Қызыл алмаКішкентай қыз қолына екі алма ұстап отыр еді
Қызыл алма
Кішкентай қыз қолына екі алма ұстап отыр еді. Сол сәтте анасы ар жақтан ақырын ғана күлімсіреп келіп, кішкентай ханшайымынан: «Балапан, алманың біреуін маған бересің бе?» — деп сұрады.
Кішкентай қыз біресе алмаға, біресе анасына қарап тұрды да, кенет бір алманы тістеп алды, артынша екіншісін де тістеді. Күлімсіреп тұрған әйелдің жүзі бірден өзгеріп сала берді, бірақ ол мұны қызына білдірмеуге тырысты. Іштей ол сүйікті қызы алмасын бөліспегендей көрінгеніне ренжіп қалған еді.
Кенет қыз қолын созып, тістелген алмалардың бірін ұсынып: «Анашым, мына алманы жеңіз. Бұл әлдеқайда тәтті екен» — деді.
Түйін
Сіз ересек адам болсаңыз да, қаншалықты тәжірибелі әрі білімді болсаңыз да, асығыс шешім шығарудан абай болыңыз. Соңына дейін күтіңіз, түсіндіруіне мүмкіндік беріңіз.
-
Көргеніңіз әрдайым толық шындықты білдірмейді.
-
Шындық кейде көрінгеннің ар жағында жатады.
-
Сабыр — дұрыс түсінудің кілті.
Сабырлы болыңыз. Асықпай тыңдаңыз, байыппен бағалаңыз, содан кейін ғана қорытынды жасаңыз.
Дайындаған: Жайна