Қосудың компоненттерін ата
5 санын қосу мен азайту: «Су асты әлеміне саяхат»
Бұл сабақта 5 санын қосу және азайту дағдыларын қайталаймыз, ойымызды жүйелейміз және қысқа тапсырмалар арқылы білімімізді бекітеміз.
«Кім көп біледі?» — жылдам сұрақтар
- Санды немен белгілейміз?
- Аптада неше күн бар?
- Қосудың компоненттерін ата.
- Азайтудың компоненттерін ата.
- 1 жылда неше ай бар?
- 1 м-де неше дм бар?
- 1 сағатта неше минут бар?
- 1 тәулікте неше сағат бар?
Санамақ айтайық
Төмендегі жолдарды толықтырып көр:
1 дегенім —
2 дегенім —
3 дегенім —
4 дегенім —
5 дегенім —
5 саны туралы не білеміз?
5 арыс
Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Жүсіпбек, Мағжан.
5 дұшпан
Өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, бекер мал шашпақ.
5 асыл іс
Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым.
5 қару
Садақ, найза, қылыш, айбалта, шоқпар.
«5» бағасы
«Өте жақсы» — үлгілі оқитын оқушыға қойылады.
5 санын қосу және азайту
Түсіндіре отырып шығар
- 7 + 5
- 13 − 5
- 12 − 5
- 9 + 5
- 8 + 5
- 14 − 5
Мысалдарды шығар
- 6 + 5
- 11 − 5
- 5 + 6
- 11 − 6
- 7 + 5
- 12 − 5
- 5 + 7
- 12 − 7
Өрнекті жаз және мәнін тап
Мәтінді есептер
Есеп 1
Дархан әңгімелер жинағын 6 күнде оқып бітірді. «Батырлар жырын» одан 5 күн ұзақ оқыды. Ол «Батырлар жырын» неше күнде оқып бітірді?
Берілгені
Әңгімелер — 6 күн
Батырлар жыры — ?, 5 күн ұзақ
Шешуі / Жауабы
Есеп 2
Қыз балалар — 24. Ер балалар — қыздардан 4-еуі кем. Барлығы неше бала?
Берілгені
Қыз балалар — 24
Ер балалар — ?, 4-еуі кем
Барлығы — ? бала
Шешуі / Жауабы