Жапырақтың сыртқы құрылысы
Сабақ тақырыбы: Гүлдің құрылысы
Сабақ мақсаты
- Өсімдіктердің көбею мүшесі — гүлдің құрылысы және гүл бөліктерінің қызметін түсіндіру.
- Табиғатты сүюге, әсемдікті бағалауға үйрету және эстетикалық талғамды қалыптастыру.
- Ойын элементтері арқылы есте сақтау мен шапшаңдық қабілеттерін дамыту.
Ұйымдастыру деректері
- Сабақ түрі
- Ойын-сабақ
- Көрнекілігі
- Суреттер, гүлдің макеті, тірек-сызба
- Пәнаралық байланыс
- Сурет, экология
- Оқыту әдісі
- Проблемалық, дифференциалды
Сабақ барысы
-
1
Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру және жұмысқа дайындау.
-
2
«Ер дәулеті — еңбек» бөлімі: өткенді қайталау
Қайталау бөлімінде ойын арқылы негізгі ұғымдар бекітіледі.
-
3
«Ырыс алды — ынтымақ» бөлімі: негізгі бөлім
Жаңа тақырыпты меңгерту және тапсырмалар арқылы ұғымдарды нақтылау.
-
4
«Бәрін білгім келеді» бөлімі: қорытындылау
«Алтын қақпа» ойыны арқылы білімді жинақтау және бекіту.
-
5
«Бейнет түбі — зейнет» бөлімі: бағалау
Оқушылардың белсенділігі мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау.
-
6
Үй тапсырмасы
Тақырыпты бекітуге арналған тапсырмаларды беру.
ІІ. «Ер дәулеті — еңбек»: өткенді қайталау
«5 алғың келсе» ойыны
Формат: жәшіктен сұрақ алып, жауап беру
- 1. Өсімдіктің өсінді мүшелеріне нелер жатады?
- 2. Фотосинтез және транспирация деген не?
- 3. Түрі өзгерген жапырақтарға мысал келтіріңдер.
- 4. Фотосинтезді алғаш сипаттаған кім?
- 5. Жапырақтың сыртқы құрылысы қандай бөліктерден тұрады?
- 6. Жапырақтың жүйкелену түрлерін атаңдар.
«Өсімдіктің көбеюі» ойыны
Формат: айналмалы барабан арқылы түскен тәсілді сипаттау
Шарты: айналмалы барабанға өсімдіктердің көбею тәсілдері жазылған топшамалар қойылады. Барабанды айналдырғанда түскен көбею жолын сипаттап, мысалдар арқылы түсіндіресіңдер.
Тәсіл
Пиязшық
Тәсіл
Түйнек
Тәсіл
Мұртшалар
Тәсіл
Телу
Тәсіл
Қалемше
ІІІ. «Ырыс алды — ынтымақ»: негізгі бөлім
Сөзжұмбақ тапсырмасы
Сабағымызды бастамас бұрын сөзжұмбақты шешейік: ерекше торкөзден қандай сөз шығады?
| № | Сұрақ | Жауап |
|---|---|---|
| 1 | Ең алғаш жасушаны микроскоп арқылы көрген адам кім? | Гук |
| 2 | Камбийден кейінгі қабат қалай аталады? | Сүрек |
| 3 | Шығу тегі мен атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы қалай аталады? | Ұлпа |