Алтын киімді адам - Қазақстан Республикасының азаматтық символы
«Алтын – адамзат ашқан бірінші металл» (К. Маркс)
Алтын туралы қысқаша мәлімет
Атауы
Алтын
Реттік нөмірі
79
Тобы
I
Периоды
6
Электрондық құрылысы
5d10 6s1
Атомдық массасы
197
Электртерістілігі
2,54
Балқу температурасы
1064°C
Тығыздығы
19,32 г/см³
Тотығу дәрежесі
+3
Түсі
Ақ
Қазақстандағы алтынға қатысты жәдігерлер
«Алтын сақа»
«Алтын сақа» — Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Ақжар ауылына қарасты елді мекеннен табылған құнды жәдігерлердің бірі. Оны Жарқамыс ауылына жақын маңдағы Қаражар жайлауында мал бағып жүрген қойшы кездейсоқ тауып алған. Күн сәулесіне шағылысқан затқа жақындап келгенде, оның алтын сақа екенін аңғарған.
Қайда сақтаулы?
Қазіргі таңда жәдігер Астанадағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті музейінде сақтаулы.
Қайдан көруге болады?
Оның шағын нұсқасы мен суретін Байғанин аудандық музейінен көруге болады.
«Алтын киімді адам» және «Алтын адам» бейнесі
«Алтын киімді адам» — Қазақстан Республикасының азаматтық символдарының бірі. Ондағы тұлпар бейнесі еліміздің мемлекеттік елтаңбасынан орын алған. «Алтын адам» бейнесі Алматы қаласындағы Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументінде де көрініс табады.
Есік қорғаны және басқа табылымдар
Есіктен табылған Алтын адам — жалғыз емес. 2000 жылы Атырау облысындағы Аралтөбе қорымы маңынан сармат көсемі жерленген ескерткіш анықталды. «Атыраудың алтын адамының» киімі толықтай алтын әшекейлермен безендірілген: шашбауы, қару-жарағы, қорамсағы және асатаяғындағы самұрық бейнесі де алтынмен апталған.
Табылған бұйымдар
- Мәйіт жанынан екі жылқы мен қыран құстың сүйектері
- Жүзден аса жебесі бар қорамсақ
- Қыш бұйымдар мен құмыралар
- Қайқы қылыш
Шығыс Қазақстан облысындағы Берел қорғанынан да алтын киімді адам табылғаны белгілі.
Алтынның алынуы және қасиеттері
1843 жылы П. Р. Багратион гидрометаллургиялық әдіспен алтынды калий цианиді ерітіндісінде еріту арқылы алған.
Негізгі физикалық-химиялық сипаттамалары
- Ашық сары түсті, жылтыр.
- Жұмсақ, өте созылғыш және соғылғыш.
- Тамаша электр өткізгіш: күмістен кейін 2-орын алады.
- Тек селен қышқылында және «патша арағында» ериді.
Сіріңке басындай ғана алтынды шамамен 3 километр жіп етіп созуға болады.
«Патша арағындағы» реакциялар
«Патша арағында» атомдық түрдегі бос хлордың болуы оның тотықтырғыш қасиетін күшейтеді. Сол себепті «металл патшалары» саналатын алтын мен платина да ериді.
Теңдеу
Au + 3HCl + HNO3 → AuCl3 + NO + 2H2O
Түзілген алтын(III) хлориді артық мөлшердегі тұз қышқылымен әрекеттесіп, кешенді қосылыс — сутек тетрахлороаурат(III) H[AuCl4] түзеді.
Теңдеу
Au + 4HCl + HNO3 → H[AuCl4] + NO + 2H2O
Қолданылуы
Алтын жұмсақ болғандықтан, ол көбіне таза күйінде емес, мыс және күміспен араластырылған құйма түрінде қолданылады. Түрлі әшекей бұйымдар көбіне алтын мен мыстың құймасынан жасалады. Мұндай құймаларда әдетте 58,3% алтын болады (әшекей бұйымдарының сынамасы — 583).
Қазақстандағы алтын қорлары
Қазақстан алтын қоры бойынша әлемде 7-орын алады. Алтын қорлары төмендегі өңірлерде кездеседі:
Ақмола облысы
- Степняк
- Айдабол
- Жолымбет
- Бестөбе
Қостанай
- Жітіқара
Шығыс Қазақстан облысы
- Еспе
- Мизек
- Ақбастау
- Майқайың
Жезқазған
- Қоңырат