Паскаль тілінде мүмкін болатын массив элементтердің типі
Сабақ туралы мәлімет
- Сабақтың тақырыбы
- Массив (жиым)
- Сабақтың түрі
- Жаңа сабақ
- Пәнаралық байланыс
- Математика
- Қолданылатын педагогикалық технологиялар
- Дамыта оқыту технологиясы (ДСОТ) Компьютерлік оқыту технологиясы (КОТ)
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Оқушыларға Pascal программалау ортасында жиым (массив) көмегімен берілген есептерді шығаруды және сол есептерге программа жазуды үйрету.
Дамытушылық
Оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту, қызығушылығын ояту, білім-білік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік
Оқушыларды ізденіске, әдептілікке, мақсатшылдыққа тәрбиелеу; мұқияттылық пен өз-өзіне сенімді болуға баулу.
Оқушы білуі қажет
- Массивке берілген есептерге программа жазу негіздерін.
Оқушы меңгеруі керек
- Массив көмегімен есептерді шығару.
- Массивті сипаттау және қолдану бойынша программа құрастыру.
Әдістер, құралдар және әдебиеттер
Оқыту әдіс-тәсілдері
- Түсіндіре баяндау
- Сұрақ-жауап
- Көрнекілік
- Миға шабуыл
- Проблемалық жағдай туғызу
- Ой қорыту
- Тұжырым жасау
- Дәлелдеу
Техникалық құралдар және көрнекілік
- Компьютер
- Проектор
- Слайдтар
- Тақта
- Кітаптар
- Таратпа материалдар
Пайдаланылатын әдебиеттер
Негізгі
- Дінисламов — Pascal бағдарламалау ортасы.
- Ермеков — Есептеуіш техника негіздері.
Қосымша
- А. Е. Анисимов, В. В. Пупышев — Сборник заданий по основаниям программирования.
- Н. Т. Ермеков — Есептеуіш техника негіздері, Астана: Фолиант, 2007.
- О. Камардинов — Информатика, Алматы: Ғылым, 2004.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу, сыныптың тазалығына назар аудару, қауіпсіздік ережесіне сай сыртқы келбет пен құралдардың орнында болуын қадағалау.
- Оқушыларды түгендеу, журналға белгі қою.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару және сабақтың барысымен таныстыру.
II. Қызығушылықты ояту (өткен материалды қайталау)
«Кубизм» әдісі бойынша сұрақтар
- Құрылымдық типтерді атаңыз.
- Программаның орындалу барысында мәні өзгермей қалатын шамалар қалай аталады?
- Алгоритмді графикалық тәсілмен бейнелегенде қолданылатын блок-схема элементтерінің негізгі әрекеттерін атаңыз.
- Pascal тіліндегі логикалық айнымалы типі қалай жазылады?
- Егер y — бүтін сан болса, онда x := 1.2*y өрнегінің мәні айнымалының қай типіне жатады?
- Программалау тіліндегі белгілі бір іс-әрекетті орындайтын, тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлем қалай аталады?
Қосымша тапсырма: сөзжұмбақ шешу (Сурет 1 — «Сөзжұмбақ»).
III. Жаңа сабақ мазмұны: Pascal тіліндегі массив
Pascal тілінде деректер типтері қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Қарапайым типтерге стандартты, саналмалы және шектелген деректер типтері жатады. Күрделі типтерге массивтер (жиымдар), файлдар, жазулар және жиындар кіреді.
Көрнекілік: Сурет 2 — «Деректер типінің классификациясы».
Математикада және экономикада деректердің жинақталған түрлері жиі кездеседі: кестелер, фамилиялар тізімі, сандар тізбегі және т.б. Бір типті деректер жиынын тиімді өңдеу үшін массив ұғымы енгізіледі.
Анықтама
Массив — бір типті, индекстелетін айнымалылар жиынтығы.
Мысалы, нақты сандар жиынын: 1.6, 14.9, -5.0, 8.5, 0.46 массив деп алып, оны бір атаумен, мысалы A деп белгілейік. Массивтің әр элементі индекс арқылы беріледі.
Математикадағы жазылу үлгілері
A(1), A(2), A(3), A(4), A(5) немесе A1, A2, A3, A4, A5, жалпы түрде {Ai}, мұнда i=1..n.
Көрнекілік: Сурет 3 — «Бір өлшемді және көп өлшемді массивтер».
Pascal тіліндегі жазылу
Pascal тілінде индекс квадрат жақша ішінде жазылады: A[1]=1.6, A[2]=14.9, A[3]=-5.0, A[4]=8.5, A[5]=0.46.
Егер программада массив қолданылса, ол VAR айнымалылар бөлімінде немесе TYPE типтер бөлімінде сипатталады.
Массивті VAR бөлімінде сипаттау
Жалпы түрі:
VAR
массив_аты: ARRAY[t1] OF t2;
- ARRAY, OF — қызмет сөздер.
- t1 — индекс типі (REAL және INTEGER стандарт типтерінен басқа кез келген қарапайым тип болуы мүмкін).
- t2 — массив элементтерінің базалық типі.
Мысал:
VAR
A: ARRAY[1..5] OF REAL;
Мұнда A — базалық типі REAL болатын массив, ал индекс аралығы 1..5 болып шектелген.
Мысал 1: 15 бүтін санның қосындысын есептеу
Сандарды сақтау үшін индекстері I болатын X массивін қолданайық. Қосынды формуласы: Sum = X[1] + X[2] + … + X[15].
VAR
X: ARRAY[1..15] OF INTEGER;
I, SUM: INTEGER;
BEGIN
SUM := 0;
FOR I := 1 TO 15 DO
BEGIN
READ(X[I]);
SUM := SUM + X[I];
END;
END.
Цикл ішінде X[I] массивтің бір элементі енгізіліп, ағымдағы қосындыға қосылады. Цикл 15 рет қайталанады.
Массивті TYPE бөлімінде сипаттау
Алдымен TYPE бөлімінде массив типі анықталады, содан кейін VAR бөлімінде сол типке жататын массивтер жарияланады.
TYPE
тип_аты = ARRAY[t1] OF t2;
VAR
массив_аты: тип_аты;
Мысал: 10 элементтен тұратын X массиві берілсін.
TYPE
MAS = ARRAY[1..10] OF REAL;
VAR
X: MAS;
Егер бір типке жататын бірнеше массив қолданылса, оларды қысқа түрде жариялауға болады:
VAR
X, A, B, C: MAS;
Көрнекілік: Сурет 4 — «Pascal тілінде массивті сипаттау терезесі».
Бір өлшемді және көп өлшемді массивтер
Осыған дейін әр элементі бір индекстен тұратын массивтер қарастырылды — олар бір өлшемді массивтер деп аталады. Ал математикада жиі қолданылатын көп өлшемді массивтерді «массивтердің массиві» ретінде қарастыруға болады. Ең кең таралғаны — екі өлшемді массив, ол көбіне матрица деп аталады.
Көрнекілік: Сурет 6 — «Екі өлшемді массив».
Қосымша көрнекілік: Сурет 5 — «Есеп шығару тақтасы».
IV. Жаңа материалды бекіту
Деңгейлік тапсырмалар орындау арқылы жаңа тақырып бекітіледі.
V. Сабақты қорытындылау және білімді бағалау
Оқушылардың жұмысы қорытындыланып, белсенділігі мен тапсырмаларды орындауына сәйкес бағаланады.
VI. Үй тапсырмасы
- Бір өлшемді және көп өлшемді массивтер тақырыбы бойынша дайындалу.
- Элемент саны 15-ке тең массив берілген: массивтегі ең үлкен және ең кіші элементтердің орындарын ауыстыратын программа жазу.