Паскаль тілінде программаның сипаттау бөлімінің құрылымы

Ақтөбе қаласы

№33 қазақ орта жалпы білім беру мектебі

Физика және информатика пәні мұғалімі: Жугинисова Айгерим Сагиндиковна

Сабақтың тақырыбы

Паскаль тілін қайталауға арналған практикалық сабақ

Сынып

9

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың Паскаль тілінен алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық

Бағдарламалау тілінде жұмыс жасай білу дағдыларын, ойлау қабілетін, өз білімін сауатты жеткізе білуді және пәнге қызығушылықты дамыту. Пәнаралық байланысты нығайту.

Тәрбиелік

Жауапкершілікке, бағдарлама құруда ұқыптылыққа баулу; өзара көмектесуге және бір-бірін бағалауға тәрбиелеу.

Сабақ туралы қысқаша

Сабақтың типі
Практикалық сабақ
Сабақтың түрі
Топтық және жекелей жұмыс
Әдіс-тәсілдер
Практикалық жұмыс, деңгейлеп оқыту технологиясы

Ресурстар және байланыстар

Көрнекіліктер

  • Компьютер
  • АКТ құралдары
  • Деңгейлік тапсырмалар
  • Бағалау парақтары

Пәнаралық байланыс

  • Математика
  • Ағылшын тілі

Сабақтың жоспары

  1. 1) Ұйымдастыру

    Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

  2. 2) Практикалық бөлім

    Сабақ бірнеше бөлімнен тұрады. Әр партаға бағалау парағы таратылады, оқушылар бір-бірінің бағасын белгілеп отырады.

  3. 3) Сабақты бекіту

    Шығарылған есептер негізінде Паскаль операторларына қысқаша түсіндірме беру.

  4. 4) Қорытындылау

    Сұрақ-жауап арқылы қорытынды жасау, бағалау парағы бойынша оқушыларды бағалау. Үй тапсырмасын беру.

Практикалық бөлімнің құрылымы

1-бөлім. Зертханалық жұмыс

A) Деректер типтерін анықтау

  • Бүтін: INTEGER

  • Нақты: REAL

  • Логикалық: BOOLEAN

  • Символдық: CHAR

  • Тіркестік: STRING

Ә) Карточкалармен жұмыс

Төмендегі карточкалар бойынша сұрақтарға жауап беріп, берілген есептерге алгоритм құрастырыңыз.

Карточка №1

  1. Алгоритм ұғымы нені білдіреді?
  2. Циклдік алгоритм дегеніміз не? Оның түрлері қандай?
  3. Үш санның (a, c, p) орта мәнін есептеу алгоритмін құрыңыз.

Карточка №2

  1. Алгоритмді жазудың қандай тәсілдері бар?
  2. Паскаль тіліндегі бағдарламаның құрылымы қандай?
  3. y = x³ функциясын есептеу алгоритмін құрыңыз.

Карточка №3

  1. Оператор дегеніміз не? Оның түрлері қандай?
  2. Бағдарлама дегеніміз не?
  3. Тікбұрышты үшбұрыштың ауданын есептеу алгоритмін құрыңыз.

Карточка №5

  1. Атқарушы командалар жүйесі дегеніміз не?
  2. Алгоритм типтері қандай?
  3. f = 8x + 2y функциясын есептеу алгоритмін құрыңыз.

Карточка №6

  1. Паскаль тілінде бағдарламаның сипаттау бөлімінің құрылымы қандай?
  2. Алгоритм атқарушысы дегеніміз не?
  3. Квадраттың ауданын есептеу алгоритмін құрыңыз.

Б) Ақиқат пікірді табыңыз

  • A. sqrt — санның екі дәрежесі.

  • Б. DIV — қалдықты табу.

  • В. ABS(x) — x санының абсолют шамасы.

  • Г. Паскаль тілін ұсынған — Блез Паскаль.

  • Д. Паскаль тіліндегі бағдарлама 3 бөліктен тұрады.

2-бөлім. Қателерді табу және дәлелдеу

Берілген жазбалардағы қатені табыңыз және неге қате екенін түсіндіріңіз.

  1. 2x2 - 5:= y

  2. p := 7. 3 mod 2

  3. writeln('x=', x: 3: 6)

  4. x := sin2x + cos(x)

  5. m := завод

  6. program esep; begin readln(x); if x o else y:=2*SQR(x)*x then y:=2+x writeln("y=", y: 6: 3); readln; end. Var x, y: real;

3-бөлім. Есептер шығару

Тапсырма №1

X = b·sin(2a), егер a = 0. X функциясының мәнін есептейтін бағдарлама құрыңыз. Компьютерде орындап, нәтижесін көрсетіңіз.

Тапсырма №2 (нұсқалар бойынша)

  • 1-нұсқа: y(x) = sin(x) − x функциясының мәнін есептейтін бағдарлама құрыңыз.

  • 2-нұсқа: y(x) = cos(x) + x² функциясының мәнін есептейтін бағдарлама құрыңыз.

4-бөлім. Бекіту

Оқушылар өздері шығарған есептерге сүйене отырып, кейбір Паскаль операторларының қолданылуын қысқаша түсіндіреді.

5-бөлім. Сабақ қорытындысы

  • Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылау.
  • Бағалау парағы арқылы оқушыларды бағалау.
  • Үй тапсырмасы: көрсетілмеген.