Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру

Сабақ тақырыбы

Мұхтар Әуезов: «Әке арманы»

Бастауыш сынып мұғаліміне арналған әдебиеттік оқу пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар.

Жалпы мақсат

  • Автор идеясын табуға, шығармадағы негізгі ойды талдауға және өздігінен ой қосуға үйрету.
  • Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сілтеме

  • Нұсқаулық
  • Әдебиеттік оқу оқулығы

Негізгі идеялар

  • Оқушыны өз бетімен ізденуге бағыттау.
  • Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру.

Оқушылар үшін күтілетін оқу нәтижелері

Топтық жұмыс

Топпен тиімді жұмыс жасай біледі.

Өзіндік жұмыс

Өз бетімен жұмыс жасауға машықтанады.

Коммуникация

Өз пікірін еркін жеткізуге дағдыланады.

Сабақ соңында оқушылар идеяны табуды, мәтінді талдауды және тапсырмалар арқылы өздігінен ой қосуды меңгереді.

Сабақта қолданылатын ресурстар

АКТ қолдану

  • Электронды оқулық
  • Тақырыпқа байланысты суреттер
  • Кесте

Қосымша құралдар

  • Автопортрет
  • Маркер

СТО

Блум таксономиясы

Оқыту әдістері

  • Сын тұрғысынан ойлау
  • Топтық жұмыс, диалогтік оқыту
  • Интерактивті оқыту әдісі
  • Оқыту үшін бағалау

Сабақ құрылымы (Блум таксономиясы бойынша)

Білу

Үй тапсырмасын сұрақ қою арқылы тексеру. Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру.

Түсіну

Мәтін мазмұнын ашу.

Сергіту сәті

«Балалар биі» жаттығуы.

Қолдану

Шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған тапсырмалар орындау.

Талдау

Ойды дәлелдеуге негіз болатын тұжырымдар мен деректерді табуға нұсқау беру.

Жинақтау

Алған білімді өмірмен байланыстыра отырып қорытынды жасау.

Бағалау

Ойды жинақтау дағдысын қалыптастыру, ізденімпаздыққа бағыттау және оқу жетістігін бағалау.

Материал

Мұхтар Әуезовтің «Әке арманы» шығармасы (жүктеу).