Көмектес септік

Сабақ туралы мәлімет

Тақырыбы

Көмектес септік (4-сынып)

Сабақ типі

Аралас

Сабақ әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Өзіндік жұмыс
  • Топтық жұмыс

Көрнекіліктер

  • Слайд
  • Кесте

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға көмектес септіктің атау тұлғадағы сөзге -мен, -бен, -пен жалғаулары жалғану арқылы жасалатынын түсіндіру.

Көмектес септігіне қойылатын сұрақтармен таныстыру: Кіммен? Немен? Кімдермен? Нелермен?

Есте сақтайық

Сұрақтары
Кіммен? Немен? Кімдермен? Нелермен?
Жалғаулары
-мен, -бен, -пен

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Шеңбер құрып, бір-бірімізге жақсы көңіл күй сыйлайық. Көңіл күйіміз жақсы болса, кез келген қиындықты оңай жеңеміз.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  • 73-жаттығу
  • Кестемен жұмыс
  • Ережені жатқа айту

III. Жаңа сабақ түсіндірмесі

1) Доп арқылы оқушыны ортаға шақыру

Бекзат Қуандықпен доп ойнады.

Малика Алишермен доп ойнады.

Сұрақ:

Бұл сөйлемдерде балалардың аты қай септікте тұр?

2) Оқулықпен жұмыс (80-жаттығу)

80-жаттығудағы қарамен жазылған сөздерді талдау арқылы көмектес септік туралы қорытынды жасаймыз.

  • Көмектес септіктегі сөздерді табу
  • Ережені жатқа оқу
  • Өз мысалдарыңды келтіру

3) Дәптермен жұмыс

Күн реті және каллиграфиялық минут

Кккк қққққ

Кітап, көмек, керек, қырық, қыс

Көмектес септік сұрақтары мен үлгілері

  • Кіммен? Немен? — мұғаліммен, кітаппен
  • Кімдермен? Нелермен? — мұғалімдермен, кітаптарпен

Ескерту: көптік жалғауынан кейін көмектес септік жалғауы жалғанады.

4) Жаңа тақырыпты пысықтау

I топ

81-жаттығу

Сөздерді талдау арқылы көмектес септік туралы түсінікті бекіту.

  • Сөйлем мүшесіне талдау
  • Мақалдың мағынасы неде?
  • Қай сұраққа жауап береді?
  • Зат есім қай септікте тұр?

II топ

82-жаттығу

Адасқан сөздерді өз орнына қойып, сөйлем құрау.

  • Қай сұраққа жауап береді?
  • Зат есім қай септікте тұр?

IV. Сергіту сәті

I топ

83-жаттығу

Сөйлемдерді көшіріп жазып, сөйлем мүшелеріне талдау жасау.

Сөйлем мүшесі Сөз
Бастауыш Оқушылар
Баяндауыш тыңдады
Тұрлаусыз мүшелер сабақты, зор ықыласпен

Талдауға арналған сөйлем:

Оқушылар сабақты зор ықыласпен тыңдады.

II топ

84-жаттығу

Мәтінді оқып, көмектес септікте тұрған сөздерді табу және олардың көмектес септікте екенін дәлелдеу.

  • Қай сұраққа жауап береді?
  • Зат есім қай септікте тұр?
  • Сөйлем мүшесіне талдау

Дәлелдеу үлгісі

Бұл — көмектес септіктегі сөз, өйткені кіммен? немесе немен? сұрағына жауап береді және сөйлемде көбіне тұрлаусыз мүше қызметін атқарады.

V. Өздік жұмыс

«Септік кестесін» пайдаланып, сөздерді септеңдер және мысал келтіріңдер.

I топ

«Кім?» сұрағына мысал келтір.

II топ

«Не?» сұрағына мысал келтір.

Мектеп туралы ақпарат

Орналасқан жері
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Құрылыс ауылы
Мектеп
Ақжар негізгі мектебі
Мұғалім
Балтабаева Галия Кабдугалиевна