Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру өлеңі

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Аймақ

Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Тассуат ауылы

Мектеп

Индустриальный орта мектебі

Пән

Қазақ әдебиеті (11-сынып)

Мұғалім

Абдрахманов Ерганат Айдарович, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Тақырып

Қадыр Мырза Әлі

Мақсат пен міндеттер

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды Қадыр Мырза Әлі ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.

Сабақтың міндеттері

  • Тақырып бойынша білім деңгейін тереңдету.
  • Сөздік қорды байыту, жаңа сөздермен жұмыс жасау.
  • Мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру және сөйлеу қабілетін дамыту.
  • Патриоттық тәрбие беру, ұлтаралық достыққа үндей білу.

Қолданылатын модульдер

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету Дарынды және талантты оқушыларды оқыту Жас ерекшеліктеріне сай оқыту Оқытуды басқару және көшбасшылық АКТ Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері

Стратегиялық іс-әрекеттер

«Молекула» тренингі

Психологиялық ахуал қалыптастыру, ынтымақтастық орнату.

«Миға шабуыл»

Ой шақыру, жаңа сабаққа қызығушылық ояту.

«Кубизм»

Мәтінмен жұмыс және сұрақтарға жүйелі жауап беру.

«Джигсо»

Топ ішінде ақпарат бөлісу, өзара оқыту.

«6 ойлау қалпағы»

Өлеңді талдау, түрлі қырынан ойлау.

«Кластер»

Жинақтау, негізгі ұғымдарды құрылымдау.

Сабақтың барысы (кезең-кезеңімен)

Кіріспе: психологиялық ахуал

  • Оқушылармен амандасу, жылы лебіз білдіру.
  • «Молекула» тренингі арқылы топтық серпіліс жасау.

Ұйымдастыру кезеңі

Кезекші: бүгін сыныпта кім кезекші?

Қатысу: сыныпта кім жоқ?

Күнтізбе: бүгін нешесі?

Үй тапсырмасын тексеру

Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы мен шығармаларының тақырыптарын қайталау және талқылау.

Топқа бөлу

Қиынды парақшалар арқылы «Пазл» әдісімен оқушылар 2 топқа бөлінеді.

I кезең — Білу

Ой шақыру: «Миға шабуыл»

Сұрақ: «Балалар, бұл суретте кім бейнеленген?»

II кезең — Түсіну

Жаңа сабақ түсіндіріледі, тақырып бойынша жаңа сөздермен таныстырылады.

Тапсырма: жаңа сөздерді қолданып, сөз тіркестерін құрастырып, 1–2 сөйлем жазу. Бұл сөздер сабақ тақырыбында кездеседі.

III кезең — Қолдану

«Кубизм» (3 тапсырма)

  • Мәтінді оқиды.
  • Аударма жасайды.
  • «Текше ойыны» арқылы сұрақтарға жауап береді.

«Текше ойыны»: сұрақтар

  1. Қадыр Мырза Әлі қай университетте оқыды?
  2. Қандай журналдар мен баспаларда қызмет атқарды?
  3. Қадыр Мырза Әліні қандай ақын деп атайды?
  4. Әдебиеттің қай салаларында шығармалары бар?
  5. Шығармаларының негізгі тақырыптары қандай?
  6. Қадыр Мырза Әлінің қандай марапаттары мен сыйлықтары бар?

«Джигсо»: ақпарат бөлісу

Әр топта баяндаушы, жазушы және уақыт сақшысы (таймкипер) белгіленеді. 1-топ 2-топқа ақынның өмір жолын, ал 2-топ 1-топқа шығармашылығын түсіндіреді.

IV кезең — Талдау

«6 ойлау қалпағы»

«Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» тақырыбындағы бейнематериал көрсетіледі және осы тақырыптағы өлеңмен жұмыс жүргізіледі.

Қызыл қалпақ (ішкі сезім)

Тапсырма: өлеңде айтылған қазақ ұлтына тән қасиеттерді жазып, дауыстап оқыңдар.

Жасыл қалпақ («Егер мен…»)

Тапсырма: шетелдік қонақтарға қазақ халқын өздерің қалай таныстырар едіңдер?

V кезең — Жинақтау

«Кластер» (5 тапсырма)

Тапсырма: кластер құрастыру.

1-топ: «Өмір жолы»

2-топ: «Шығармашылығы»

VI кезең — Қорытынды

Қайта бағыттау сұрақтары

  • Қадыр Мырза Әлі кім?
  • «Қазақ осы…» өлеңі қандай мақсатпен жазылған?
  • Басқа ұлт өкілдеріне тән қандай қасиеттерді білесіңдер?

Үй тапсырмасы

«Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңінен үзіндіні жаттау.

Рефлексия және бағалау

Рефлексия: оқушыларға стикерлер таратылып, сабақ бойынша кері байланыс алынады.

Бағалау: қалыптастырушы бағалау нәтижелеріне сүйене отырып, қорытынды баға шығарылады.

Материалдар