Жамап жүрмін көңілдерді сөгілген, Жамап жүрмін жүректердің жыртығын

Қадыр Мырза Әли өлеңі

Ащы айтқанның ашумен жарған басын
Ағайындар бұл сөзге арланбасын:
Туысқанның мықтысы – тілеулесің.
Қарындастың жақсысы – армандасың!

Перзентің бе базардың пұлына алаң?
Әлде ол сенің, Ұлы Отан, ұлы балаң?!
Кім екенін айтпа оның,
Арманын айт,
Арманына қарап - ақ біліп алам!

***
Жігіттің жолбарысы,
Арланы бар,
Ақиық,
Арғымағы, Тарланы бар.
Жұтаса мал - дәулеті, оқасы жоқ,
Татитын мал - дәулетке арманы бар.

***
Ақтарылып бағайын,
Аңғарғайсың бар мәнін:
Айныса да ағайын,
Айнымасын арманың!

Асау өзен, асылы,
Ағар бұзып арнаны.
Азайса да асылың,
Азаймасын арманың!

Жанға шипа бал түні
Жұлдызыңды қармағын...
Жоғалса да алтының,
Жоғалмаған арманың!

Жолын қуып жаманның
Жұқтырмайтын арға шаң
Арманы үлкен Адамның
Өзі де үлкен әрқашан!

***
Той - думанға,
Қыз - қырқынға алақтап,
Жастығымды өткізбедім далақтап.
Арман шіркін – алтын ие,
Өмірде
Мен – жібек жіп қойған соған сабақтап.

Жұлдыз - ойға толса екен деп жыр - түнің.
Әлі күнге тапқан жоқпын бір тыным.
Жамап жүрмін көңілдерді сөгілген,
Жамап жүрмін жүректердің жыртығын.

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
11 сынып оқушысы Шағыманов Дарын



Ұқсас жұмыстар

Қадыр Мырзалиев ақындық шеберлігі
1-4 сыныптардағы еңбекке баулудың мазмұны мен мақсаты
Көмекші етістіктердің қызметі
«ЗАР ЗАМАННЫҢ» БIР АҚЫНЫ – МАЙЛЫҚОЖА
Етістіктің лексикалық құрамы
Туберкулез аса қауіпті дерт
Су тіршілік көзі
М. Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясындағы Құнанбай бейнесі
Абай поэтикасының Абай жолы эпопеясында әлеуметтік, теңсіздік мәселелері
Күрделі етістік
Астана қаласының ерекше сымбатты қала екенін мен теледидардан, кітап - журналдардан көріп жүрмін
Шарасыздан шаршаған дертті жаным, тоздыруға шақ жүрмін кек қынабын
Достыққа жүрмін, Достыққа жүрмін құмартып
Дүрсілін жүректердің кетер басып
Оязға жетсін деген боп, Боқтап жүрмін барқылдап
ӨЗ ЖҮРЕГІҢНІҢ ҮНІ(жүректен шыққан жеті сөз)Жақсылық жасау - айқайлаумен емес, жүректердің үндестігі арқылы келеді