Төмендегі есімді тіркестердің басыңқы сыңарларын пайдаланып, оларды етістікті тіркестердің бағыныңқы сыңарына айналдыр
Сабақ тақырыбы
Сөз тіркесі, күрделі сөздер және тұрақты тіркестер.
Сабақ түрі
Дәстүрлі емес.
Сабақ типі
Жаңа білімді меңгерту.
Құрал-жабдық
Кеспе қағаздар, слайдтар.
Сабақтың мақсаты
Тәрбиелік
Ұйымшылдыққа, өзара көмекке үйрету және табиғатты қорғауға баулу.
Білімділік
Сөз тіркесі, күрделі сөз және тұрақты тіркестердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата білу.
Дамытушылық
- Байқау және ойлау қабілеттерін жетілдіру.
- Өздігінен іздену дағдыларын қалыптастыру.
- Салыстырылатын тілдік бірліктердің ортақ белгілері мен өзіндік айырмашылықтары туралы қорытынды жасай алу.
- Ойды дұрыс әрі жүйелі жеткізуге баулу.
- Шығармашылық белсенділіктің артуына жағдай жасау.
Әдістер мен технология
Сабақ әдістері
Қолданылған технология
Б. С. Блум таксономиясы.
Сабақ кезеңдері
-
I. Ұйымдастыру
Амандасу, түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
-
II. Үй тапсырмасын тексеру
Алдыңғы тақырып бойынша білім деңгейін анықтау.
-
III. Жаңа сабақ
Тапсырмалар арқылы жаңа білімді меңгерту және бекіту.
Тапсырмалар жүйесі (Блум таксономиясы)
1) Анықта, айыра біл
Төмендегі мысалдардан тек сөз тіркестерін теріп жазыңыз:
2) Еске түсір
1-блок: Сөз тіркесі
- Сөз тіркесі дегеніміз не?
- Сөз тіркесін грамматиканың қай саласы зерттейді?
- Сөз тіркесіне қандай белгілер тән?
- Басыңқы сыңар дегеніміз не?
- Бағыныңқы сыңар дегеніміз не?
2-блок: Күрделі сөз
- Күрделі сөз дегеніміз не?
- Күрделі сөздердің қандай түрлері бар?
- Күрделі сөздер қандай тәсілдер арқылы жасалады?
3-блок: Тұрақты тіркес
- Тұрақты тіркес дегеніміз не?
- Тұрақты тіркестерді тіл білімінің қай саласы зерттейді?
- Тұрақты тіркестер сөйлем мүшесі қызметін атқара ма?
3) Айналдыр
Төмендегі есімді тіркестердің басыңқы сыңарын пайдаланып, оларды етістікті тіркестің бағыныңқы сыңарына айналдырыңыз. Тапсырма жазбаша түрде тақтада орындалады.
- Менің отбасым
- Берік достық
- Көне қала
- Суық жел
- Бес кітап
- Оның екеуі
- Жайнаған бақ
4) Басқа түрде жаз
Төмендегі тұрақты тіркестерді мағынасы жағынан жақын сөздермен ауыстырыңыз. Жұмысты жазбаша түрде дәптерде орындаңыз.
1. Ауладағы дәу төбетті көрген Асанның екі көзі шарасынан шықты.
Бағыт: қорқу
2. Жиналысқа келген адамдар өте көп болды, мәжіліс залында ине шаншар жер жоқ.
Бағыт: тығыз, толық
3. Бөлменің іші көзді ашып-жұмғанша құлаққа ұрған танадай бола қалды.
Бағыт: тез, тыныш
4. Жұмған аузын ашпаған Темірлан іштей бармағын тістеп
Бағыт: үндемеу, өкіну
5. Ақырында Дарын Азатты күтпеген жерден мұзға отырғызып
Бағыт: алдау