Жуан дауысты дыбыстарды ата
Сабақ тақырыбы
Дауыссыз дыбыстың жуан айтылуы. «Елтаңба». 78–79-жаттығулар.
Білімдік мақсаты
Дауыссыз дыбыстардың жуан айтылуын мысалдар арқылы түсіндіру. ҚР рәміздері, соның ішінде елтаңба туралы түсінік беру, елтаңба авторлары жөнінде мәлімет ұсыну.
Дамытушылық
Тапсырмалар арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, қиялын, сөздік қорын дамыту; өткен тақырыптар бойынша білімін анықтау және пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік мәні
ҚР рәміздерін құрметтеуге, Отанын сүюге, елін қадірлеуге, еңбекқор әрі білімді азамат болуға тәрбиелеу.
Қажетті ресурстар мен әдістер
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Слайдталған суреттер
- Тірек-сызбалар
- Ойын бетшелері
- Деңгейлік үлестірмелер
Әдістер
- Көрнекілік, ойын, сұрақ-жауап, баяндау
- Ізденушілік
- Модульдік оқыту (М. Жанпейісова)
- Деңгейлеп оқыту, озат оқыту, кіріктіре оқыту
Пәнаралық байланыс
Дене шынықтыру, саз, әдебиет, құқық, дүниетану.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру
Тренинг:
Ойға толып санамыз,
Бестік баға аламыз.
Баласындай әр үйдің,
Тату болсын арамыз.
2) Өтілгенді пысықтау
«Ой қозғау» және ойын түріндегі қайталау: «Кім мерген?»
Контекст
Қысқы ХХІ Олимпиада ойындары (Ванкувер қаласы) туралы қысқаша ақпарат беру.
- 1. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- 2. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
- 3. Жуан дауысты дыбыстарды ата.
- 4. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.
- 5. Сөз қалай айтылады?
- 6. Сөздің жуан айтылуы неге байланысты?
- 7. Сөздің жіңішке айтылуы неге байланысты?
- 8. Жуан айтылатын сөздерге мысал келтір.
- 9. Жіңішке айтылатын сөздерге мысал келтір.
- 10. Сәйкестендіру парағымен жұмыс.
3) Жаңа сабақ
Слайд арқылы түсіндіру: Егер сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сол сөздегі дауыссыз дыбыстар да жуан айтылады.
Ережені оқып, таныстыру және мысалдармен бекіту.
4) Дәптермен жұмыс
Мағынаны тану
1936 жылы дүниеге келген халық жазушысы, «Невада–Семей» қозғалысының жетекшісі — О. Сүлейменов. Алғашқы жинағы — «Арғымақ» (1961). Ордендер мен медальдармен марапатталған.
Проблемалық сұрақтар
- «Арғымақ» деген не?
- Ол туралы не білесіңдер?
- Жылқы туралы қандай мәліметтер айта аласыңдар?
Көркем жазу және талдау
- 78-жаттығу
- Мәнерлеп оқу, талдау (жылжымалы тақта арқылы)
5) Оқулықпен жұмыс: Т. Молдағалиев «Елтаңба»
Ситуация туғызу (сұрақ-жауап)
- Т. Молдағалиев кім?
- Мемлекеттік рәміздерді ата.
- Мемлекеттік тудың авторы кім?
- Мемлекеттік елтаңбада қандай бейнелер бар?
Т. Молдағалиев — 1935 жылы Алматыда дүниеге келген лирик ақын. Өлеңдері мен жинақтары кең тараған.
Нақты мәлімет
Мемлекеттік тудың авторы — Шәкен Ниязбеков, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі, Алматы қаласының бас суретшісі.
Елтаңбадағы негізгі нышандардың мәні
- Шаңырақ — «Отан отбасынан басталады» деген ұғым; «шаңырағың биік, босағаң берік болсын» деген тілек.
- Уықтар — ел-жұртқа береке, байлық, қуат тілеу нышаны.
- Қос пырақ — арыстанның жүректілігі, қыранның қырағылығы, еліктің шапшаңдығы сияқты қасиеттерді меңзейді.
- Бес бұрышты жұлдыз — «бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арман.
Мемлекеттік елтаңбаның авторлары: Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов.
Мәтінмен жұмыс
- Мұғалімнің мәнерлеп оқуы
- Тізбектей оқу
6) Сергіту сәті
Ән: Мемлекеттік елтаңба әуенін саз пәнінің мұғалімі Ж. Құралбек жазған.
7) Галереяны аралау: «Елтаңба сыр шертеді»
Слайдтар арқылы елтаңба орналасқан мемлекеттік орындарды көрсету және талқылау.
8) Есіңе сақта
Қазақстан Республикасы Конституциясы, 34-бап: Әркім мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті.
9) Қорытынды
Сабақта дауыссыз дыбыстардың жуан айтылуы дауыстыларға тәуелді екені ережемен және тапсырмалармен бекітілді. Сонымен қатар ҚР мемлекеттік рәміздерінің мәні талқыланып, елтаңба нышандарының мағынасы мен авторлары туралы білім толықтырылды.
10) Үй тапсырмасы
79-жаттығу.