Қансонарда бүркітші шығады аңға Бүркіт әрекеті

Табиғаттың көркі болған құстар — жақсылықпен болашаққа бастайды. Лашындай биікке самғайтын еліміздің келешегі — жастар!

С. Мұқанов, “Лашын” (“Өмір мектебі” романынан үзінді)

Сабақтың мақсаты

  • Сәбит Мұқанов туралы білімді кеңейту.
  • “Лашын” әңгімесінің мазмұнын түсініп, негізгі идеясын меңгерту.
  • Құсбегілік пен саятшылық кәсіптері туралы түсінік беру.
  • Оқушыларды өз ойын еркін, дәлелді айтуға үйрету.

Сабақ құрылымы

Кіріспе

  1. 1 Ұйымдастыру.
  2. 2 Үй тапсырмасын тексеру.
  3. 3 “Тұсаукесер”: “Лашын” тақырыбына бейнеролик көрсету.

Қорытынды бөлім

  • Қорытынды.
  • Бағалау.
  • Рефлексия.
  • Үй тапсырмасын беру.

Негізгі бөлім: “Кубизм” стратегиясы және “6 қалпақ” тапсырмалары

Тәсілдер: суреттеу, зерттеу, салыстыру, байланыстыру, қолдану, қолдау/қарсы шығу.

Ақ қалпақ — Суреттеу

Портрет

Тапсырма: шығармадан Ахмет пен Лашынның портретін тауып, дәлелді түрде сипаттау.

Сары қалпақ — Зерттеу

Талдау

Тапсырма: сатылай кешенді талдау жасау (аты, авторы, жанры, идеясы, эпитет, теңеу).

Жасыл қалпақ — Салыстыру

Венн

Тапсырма: Венн диаграммасы арқылы салыстыру: Абай “Қансонарда бүркітші шығады аңға” және С. Мұқанов “Лашын”.

Көк қалпақ — Байланыстыру

Синквейн

Тапсырма: синквейн құрастыру (5 жолды өлең).

Қызыл қалпақ — Қолдану

РАФТ

Тапсырма: РАФТ әдісі бойынша мәтін жазу.

Қара қалпақ — Қолдау немесе қарсы шығу

Дебат

Тапсырма: “Лашын” тақырыбы бойынша дебат ұйымдастыру, уәж келтіру және қарсы уәж айту.

“Лашын” шығармасына қысқаша талдау

Авторы
Сәбит Мұқанов
Тақырыбы
Құсбегілік
Жанры
Проза (романнан үзінді)
Идеясы
Құсбегілікті насихаттау, ұлттық дәстүр құндылығын таныту
Әдеби-теориялық ұғымдар
Теңеу, эпитет
Тәрбиелік мәні
Жас ұрпаққа құсбегіліктің бүгінгі өмірдегі орнын танытып, ұлттық мұраға құрмет қалыптастыру

Венн диаграммасы: ортақ идея және айырмашылық

Абай

  • Абай — ақын.
  • “Қансонарда бүркітші шығады аңға” — поэзия жанры.
  • Бүркіттің әрекеті мен аңшылық сәтін бейнелейді.

Ортақ

  • Құсбегілікті дәріптеу.
  • Табиғатпен үйлесім, ұлттық таным.

Сәбит Мұқанов

  • Сәбит Мұқанов — жазушы.
  • “Лашын” — проза жанрындағы шығарма.
  • Лашынның әрекеті арқылы құсбегілік болмысын ашады.

Синквейн үлгісі

  1. 1. Зат есім: Лашын
  2. 2. Сын есім: жұдырықтай, сүңгуір қайықтай
  3. 3. Етістік: іледі, қалықтайды, ұшады
  4. 4. Сөз тіркесі: Лашын салу — ата кәсіп
  5. 5. Синоним: құс

РАФТ тапсырмасы (үлгі құрылым)

Рөлі

“Қызыл қалпақ” тобы

Аудитория

Аңшы

Форма

Хат

Тақырып

Табиғат — екінші анаң

Дебат: әңгімелесудің бір түрі

Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесудің үш түрінің бірі — дебат-әңгіме. Бұл форматта қатысушылардың пікір айырмашылығы айқын болып, әрқайсысы өз шешімінде қалуы мүмкін.

  • Ой-пікірлер арасында үлкен алшақтық болады, әркім өз ұстанымын сақтайды.
  • Ресурстарды біріктіруге бағытталған талпыныс аз болады.
  • Қарым-қатынас көбіне “иә, солай” / “жоқ, олай емес” түрінде өрбиді.
  • Ортақ бірлесуден гөрі бәсекелестік басым болуы мүмкін.

Рефлексия: сабақтан алған әсер

1) Топқа бөлініп, оқушылармен араласу маған жақсы әсер берді.

2) Бірігіп тапсырма орындау ұнады.

3) “Кубизм” стратегиясы мен “6 қалпақ” тапсырмасы біз үшін жаңа әрі қызықты болды.

4) Бүгінгі сабақтан көп нәрсе үйрендім.

5) Достарыммен бірігіп постер дайындау ерекше әсер қалдырды.

6) Бағаны әділ қоюдың маңызын түсіндім.

Ұсыныс

Сабақтар алдағы уақытта да осындай белсенді, топтық форматта өте берсе екен.