Бауыржан Ретбаевтың Қазір айтшы Бүгін бармыз ертең жоқ, Бүгін отпыз ертең шоқ



Бауыржан Ретбаевтың "Қазір айтшы"

Бүгін бармыз ертең жоқ,
Бүгін отпыз ертең шоқ.
Арманға бірге жетерміз,
Кемемде тұрсаң желкен боп.
Айтшы бәрін жасырма,
Сол үшін келдім қасыңа.
Сезімің тұрса тұншығып,
Босатып жібер қысылма.

Қайырмасы:
Қазір айтшы маған шыныңды,
Қазір айтшы жаным сырыңды,
Сүйемін десең жүрекпен,
Дүрсілдеп жатқан, соққан тыңдат үніңді

Қазір айтшы маған бәрін де,
Қазір айтшы сүйем жаным , - деп.
Кешігіп жаным жүрмеші
Махаббат орнын, жолын көрсең әнімде.

Табиғат бүгін ашылса,
Жабады бұлтпен қабағын.
Көңілің сөзбен басылса,
Жадырай ма екен жанарың?
Жауабын тапсаң сұрақтың,
Ертеңге жаным қалдырма.
Көзін аш көрсең бұлақтың.
Өзекті текке жандырма.

Қайырмасы:
Қазір айтшы маған шыныңды,
Қазір айтшы, жаным, сырыңды
Сүйемін десең жүрекпен,
Дүрсілдеп жатқан, соққан тыңдат үніңді.

Қазір айтшы маған бәрін де,
Қазір айтшы сүйем жаным , - деп.
Кешігіп жаным жүрмеші
Махаббат орнын, жолын көрсең әнімде



Ұқсас жұмыстар

Тимур және оның командасы
Өлеңдер жинағы
АБАЙ ЖОЛЫ
Қазақ журналистикасындағы шешендік сөз бен шешенсөз
Балалардың сүйікті жыршысы
Тұлғаның өтірік айту мотиві
Ақиқат пен аңыз - повест
Қазіргі қазақ поэзиясының даму барысы
Ақ ниетпен хат жаздым, ата, сiзге… (бауыржан ата рухымен сырласу)
Отаншылдық дәстүрдің қалыптасуы мен дамуы
Қазіргі дүниежүзінің саяси картасы
Салық жүйесі және оның қазіргі кездегі қызмет етуі
Оңтүстік Қазақстан облысындағы несие нарығының қазіргі жағдайын талдау
Ақшаның қызметтерi және олардың қазiргi жағдайдағы дамуы
Бәсекеге қабілетті экономиканың системасын қазіргі заманға концепция бойынша құру және іске асыру
УӘЛИХАНОВ ШОҚАН ШЫҢҒЫСҰЛЫ туралы
ШОҚАЙҰЛЫ МҰСТАФА
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ туралы жайлы
Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының бюджет саясатының беталысы .
ШОҚАН УӘЛИХАНОВ