Білімділік мақсат
Биология (11-сынып): Адамның тірі табиғаттағы орны
Бұл сабақта Homo sapiens түрінің жануарлар дүниесіндегі жүйелік орнын қарастырамыз және адамның әртүрлі жүйелік топтарға жататынын дәлелдейтін негізгі белгілерді талдаймыз.
Білімдік мақсат
Адамның тірі табиғаттағы орны туралы түсінік қалыптастыру; Homo sapiens түрінің жүйелік орнын және оны анықтайтын белгілер мен қасиеттерді түсіндіру.
Дамытушылық мақсат
Оқушылардың ойлау, қабылдау, талдау және меңгеру дағдыларын дамыту; негізгі мәселелерді ажырата білуге үйрету; сөйлеу мәдениетін қалыптастыру және қосымша дереккөздермен жұмыс істеу қабілетін жетілдіру.
Тәрбиелік мақсат
Пәнге қызығушылықты арттыру, ізденіске ынталандыру; эволюцияның күрделі үдеріс екенін түсіндіру арқылы табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс
Тарих, география.
Құрал-жабдықтар
Оқулық, MindMap картасы, АКТ, Prezi.com.
Әдіс-тәсілдер
Сын тұрғысынан ойлау, зерттеушілік тәсілдер.
Сабақ түрі
Аралас сабақ.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- «Жағымды энергия»: оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне жақсы көңіл күй мен қолдау білдіреді.
- Берілген суреттер бойынша топтарға бөліну.
II. Білімді тексеру
BilimLand интернет ресурсы арқылы жаттығулар мен тест тапсырмалары орындалады.
III. Жаңа ақпаратты меңгеру
Проблемалық сұрақ
Адам — эволюцияның ең жоғары сатысы ма, әлде тек жоғары дамыған жануар ма?
- Prezi.com презентациясы арқылы жаңа ақпаратты талдау және түсіну.
- Мәтінмен жұмыс: кездескен жаңа ұғымдарды стикерлерге жазып отыру.
Негізгі ұғымдар мен тапсырмалар
1) Антропогенез және антропология
Оқушылар антропогенез (адамның шығу тегі мен қалыптасуы) және антропология (адам туралы ғылым) ұғымдарының айырмашылығын анықтайды.
2) Кестені талдау және салыстыру
Жануарларды жіктеудегі жүйелік топтарға тән белгілер арқылы адамның сол топтарға жататынын дәлелдеу.
Адамның жүйелік орны: топтар және ұқсас белгілер
Төмендегі тізім адамның жануарлар дүниесіндегі орны мен әр деңгейде кездесетін ортақ белгілерді жинақтайды.
-
1. Хордалылар (Желілілер) типі
Ұрық дамуы кезінде хорда (желі), жүйке түтігі, жұтқыншақтың екі бүйіріндегі желбезек саңылаулары байқалады.
-
2. Омыртқалылар (Бассүйектілер) тип тармағы
- Арқа жағында омыртқалар тізбегінен тұратын омыртқа жотасының болуы.
- Миы 5 бөлімнен тұрады: алдыңғы, аралық, ортаңғы, сопақша ми, мишық.
- Екі жұп аяқтың (алдыңғы және артқы) болуы.
- Жүрек құрсақ жағында орналасады.
-
3. Сүтқоректілер класы
- Денесінде түк болады, сүт бездері дамыған; ұрпағын тірі туып, сүтпен асырайды.
- Терісінде көптеген тер бездері болады.
- Кеуде және құрсақ қуыстарын көкет (диафрагма) бөліп тұрады.
- Тістер сүт және тұрақты болып ауысады; күрек, сойдақ, кіші және үлкен азу тістерге жіктеледі.
- Мойын омыртқасы — 7; ортаңғы құлақта 3 есту сүйекшесі бар (төс, балғашық, үзеңгі).
- Кейбір қалдық мүшелер сақталған.
-
4. Нағыз аңдар (Theria) класс тармағы
- Етті еріндерінің болуы.
- Ұрпағын тірі туып, сүтпен асырауы.
- Сүт бездерінің ұшында ұрпақ еметін емшек болуы.
-
5. Ұрықжолдастылар (Placentalia) инфракласы
Ұрық аналықтың арнайы мүшесі — жатырда дамиды. Жатыр мен ұрық арасында ұрықжолдасы (плацента) түзіліп, ұрық сол арқылы қоректенеді.
-
6. Маймылдар отряды (Приматтар)
- Кеуде тұсында бір жұп сүт бездерінің болуы.
- Бес саусақты қармалағыш қол-аяқ; саусақ ұштарында тырнақтар болады, тырнақтары жалпақ, үшкір емес.
- Басбармақтың басқа саусақтарға қарама-қарсы орналасуы.
- Көбіне бір ұрпақ беруі; етеккір кезеңінің ұқсастығы; жүктіліктің шамамен 9 айға созылуы.
-
7. Жоғары сатыдағы маймылдар отряд тармағы
- Көпшілік түрлерінде құйрықтың болмауы.
- Ми көлемінің төменгі сатыдағы маймылдарға қарағанда едәуір үлкен болуы.
- Қан топтары мен резус факторларының ұқсастығы.
-
8. Тар танаулы маймылдар инфраотряды
- Мұрын қуысының перде арқылы тар қуыстарға бөлінуі.
- Танау тесіктерінің бір-біріне жақын және төмен қарай орналасуы.
- Миының жақсы дамуы.
-
9. Адамтектес маймылдар тұқымдас үсті
- Тұлғасының ірі болуы, ұрт бұлшықеттерінің жақсы дамуы.
- Шонданай аймағында сүйелді түзілістердің болуы.
- Құлақ қалқаны мен көптеген ішкі мүшелерінің ұқсастығы; қалдық мүшелердің сақталуы.
- Иммундық қасиеттерінің ұқсастығы және бірқатар жұқпалы ауруларға бейімділіктің сәйкес келуі.
-
10. Адам тұқымдасы (Hominidae)
- Екі аяқпен тік жүру және тіршілік ету; аяқ-қол бұлшықеттерінің жақсы дамуы.
- Қол басбармағының ерекше дамуы және қолдың икемділігі (еңбек құралдарын жасауға мүмкіндік береді).
- Омыртқа жотасында 4 иілімнің пайда болуы.
- Бас сүйегінде ми сауытының бет бөлімінен едәуір үлкен болуы.
- Қоғамдық еңбекке байланысты сананың жетілуі және сөз арқылы қарым-қатынас жасауы.
-
11. Түрі: Саналы адам (Homo sapiens)
- Сана мен өзіндік рефлексияның жоғары деңгейде дамуы.
- Зат алмасудың жоғары деңгейде жүруі.
- Шығармашылыққа және мәдени әрекетке бейімділік.
Қорытынды тапсырма
3) Адамның шығу тегі туралы көзқарастар
«Сәйкестігін анықта» тапсырмасы: адамның шығу тегі мен тірі табиғаттағы орнын сипаттайтын тұжырымдарды дұрыс жұптастыру.
Жүктеу/ресурстар
«Адамның тірі табиғаттағы орны» тақырыбы бойынша қосымша материалдарды жүктеп, бекітуге арналған тапсырмалар орындау.