Оқулықтағы өсімдіктердің суретін салу

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің көптүрлілігі

Сабақтың мақсаты

  • Оқушылардың өсімдік туралы білімін дамыту.
  • Өсімдік топтарын (ағаш, бұта, шөп) ажырата білу дағдысын қалыптастыру және толықтыру.
  • Алуан түрлі өсімдіктерді тануға ынталандыру.
  • Ойлау қабілетін дамыту, сыни тұрғыдан ойлауға баулу.

Қажетті ресурстар

  • Оқулық және дәптер.
  • Гербарий (көрнекілік үшін).
  • Суреттер (топыраққа адамның әсері бойынша талқылауға).
  • Бағалау жетондары және стикерлер (рефлексия үшін).

Сабақтың жүру барысы

I. Ұйымдастыру және психологиялық дайындық

Сабақ басында жылы лебіз арқылы оқу атмосферасын қалыптастыру:

Қайырлы күн – табиғат!
Жайқалып өссін – өсімдік!
Жайнай берсін – орманымыз!
Биік болсын – тауларымыз!
Сәтті болсын – сабағымыз!

Сынып оқушыларын 4 топқа бөліп отырғызу: Алма, Алмұрт, Жүзім, Банан.

II. Үй тапсырмасын тексеру (топтық жұмыс)

Оқушылар үй тапсырмасын топ бойынша орындайды және талқылайды.

1-топ: Алма

Топырақ құнарлы болуы үшін не әсер етеді?

  • Өсімдік тамыры арқылы қоректік заттарды бойына сіңіреді.
  • Күн жылуы мен ауадағы көмірқышқыл газын пайдаланып өсіп-жетіледі.
  • Жануарлар мен құстардың тіршілік әрекеті нәтижесінде қалған қалдықтар ыдырап, шіріндіге айналады.
  • Нәтижесінде топырақтың беткі қабаты өсімдік пен жәндік қалдықтарынан құнарланады.

2-топ: Алмұрт

Топырақ түсінің қалыптасуы неге байланысты?

  • Топырақ түсі құрамындағы қарашірік мөлшеріне байланысты болады.
  • Қарашірік көп болса, топырақ қоңыр түске енеді.
  • Оңтүстікте топырақтың түсі бозғыл болуы мүмкін, себебі қарашірік аз түзіледі.
  • Ақшыл түсті, тұзды жерлер сор деп аталады; мұндай топырақта өсімдік сирек өседі.

3-топ: Жүзім

Қай суретте адамдар топыраққа зиян келтіреді, қай суретте пайда келтіреді?

Сурет бойынша әңгіме құрастырып, дәлел келтіреді.

4-топ: Банан

Тест тапсырмалары (сыни тұрғыдан ойлау).

Сұрақтарға жауап беріп, қорытынды жасайды.

III. Жаңа сабаққа кіріспе

Сұрақ: Топырақ құнарлы болса, табиғатымыз қандай болады?
Қорытынды: Бүгінгі тақырыбымыз — Өсімдіктердің көптүрлілігі.

Дәптерге күннің жадын және тақырыпты жазу. Оқулықпен жұмыс (түсіндіру) және гербарий көрсету.

Сергіту және бекіту тапсырмалары

1-топ: Өсімдіктердің сыртқы ортаға бейімділігі

Ылғалсүйгіш өсімдіктер

Бақбақ, қоңырбас, жоңышқа.

Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер

Жантақ, сүттіген.

Жылусүйгіш өсімдіктер

Мақта, асқабақ, күріш, жүгері.

Суыққа төзімді өсімдіктер

Бидай, арпа, сұлы.

Жарықсүйгіш өсімдіктер

Мақта, жолжелкен, өгейшөп, қоңыраубас.

2-топ: Өсімдіктің адам өміріндегі маңызы

  • Тағам және қорек

    Жеміс-жидек пен көкөністер — дәрумен көзі.

  • Дәрі-дәрмек

    Шөптен жасалған дәрілер адам денсаулығын нығайтады.

  • Құрылыс және тұрмыс

    Ағаштан есік, терезе, жиһаз (сандық, сөре т.б.) жасалады.

  • Әсемдік

    Гүлдер ортаға көрік береді, бөлме ауасын тазартады.

  • Шаруашылықтағы пайдасы

    Мал азығы, отын және жылу көзі.

3-топ: Өсімдіктердің табиғаттағы маңызы

  • Ауаны ылғалдандырады: су буландыру арқылы.

  • Климатты жұмсартады: ыстықты бәсеңдетіп, суықты әлсіретеді.

  • Желден қорғайды: жел жылдамдығын азайтады.

  • Қарды тоқтатады: қардың жиналуына ықпал етеді.

4-топ: Шығармашылық тапсырма

Өздеріңе таныс өсімдіктердің суретін салыңдар және қысқаша сипаттама беріңдер.

Ойын: «Қар лақтыру»

Сұрақтарға жылдам жауап беріп, бір-біріңді толықтырыңдар.

  1. 1) Өсімдік мүшелерін ата.

    Тамыр, тұқым, сабақ, гүл, жеміс, жапырақ.

  2. 2) Біздің жерімізде қандай өсімдіктер өседі?

    Қара тал, жоңышқа, жусан, жыңғыл, адыраспан, бәйшешек.

  3. 3) Ағаштар бүршігін қай мезгілде жарады немесе гүлдейді?

    Көктемде.

  4. 4) Біздің елімізде өсімдіктердің неше түрі бар?

    6000-нан астам түрі бар.

Бағалау және кері байланыс

Топтық бағалау

Топтар бір-бірін бағалайды. Топ басшысы жетондар арқылы белсенділік пен жауап сапасын есепке алады.

Қай топтың жұмысы ұнағанын айтып, қысқаша пікір білдіреді.

Рефлексия

Оқушылар стикерге бүгінгі сабақ туралы ойларын жазады:

  • Сабақ ұнады ма?
  • Қандай тапсырманы орындау ұнады?
  • Қай тапсырма қиындық тудырды? Неліктен?