Көктем - Көктемнен кейін қай мезгіл

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тақырыбы: Табиғат ерекшеліктері (жыл мезгілдері)

Білім беру саласы: Таным

Тарауы: Экология негіздері

Мақсаты

Білімділік

Жыл мезгілдері туралы түсінік беру және оларды ажырата білуді үйрету.

Дамытушылық

Ойлау мен есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

Табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу және балалардың патриоттық сезімін қалыптастыру.

Сабақ ресурстары

Сөздік жұмыс

  • шуақ
  • аяз

Әдіс-тәсілдер

  • әңгімелесу
  • түсіндіру
  • сұрақ-жауап

Көрнекілік

Жыл мезгілдерінің суреттері.

Сабақ барысы

Танымды ояту: «Шаттық шеңбері»

Армысың, алтын күн!

Көгілдір көк аспан!

Амансың ба, жер-ана?

Амансың ба, достарым!

Ұйымдастыру-іздестіру

Таңертең балабақшаға келе жатқанда ауа райын байқадыңдар ма? Күн қандай?
Күн салқын.
Қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілі.

Жаңа сабақ: Жыл мезгілдері және табиғат өзгерістері

Балалар, жылдың төрт мезгілі бар. Әр мезгілде табиғатта әртүрлі өзгерістер болады, әрі әрқайсысының өзіне тән сұлулығы бар.

Күз

Жапырақтар сарғайып, табиғат сары алтындай құлпырады. Жеміс-жидектер пісіп, жетіледі.

Қыс

Күн аяздап, боран соғады, қар жауады.

Көктем

Күн жылынады, қар ериді. Алғашқы гүлдер мен жапырақтар шығады, жылы жақтан құстар ұшып келеді.

Жаз

Күн ысып, шуағын шашады. Балалар суға түсіп, демалады. Әртүрлі гүлдер өседі.

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Бетіме самал еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үлкен болып өседі.

Рефлексия және түзету

  • Сұрақ

    Жылдың неше мезгілі болады?

    Жауап

    Төрт: күз, қыс, көктем, жаз.

  • Сұрақ

    Күзде жапырақтардың түсі қандай болады?

    Жауап

    Сары.

  • Сұрақ

    Күзден кейін қай мезгіл келеді?

    Жауап

    Қыс.

  • Сұрақ

    Қыстан кейін қай мезгіл келеді?

    Жауап

    Көктем.

  • Сұрақ

    Көктемнен кейін қай мезгіл келеді?

    Жауап

    Жаз.

Күтілетін нәтиже

Білуі керек

Жылдың төрт мезгілін білу.

Қалыптасуы керек

Сабаққа қызығушылық.

Істей алуы керек

Сұрақтарға анық әрі нақты жауап беру.