Қандай көңіл күйде боласыңдар
Сынып сағаты (3-сынып)
Тақырыбы
Келісім түбі — жарастық
Мақсаты
Достық, сыйластық, адамгершілік құндылықтары туралы түсінікті кеңейту.
Міндеттері
- Келісім мен жарастық туралы түсінік беру.
- Достыққа бейімділік дағдыларын дамыту.
- Өзара татулыққа және шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі
Интерактивті тақта.
Сабақтың өту барысы
I. «Шаттық шеңбері»
Оқушылар шеңберге тұрып, «Достық» әнін шырқайды. Содан кейін мұғалім ой тастайды: «Бүгін қандай тақырыпта әңгімелесеміз деп ойлайсыңдар?»
II. Жағдаяттармен жұмыс
Оқушыларға күнделікті өмірде кездесетін жағдайлар ұсынылады. Әр жағдай бойынша келісімге келудің жолдарын талқылайды.
Жағдаят 1
Тілек байқамай Бекарысты қағып кетті.
Жағдаят 2
Абзал мен Ғазиз ойыншыққа таласып қалды.
Жағдаят 3
Тар көпір үстінде екі лақ кездесіп қалды.
Талқылау сұрағы: Осындай жағдайларда бір-біріңді түсініп, ортақ шешімге келу үшін не істеуге болады?
III. Мәтінмен жұмыс
«Піл мен Маймыл» ертегісі тыңдалады. Оқушылар оқиғаның мазмұнына сүйене отырып, келісімге келудің маңызын талдайды.
-
Сұрақ: Піл мен Маймыл ортақ келісімге қалай қол жеткізді?
-
Сұрақ: Өзара тіл табысу қандай сезімдерге бөлейді?
-
Сұрақ: Келіскеннен кейін қандай көңіл күйде боласыңдар?
IV. Жаттығу: «Достық нұры»
Кейде балалар бір-бірін түсінбей қалып, сол сәтте келісімге келгісі келмей жатады. Алайда уақыт өткен соң ойланып, өкініп қалатын кездер де болады. Сондықтан біз көңілсіз сәттердің алдын алу үшін бір-бірімізді түсінуге тырысамыз және дұрыс қарым-қатынастың қандай болатынын үйренеміз.
Мұғалім тақтаға «достықтың шапағын» іледі. Шуақ жан-жаққа тарауы үшін оқушылар қағаз орамдарын ашып, ішіндегі сөзді дауыстап оқиды да, тақтаға жапсырады.
Шуақ сөздер
Қорытынды ой: Осы қасиеттер бойымызда болса, біз бір-бірімізбен келісіп, жарастықта өмір сүре аламыз.
V. Дәптермен жұмыс: «Достық хаты»
Оқушылар дәптерлеріне достарына арнап «Достық хатын» жазады. Кейін бірнеше оқушы өз хаттарын оқып береді.
VI. Қорытынды талқылау
Төмендегі ойлардың қайсысымен келісесіңдер? Неліктен?
Сыныпта тату болу.
Сабақты жақсы оқу.
Бір-бірін тыңдамау.
Мұғалімді сыйлау.
Сыныптағы заттарды күту.
Келісілген уақыттан кешігу.
Назар аударайық: «Келісім» нені үйретеді?
- Басқалармен жақсы қарым-қатынас жасауға көмектеседі.
- Адамдарды бір-бірін тереңірек тани білуге үйретеді.
- Өзгенің көңіл күйін сезініп, түсіне білуге баулиды.
VII. «Жүректен жүрекке»
Оқушылар шеңберге тұрып, «Ізгі тілек» өлеңін айтады. Әрқайсысы сыныптастарына жылы сөз айтып, сабақты жақсы көңіл күймен аяқтайды.