Заттың санын білдіретін сөздерді пайдаланып, өздері туралы жазу
2-сынып • Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы
Заттың санын білдіретін сөздер
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс
Дүниетану, математика
Сабақтың мақсаты
Бірінші сыныпта меңгерген білімді еске түсіріп, толықтыру арқылы оқушылардың заттың санын білдіретін сөздер туралы түсінігін кеңейту.
Білімдік
- Сөйлем ішінен заттың санын білдіретін сөздерді табу.
- Мағынасын ашып, дұрыс сұрақ қоя білу.
Дамытушылық
- Ой-өрісті, сөздік қорды, тіл байлығын дамыту.
- Дұрыс сөйлеу дағдыларын және танымдық қабілеттерді жетілдіру.
Тәрбиелік
- Ұқыптылыққа, сауатты жазуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- Спортпен шұғылданып, денсаулықты сақтаудың маңызын түсіндіру.
Сабақтың әдістері мен көрнекілігі
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекіліктер
Кесте, сызбалар, үлестірмелі қағаздар, слайд материалдары.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру және психологиялық дайындық
Сынып ұраны
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талапты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Слайд: 1
2) Үй жұмысын тексеру
Сәйкестендіру тесті
- Заттың сынын білдіретін сөздер қандай сөздермен байланысады?
- Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
Слайд: 2
3) «Орнын тап» ойыны
Берілген сөздерді өз тобына орналастырыңыз:
Топтар
- Заттың атын білдіретін сөздер
- Заттың сынын білдіретін сөздер
- Заттың санын білдіретін сөздер
- Заттың қимылын білдіретін сөздер
Слайд: 3
Негізгі ой
Бүгін біз заттың санын білдіретін сөздерді табуды, олардың мағынасын түсінуді және дұрыс сұрақ қоюды үйренеміз.
4) Оқулықпен жұмыс
- Заттың санын білдіріп тұрған сөздерді атау.
- Оларға сұрақ қою.
5) Дәптермен жұмыс
1-жаттығу
Суреттегі заттардың санын сөзбен жазу.
2-жаттығу
Мәтінді оқу. Заттың санын білдіріп тұрған сөздерді табу және сұрақ қою.
Тілдік дағды
- «Бір» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
- «Алтыншы» сөзін буынға бөліп, тасымал түрін көрсету.
6) Олимпиада туралы түсінік
Жазғы Олимпиада ойындары туралы білімді толықтыру: Лондонда өткен Олимпиада жайлы ой бөлісу, пікір айту.
Слайд: 4
7) «Сандар сөйлейді» тапсырмасы
Әр санға сәйкес келетін мереке күндерін атаңыз: 1, 6, 8, 9, 22.
Слайд: 12
8) 5-жаттығу: өлеңмен жұмыс
- Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Өлеңдегі есептің мәнін табу.
- Қарамен жазылған сөздердің мағынасын ашу.
Есеп
1 + 2 + 2 + 2 = 7
Сөз мағыналары
- жалқы
- біреу
- егіз
- екеу
- қос
- екеу
9) Сызбамен жұмыс
Сөйлемдерді тиісті сандармен толықтырыңыз:
- Ғасыр — ... жыл 100
- Жыл — ... ай 12
- Мезгіл — ... жыл мезгілі 4
- Ай — ... күн 30 (шамамен)
- Апта — ... күн 7
- Күн — ... сағат 24
- Сағат — ... минут 60
- Минут — ... секунд 60
Слайд: 13
Сөздерді белгілеп, дәптерге жазыңыз.
10) Семантикалық карта
Әріптер арасынан сандарды теріп жазу.
Жолдар
- Қалонолтоғызжас
- Қолекітемыңар
- Жзбесотқырықмал
Слайд: 14
Жолдар
- Умүшбирттоғызудл
- Прсотызбқелустр
- Бсркжүзлрмонекі
Слайд: 15
Қорытынды
Сұрақ:
Заттың санын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
Бағалау
Оқушылар орындалған жұмыстардың нәтижесіне сүйеніп, өздерін өздері бағалайды.
Үй тапсырмасы
Заттың санын білдіретін сөздерді қолданып, өзіңіз туралы қысқаша мәтін жазыңыз.