Ешкі ана
Ортаңғы топтарға арналған сценарий
Тақырыбы: «Айналайын, ақ анам!»
Бұл ертеңгілік балаларға көктемнің ерекшеліктерін таныстырып, 8 наурыздың бүкіл дүниежүзілік мереке екенін түсіндіруге бағытталған. Сонымен қатар отбасыдағы ананың орны ерекше екенін ұғындырып, анаға құрмет көрсетудің маңызын сезіндіреді.
Мақсаты (білімділік)
- Балаларға көктем туралы мағлұмат беру.
- 8 наурыз — бүкіл дүниежүзілік мереке екенін түсіндіру.
- Отбасыдағы ананың орны мен анаға деген құрметтің ерекше екенін ұғындыру.
- Ана мен бала арасындағы байланысты әр жанр арқылы көрсету: театр қойылымы, мақал-мәтел, өлең, ән.
Мақсаты (дамытушылық)
- Көктем құбылыстарын және анаға қалай көмектесетінін өз ойымен жеткізіп, байланыстырып сөйлеуге талпындыру.
- Сөздік қорын жетілдіру, ойын арқылы ой-өрісін дамыту.
- Қолайлы орта құру арқылы қызығушылық пен белсенділікті арттыру, көңіл күйді көтеру.
- Инклюзивті әлеуметтік стратегия бойынша жасқаншақ, ұялшақ баланы ортаға тарту және ілтипатпен қолдау.
Мақсаты (тәрбиелік)
- Отбасыға, туыстарға мейірімділік пен қамқорлыққа баулу.
- Кішіпейілділікке, адамгершілік құндылықтарына тәрбиелеу.
- Достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
- Эстетикалық талғамын арттырып, әдемілікті сезіне білуге үйрету.
Керекті құралдар
Театр қойылымы
«Жеті лақ» ертегісі бойынша қойылым.
Рөлдер:
- Ешкі ана
- Қасқыр
- Жеті лақ (балалар)
Кіріспе:
Балалар сазды әуенмен залға кіреді. Жарты шеңбер болып тұрады.
Жүргізуші сөзі
Ананың мейірімі мен мерекенің мәнін ашатын поэзиялық кіріспе.
Ана десем, сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық.
Ана десем, шешек атып жанары,
Өмірімнің бастау алар жанары.
Ана деген тіршілікте пана болып,
Әрбір үйде жұлдыз боп жанады.
Құтты болсын 8 наурыз мерекеңіз!
Үйіңізде болсын бақыт пен береке!
Ана туралы тақпақтар
Балалардың орындауындағы өлең жолдары
Назерке
Ананың біз гүліміз,
Ана — біздің күніміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз!
Нұрислам
Мерекесі бүгін алтын анамның,
Сыйлайыншы гүлін жарқын даламның.
Күлімдеген көзі күннің нұрындай,
«Ұлым» деген сөзі ақын жырындай.
Айнель
Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады.
Сен деп жаздым алғашқы әнді.
Қуандым да, өзің бар деп шаттандым,
Жанарыңнан көрдім алғашқы аспанды.
Еркелесем — бір өзіңе еркелеп,
Бір өзіңмен шаттанам.
Расул
Айналайын анашым — әлемдегі жан асыл,
Болса маған не керек, бәрін іздеп табасың.
Айналайын анашым — асқар таудай панасың,
Күн көзіндей күлімдеп, құшағыңа аласың.
Ерқанат
Жыл басы — Наурыз мереке,
Ақ нұрға әсем боянды.
Аналар тойы — береке,
Тіршілік жаңа оянды.