Сабақтың формасы
Сабақтың тақырыбы
WordPad мәтіндік бағдарламасымен практикалық жұмыс.
Сабақтың мақсаты
-
Білімділік
Оқушыларға WordPad мәтіндік бағдарламасының мүмкіндіктерін практика жүзінде орындату, білімдерін бекіту.
-
Дамытушылық
Пәнге қызығушылығын арттыру, танымдық қабілеттерін дамыту.
-
Тәрбиелік
Компьютерлік сауаттылыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, өз бетінше жұмыс істеуге, өзін-өзі бағалауға, шығармашылыққа баулу және эстетикалық талғам қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі
Компьютер, интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар, оқушының жеке бағалау парағы.
Сабақтың форматы
- Түрі:
- Практикалық, пысықтау.
- Типі:
- Іскерлік пен дағдыны жетілдіру.
- Әдісі:
- Саралап-деңгейлеп оқыту, сұрақ-жауап.
- Формасы:
- Жеке жұмыс.
- Пәнаралық байланыс:
- Қазақ тілі, бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
-
Сәлемдесу
-
Оқушыларды түгендеу
-
Оқу құралдарын тексеру
-
Назарды сабаққа аударту
II. Деңгейлік тапсырмалар
Саралап-деңгейлеп оқыту технологиясы бойынша
I деңгей — Білімімізді тексерейік
Тест-
1) Windows операциялық жүйесі орнатылған кезде «Стандартты» тобына автоматты түрде орналастырылатын бағдарламаларды атаңыз:
- A) WordPad, Paint, Калькулятор, Блокнот, Ойындар (Games)
- B) WordPad, Paint, Калькулятор, Блокнот, Мультимедиа
- C) WordPad, Paint, Калькулятор, Блокнот
- D) WordPad, Paint, Калькулятор, Блокнот, Microsoft Word
-
2) WordPad мәтіндік редакторы қалай іске қосылады?
- A) Бас мәзір: Бағдарламалар → Қалыпталған → WordPad
- B) Сілтеуіш (Проводник) терезесінде Windows бумасындағы Write белгішесін екі рет шерту арқылы
- C) «Менің компьютерім» арқылы Windows → Бас мәзір → Бағдарламалар → Қалыпталған → WordPad
- D) «Орындау» (Run) терезесіне wordpad деп теріп, іске қосу арқылы
-
3) WordPad бағдарламасының қызметі туралы дұрыс емес жауапты көрсетіңіз:
- A) Өлшеміне шек қойылмайтын құжаттық файлдар құру және оларды оқу, өңдеу
- B) .txt және .doc файлдармен жұмыс істеу және оларға стиль құру
- C) Мәтіндік құжаттарды және Блокнотта жазылған мәтіндерді форматтау
- D) Көп терезелі режимде жұмыс істеу
-
4) WordPad редакторында мәзір қатарындағы командалар тізімінің дұрыс нұсқасын көрсетіңіз:
- A) Файл, Түзету, Түр, Енгізу, Формат
- B) Файл, Түзету, Түр, Енгізу, Анықтамалық
- C) Файл, Түзету, Түр, Анықтамалық
- D) Файл, Түзету, Енгізу, Формат
-
5) WordPad-та жазылған құжатты файлға қалай сақтауға болады?
- A) Файл → Сақтау (Save) командасын орындау арқылы
- B) Басқа атпен сақтау үшін: Файл → Басқа атпен сақтау (Save As)
- C) Саймандар тақтасындағы «Сақтау» батырмасын шерту арқылы
- D) Бағдарлама терезесін жабу кезінде шыққан терезеде «Иә» (Yes) батырмасын шерту арқылы
II деңгей — Біз мәтін жаза аламыз
Практика- WordPad бағдарламасын іске қосыңыз.
- Қазақша қаріп түрін таңдап, қаріп өлшемін 16 етіп қойыңыз.
-
Төмендегі мақалдарды мағынасын сақтай отырып, сауатты жазыңыз:
- 1) Білім басы — зейнет, соңы — бейнет.
- 2) Білімдіге күні жарық, білімсіздің күні кәріп.
- 3) Өнер — жанып тұрған бұлақ, ілім — ағып жатқан шырақ.
- Мақалдардың барлығын белгілеп, мәтінді ортаға туралаңыз.
III деңгей — Біз сурет саламыз
Paint + WordPad- Paint графикалық бағдарламасын іске қосыңыз.
- Жұмбақтың шешуін тауып, суретін салыңыз және түрлі түстермен бояңыз.
-
Жауабын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазыңыз:
1) Жұмбақ
Ұшымен қазық, тор көзді жазық. Үстіне өттім, асыл сөз жазып. Бұл не?
Жауабы: Дәптер
2) Жұмбақ
Күміс алмұрт тілі бар, сыңғырлаған үні бар. Шақыратын білімге, сағаты бар, күні бар. Бұл не?
Жауабы: Қоңырау
- Салынған суретті Көшіру (Copy) командасы арқылы WordPad бағдарламасына енгізіңіз.
- Құжатты «Білім» атауымен сақтаңыз.
IV деңгей — Шығармашылық деңгей
ШабытWordPad бағдарламасын іске қосып, «8 наурыз — Халықаралық аналар мерекесі» тақырыбына сурет енгізіңіз. Кейін эссе немесе өлең құрастырып жазыңыз.
Сабақты қорытындылау және бағалау
Әр оқушының деңгейлік тапсырмалар бойынша жинаған ұпайы жеке бағалау парағы арқылы есептеледі. Нәтижесіне қарай білім деңгейіне сәйкес бағаланады.
Ескерту
Бағалауда дәлдік пен әділдік сақталады: тапсырма орындалуы, сауаттылық, ұқыптылық және уақытты тиімді қолдану ескеріледі.
Үй тапсырмасы
WordPad мәтіндік бағдарламасымен практикалық жұмыс жасау.
- 1) WordPad-та мәтін теріп, қаріп пен туралауды қолданыңыз.
- 2) Құжатты дұрыс атаумен сақтап, келесі сабаққа дайындап келіңіз.