Ақпаратты тасымалдаушылар
Сабақтың тақырыбы
Ақпаратты жазу және оқу. Ақпаратты тасымалдаушылар.
Білімділік мақсаты
Оқушыларға ақпаратты іздеу, жазу, топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру және ақпаратты тасымалдаушылар туралы түсінік беру.
Дамытушылық мақсаты
Есте сақтау мен зейінді дамыту, пәнге қызығушылықты арттыру.
Тәрбиелік мақсаты
Ұқыптылыққа, өз бетімен жұмыс жасауға және ойын ашық жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Көрнекілігі
- Интерактивті тақта
- Компьютер
- Оқулық
Сабақтың барысы
-
I. Ұйымдастыру бөлімі
-
II. Үй тапсырмасын тексеру
-
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру
-
IV. Жаңа сабақты бекіту
- Қисынды ойлай білейік
- Оқыған жетер мұратқа
- Сыр сандық
-
V. Компьютерде тәжірибелік жұмыс
-
VI. Үйге тапсырма
-
VII. Бағалау
-
VIII. Қорытындылау
I. Ұйымдастыру бөлімі
- Сәлемдесу
- Оқушыларды түгендеу
- Оқушы назарын сабаққа аудару
Психологиялық ахуал
Сабақта отырайық жылы жүзбен,
Бізге келсін, қуаныш нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз —
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақ-жауап «смайлик» әдісі арқылы жүргізіледі.
1-смайлик
Сұрақ: Компьютермен жұмыс барысында нысандарға қандай амалдар қолдануға болады?
Жауап: Көшіру, орын ауыстыру, жою, атын өзгерту.
2-смайлик
Сұрақ: Шектес емес нысандарды ерекшелеу үшін қай пернені қолданамыз?
Жауап: Ctrl пернесін басамыз.
3-смайлик
Сұрақ: Терезедегі барлық нысандарды ерекшелеу үшін қай пернелер тіркесімі қолданылады?
Жауап: Ctrl + A.
4-смайлик
Сұрақ: Алмасу буферінің көмегімен көшіру үшін қандай екі бұйрық беріледі?
Жауап: Көшіру (Copy) және Кірістіру (Paste).
5-смайлик
Сұрақ: Нысандарды «Қоржынға» орналастырмай жою үшін қандай пернелер тіркесімін қолданамыз?
Жауап: Shift + Delete.
6-смайлик
Сұрақ: Жойылған нысанды қалпына келтіру үшін қандай бұйрық орындаймыз?
Жауап: «Қалпына келтіру» (Restore) бұйрығын орындаймыз.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Диалог арқылы кіріспе
Мұғалім: «Ақпарат» деген сөзге қандай анықтама берер едіңіздер?
Оқушы: Ақпарат — сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер.
Мұғалім: Адам ақпаратты қалай қабылдайды?
Оқушы: Көреді, естиді, иісті сезеді, дәмді сезеді және сипап сезінеді.
Мұғалім: Бейнелеу тәсілдері бойынша ақпараттың түрлерін еске түсірейік.
Нысанды бумадан жылдам іздеу
Ізделетін нысан орналасқан буманы ашып, нысан атауының бірінші әрпіне сәйкес пернені басыңдар. Сол символдан басталатын ең жақын нысан ерекшеленеді. Пернені қайта басқанда келесі ұқсас нысан ерекшеленеді.
Бұл әдіс нысанның қай бумада орналасқанын нақты білетін жағдайда тиімді.
Кеңейтілген іздеу
Файлдың немесе буманың атауын Бас мәзірдің іздеу жолағына енгізіңдер. Жүйе сұраныс бойынша көрсетілген атауы бар барлық нысандарды табады.
- Нәтижелер әдетте терезенің жоғарғы бөлігінде көрсетіледі.
- Таңдалған файлды тышқанмен шертсеңдер, ол іске қосылады.
Ақпаратты тасымалдаушылар
Файл туралы түсінік
Компьютерде қолданылатын барлық ақпарат файл түрінде сақталады. Файл — жадтағы белгілі бір орын; оған әдетте бірегей атау беріледі.
Файлдар компьютердің жедел жадында немесе сыртқы жадында орналасады.
Сыртқы жад және тасымалдаушы
Сыртқы жадқа, біріншіден, қатқыл диск (винчестер), екіншіден, иілгіш диск және компакт-диск сияқты құрылғылар жатады. Ақпаратты жазу мен оқуды қарастырмас бұрын, ақпарат тасымалдаушы ұғымын анықтап алайық.
Ақпарат тасымалдаушы — ақпаратты сақтауға арналған орта.
Ақпарат тасымалдаушылар бірнеше түрге бөлінеді.