Оқушыларға тригонометриялық теңдеулердің шешу әдістерін үйрету
Оқу орны және оқытушы
И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжі
Математика пәні оқытушысы: Амантайқызы Айгерім
Сабақтың тақырыбы
Тригонометриялық теңдеулерді шешуге арналған есептер шығару
Негізгі мақсат — теңдеулердің түрлерін ажыратып, оларды шешу тәсілдерін тәжірибе арқылы бекіту.
Сабақтың мақсаттары
Білімділік мақсаты
- Тригонометриялық теңдеулерді шешу әдістерін меңгерту.
- Теңдеулердің түрлерін ажырата білуге дағдыландыру.
- Шешу барысында тригонометриялық функциялардың қасиеттерін тиімді қолдануды үйрету.
Дамытушылық мақсаты
- Тригонометриялық теңдеулер туралы дүниетанымдық көзқарасты кеңейту.
- Оқушылардың өзіндік іс-әрекетіне сай білік пен дағдыларын қалыптастыру.
- Ойлау қабілетін дамыту, танымдық белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік мақсаты
- Меңгерген білімнің өмірлік маңызын түсіндіру.
- Теорияны практикамен ұштастыруға дағдыландыру.
- Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, еңбекқорлыққа, логикалық ойлауға және жүйелі жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақ сипаттамасы
Форматы мен типі
- Сабақтың түрі:
- Практикалық сабақ
- Сабақтың типі:
- Іскерлік пен білік-дағдыны қалыптастыру сабағы
- Күтілетін нәтиже:
- Тригонометриялық теңдеулердің түрлерін ажыратып, шешу тәсілдерін меңгереді.
Әдістер, технологиялар, стратегиялар
Сабақтың әдістері
Түсіндірмелі әдіс, сұрақ-жауап, ой қозғау, «миға шабуыл».
Оқыту технологиялары
Деңгейлеп саралап оқыту (ДСОТ), ойын элементтері арқылы оқыту, тірек-сызба арқылы оқыту.
Қолданылатын стратегиялар
Топтастыру, ой толғаныс.
Көрнекіліктер мен ресурстар
- Деңгейлік тапсырмалар жазылған таратпалар
- Компьютер
- Тірек-сызбалар
- Білімді бағалау парағы
Пәнаралық байланыс
Информатика және математика, физика, тарих, әдебиет пәндерімен байланыс.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- 1 Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
- 2 Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- 3 Оқушыларды топқа бөлу: үш түрлі түсті қағаздан қиылған әріптерді таңдап, әріптердегі сұрақтарға жауап беру арқылы топтарға бөліну. Таңдаған түстеріңізді есте сақтаңыз. Әр оқушы тақтаға шығып, берілген сұрақтарға жауап береді.
Үлгі сұрақ
Қ: Тригонометриялық функцияларды атаңыз. Жауап: синус, косинус, тангенс, котангенс.