Немересі неше жаста
Сабақ туралы мәлімет
- Сабақтың тақырыбы
- Математикалық сайыс. «Шоқ жұлдыздар»
- Сабақтың мақсаты
- Оқушыларды сайыс арқылы жарыстыра отырып, логикалық ойлау қабілетін және ой-өрісін дамыту; белсенділігін арттыру; математикаға қызығушылығын күшейту; әдептілікке, ұйымшылдыққа және көпшілік алдында өзін дұрыс ұстай білуге тәрбиелеу.
- Сабақ түрі
- Сайыс сабақ
- Көрнекілік
- Интерактивті тақтадағы сайыс жүйесі, «Жауапқа әзірміз» белгісі.
Сабақ барысы
-
1
Ұйымдастыру
Оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру, ойын ережелерін түсіндіру.
-
2
Оқушыларды 3 топқа бөлу
-
1-топ
Жүйріктер
-
2-топ
Ұшқырлар
-
3-топ
Тапқырлар
Құрметті оқушылар, «Шоқ жұлдыздар» атты ойынымызға қош келдіңіздер! Бұл сайыста алған біліміміздің деңгейін көрсетіп, тақырыптарды қаншалықты меңгергенімізді дәлелдеуге тиіспіз.
Қосымша тапсырма: сарапшыларды сайлау.
-
1-топ
1-кезең: «Кім жылдам?»
Ойынның шарты
- Әр топқа 10 сұрақтан беріледі.
- Дұрыс әрі жылдам жауапқа 1 ұпай беріледі.
- Жылдамдық қосымша ескеріледі.
Сұрақтар мен жауаптар
Төменде әр топқа арналған 10 сұрақ және күтілетін жауаптар берілген.
1-топ: Жүйріктер
10 сұрақ
-
Ең кіші натурал санды ата.Жауап: 1
-
Масса бірліктерін ата.Жауап: г, кг, ц, т
-
Қосылғыштардың орны ауысқаннан кейін не өзгереді?Жауап: қосындының мәні өзгермейді
-
Уақытты қалай табамыз?Жауап: t = S / V
-
«Әлемнің екінші ұстазы» атағын алған ғұлама кім?Жауап: Әл-Фараби
-
990 : 3Жауап: 330
-
Екі нүктені қосқанда не пайда болады?Жауап: кесінді
-
222 × 3Жауап: 666
-
Миллионда неше нөл бар?Жауап: 6
-
Баласы 6 жаста, ал анасы одан 36 жас үлкен. Анасы неше жаста?Жауап: 42
2-топ: Ұшқырлар
10 сұрақ
-
1 т-да қанша кг бар?Жауап: 1000
-
Қашықтықты қалай табамыз?Жауап: S = V × t
-
Атасы 54 жаста, ал немересі атасынан 45 жас кіші. Немересі неше жаста?Жауап: 9
-
680 : 2Жауап: 340
-
Бір нүктеден басталатын сызық қалай аталады?Жауап: сәуле
-
Ауданы 25 см² болатын шаршының қабырғасы неге тең?Жауап: 5
-
3³ нешеге тең?Жауап: 27
-
Тік бұрыш қандай бұрыштан кіші?Жауап: доғал бұрыштан
-
Көлемді қалай табамыз?Жауап: V = a × b × c
-
Ең кіші үш таңбалы сан.Жауап: 100
3-топ: Тапқырлар
10 сұрақ
-
Тік төртбұрыштың қай қабырғалары тең болады?Жауап: қарама-қарсы қабырғалары
-
Шеңбер сызуға арналған құрал.Жауап: циркуль
-
Қай санға бөлуге болмайды?Жауап: 0-ге
-
Жылдамдықты қалай табамыз?Жауап: V = S / t
-
10 жылда неше ай бар?Жауап: 120
-
Ені 3 см, ұзындығы 5 см тік төртбұрыштың периметрін тап.Жауап: 16 см
-
Бүркіт 30 жыл жасайды, ал тасбақа одан 10 есе ұзақ жасайды. Тасбақа неше жыл жасайды?Жауап: 300
-
4800 : 4Жауап: 1200
-
S = a × b формуласы арқылы нені табамыз?Жауап: ауданды
-
9999-дан кейінгі сан.Жауап: 10000