Бір - бірін сүйісе алмас мауқын басып
Мағжан Жұмабаев
Тұрасың, мейірімді Ай, нұрың шашып,
Бұғып жүр қараңғылық бетін басып,
Толсаң да солсаң - дағы айрылмайтын
Жолдасың - жұлдызыңмен қол ұстасып.
Далада жолаушыға сен жолбасшы,
Егерде жазатайым жүрсе адасып.
Дөңгелек, жарасымды ақ келбетің,
Жүресің жылжып қана әсем басып.
Ажары ақ жамбыдай сұлулардың
Жалғанда тіпті кетпес көркі асып.
Сәулеңнің түскеніне әлдеқандай
Теңіздер жан теңгермес жатқан тасып.
Мәз - мейрам көкте қатар жүргеніне
Жұлдыздар иек қағып жымыңдасып.
Жалғыз - ақ іштен сені жек көреді
Екі жар қол ұстасқан сыбырласып.
Жарықта қараңдап, бой көрінед! - деп,
Бір - бірін сүйісе алмас мауқын басып.
Елжіреп көңілдері, құмар қанбай,
Айрылар біраздан соң амандасып.
Абай Құнанбайұлының өмірбаяны
Қобыланды батыр жырының композициялық құрылысы
Алпамыс батыр
Көркем шығармалардағы психологизм
Қазақтың бас ақыны - Абай Құнанбаев
Ш.Құдайбердиев лирикасы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктерін, кейбір аффикстердің қызметін, бейнелегіш амал-тәсілдерін анықтау және талдау жасау
Сәкен Сейфуллин шығармашылығы
Абай - лирик ақын
Қазақ балалар поэзиясының көрнекті өкілі Т.Молдағалиев шығармашылығын зерттеу
Абай өлеңдеріндегі антонимдік жұптар
ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗШК СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА
Біріктірілген тақша
Ұйқы- демалыстың бір түрі
Салық қызметі органдарының қызметін ұйымдастыру мен басқарудағы кейбір мәселелер және оны жетілдіру жолдары
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ
Медициналық генетика және кейбір тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу мен емдеу
Біріккен Ұлттар Ұйымы
Бір клеткалылар патшалық тармағы
БІРЛЕСКЕН ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСУ
Батыс Сібір жазығы