Жіңішке дауысты дыбыстар

Сабақтың тақырыбы

Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш. Жіңішке дауысты дыбыстар.

Сабақтың мақсаты

  1. 1) Оқу және жазу дағдыларын жетілдіру

    Кіріктірілген (интеграцияланған) пәндер негізінде оқушылардың оқу мен жазу дағдыларын дамыту: мәтінді түсініп оқу, дауысты дыбыстардың жуан және жіңішке айтылуын түсіндіру, жаттығулар орындату.

  2. 2) Деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыту

    Деңгейлік тапсырмалар орындату арқылы білім, білік және қабілеттерін дамыту; сауатты оқу мен жазу дағдысын қалыптастыру.

  3. 3) Тәрбиелік бағыт

    Ана тілінің қадір-қасиетін терең түсінуге, тақырыпты зеректікпен әрі сауатты меңгеруге, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу.

Ұйымдастыру және әдістемелік негіз

Көрнекілігі

  • Тақырыптық суреттер
  • Сөздік сандықша
  • Деңгейлік тапсырмаларға арналған ойын материалдары
  • Үлестірме қағаздар
  • Дидактикалық ертегі материалдары

Сабақ түрі

Дамытушылық сабақ.

Әдіс-тәсілдері

Оқушыларға таныс ертегі желісі бойынша деңгейлеп, саралап оқыту тәсілдері.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, бейнелеу өнері, тіл дамыту, ертегі кітапшалары.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа даярлау, оқу құралдарын түгендеу.

Психологиялық сәт

Ойға толып санамыз,

Бестік болып бағамыз.

Баласындай бір үйдің

Тату болсын арамыз.

Өткен сабақты пысықтау

Бүгінгі сабағымыз да ерекше. Ана тілі сабағы бізге қазақ халқының ертегілерін тыңдауды, жырларын жаттауды, дастандарын оқуды, батырлардан ерлікті үйренуді үйретеді.

Бүгінгі сабақтың бағыты

Ендеше, бүгін біз «Ер Төстік» ертегісінің кейіпкерлерімен танысып, олардың кім екенін анықтаймыз.