынын өз сөздерімен түсіндіреді.

Дәптермен жұмыс

  • «Я» дыбысын жазу.
  • «Я» дыбысы бар сөздерді жазу.

VII. Қорытынды

  1. Бүгінгі сабақта қай әріппен таныстық?
  2. «Я» дыбысы қандай дыбыс?
  3. «Я» дыбысы бар қандай сөздерді білесіңдер?

VIII. Кері байланыс

Сабақ ұнаса — «Я» әрпін жасыл түске бояңдар. Мұғалімнің көмегі қажет болса — сары, ал сабақ ұнамаса — қызыл түспен бояңдар.

Жасыл

Сабақ ұнады

Сары

Көмек қажет

Қызыл

Сабақ ұнамады