Құттықтаймыз сіздерді, Құрметті асыл аналар

«Айналайын ақ мамам!» ертеңгілігі

Мақсаты

  • 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесінің салтанатын сезіндіру.
  • Балалардың анаға деген махаббатын арттыру, аналарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Жүргізуші сөзі

Той пердесін ашайық, тойға шашу шашайық — аналарды құрметтеп, ән маржанын ашайық.

Ана дейміз — біріміз де аңқылдап,
Ана дейміз — жас сәби де жарқылдап.
Ана деген — бәйтерегі өмірдің,
Ана деген — алтын қазық, алтын бақ.

Құрметті аналар, апайлар, балабақша ұжымы және қыздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі — 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Күндей құлпырып, гүлдей жайнап, өміріміздің көркі болып жүре беріңіздер.

Бүгін ақ жаулықты әжелерді, асыл аналарды, ару қыздарды салтанатты мерекелеріңізбен құттықтаймыз.

Музыка

Көңілді әуен ойналады.

Хор: «Құттықтаймын, мама»

Өмірде ана — бұлақ, ана — пана,
Өмірді өркендетер — ана ғана.
Өсірген талай көсем, талай шешен,
Талай ер, талай ақын, талай дана.

Кішкентай бүлдіршіндердің жыр шумақтарын қабыл алыңыздар.

Рухия

Мен мұғалім анамның,
Өнегесін аламын.
Мен де ертең анамдай,
Оқытушы боламын.

Медина

Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған.
«Анашым!» деп мақтанам,
Айналайын, анашым!

Ы. Ерасыл

Жарқын жүзді жан анам,
Сендей болсын бар адам.
Сендей болса бар адам,
Шаттық кетпес баладан.

Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.

Аялап қолды талқытқан,
Қаймақты сүтпен қалқытқан.
Суық болса жүрегі,
Қорғасындай балқытқан.

Айналасына ас қойып,
Өзенді көлдей шалқытқан.
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей.
Исін жұпар аңқытқан —
Бұл кім, балалар?

Балалар: «Ана! Ана! Ана!»

Ән

Аналарға арналады: Ақниет орындауында «Анашым».

Көктемнің келуі

Наурыз — жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен, күн-ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.

Балалар, қараңдаршы: қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер бүр жара бастады. Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы — көктем. Олай болса, көктемді шақырайық!

Сахналық көрініс

Музыка әуенімен залға Көктем кіреді.

Көктем

Дала гүлге бөленеді,
Қуанышқа кенеледі.
Орман, тоғай, бақтарда —
Өйткені мен көктеммін.
Құстар сайрай жөнеледі,
Шұғыламды төккенмін.

Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын! Денсаулық, қуаныш, сұлулық тілеймін.

Жүргізуші

Сиқыршы Көктем, шақыруымызды қабыл алып, мерекемізге келгеніңізге рақмет!

Балалар, Көктем ханшайымы аналарымыздың есімдерін білгісі келеді.

Балалардың жауаптары: Алиасқар, Әділжан, Ақниет, Асылым, Ділдә, Медина, Дінмұхамед, Ы. Ерасыл, Сабыржан.

Көктем ханшайымы, балаларымыз сізге өз өнерлерін ұсынады.

Би

«Балапан» тобы тәрбиеленушілерінің «Гүлдер биі».

Көктем (оқиға)

Осы кезде көктемнің телефоны шырылдайды: «Жапырақтар шықпай жатыр ма? Кірпілер оянбай жатыр ма? Оларға көмектесуім керек — қазір ұшып барамын!»

Балалар, менің басқа да жұмыстарым бар, кетуім керек. Бірақ мен сендерге құр келмедім — сыйлық ала келдім. Мұны топқа барғаннан кейін апайларың таратып береді. Сау болыңдар!

Анаға арналған өлеңдер

Мәпелейді, әлдилейді, бағады,
«Құлыным» деп құшағына алады.
Өзгеге де, өзіне де жауапты —
Барлығына қалай уақыт табады?

Балаларымыздың аналарына арналған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.

Ақниет

Ақ анашым — аппақтым,
Өзің жайлы тақпағым.
Өзің жайлы әнім де —
Арнадым саған бәрін де.

Алиасқар

Сенен өскен балалар —
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз сіздерді,
Құрметті асыл аналар!

Ділдә

Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.

Жанель

Бізге қарап елжіреп,
«Сүйсем беттен, күнім!» деп.
Құшақ ашса «келші» деп —
Жүгіреміз күлімдеп.

Ойын

«Гүл жинау» — қызыл және сары түсті қызғалдақтарды себетке жинау.

  • Сары түсті гүлдер — ептілік, жылдамдық, шапшаңдық.

Ана деген — бәйтерегі өмірдің,
Ана деген — қуанышы өмірдің.
Ана деген — әрбір үйдің жылуы,
Ана деген — гүлі туған өмірдің.

Балаларымыздың келесі жыр шумақтарын тыңдаңыздар.

Диас

Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден,
Аналарға сыйлаймыз.

Асылым

Айналайын анашым,
Әлпештеген баласын.
Еміп өскен бөбекпіз,
Анамыздың мамасын.

Әділжан

Анам, анам — ақ анам,
Мен өзіңдей ақ балаң.
Айтқан тілді аламын,
Жұмсағанға барамын.

Сабыржан

Анамыздың мейірлі
Жүзіне біз қараймыз.
Анамыздың пейілді,
Жомарт жанға балаймыз.

Би

«Стирка» биі.

Қорытынды

Құрметті қонақтар, ата-аналар, тәрбиешілер! Бүгінгі «Балапан» тобының «Айналайын ақ мамам!» атты ертеңгілігі аяқталды. Ықылас қойып тыңдағандарыңызға рақмет!

Сөз кезегі

Ақерке бөбекжайының әдіскері — сөз кезегі беріледі.

Мекеме туралы мәлімет

Өңір
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы
Мекеме
«Ақерке» бөбекжайы КМҚК
Тәрбиеші
Төкешова Асель Қайырбековна