Сатып алушы
Мұғалім туралы мәлімет
Қарағанды қаласы, № 74 жалпы білім беретін орта мектептің орыс сыныптарына қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі — Зарубаева Лилия Елеуханқызы.
Сабақ туралы
Тақырыбы
Азық-түлік дүкенінде.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Сабақтың әдістері
- Сұрақ-жауап
- Сұхбат
- Мәтінмен жұмыс
- Сөзжұмбақ шешу
Көрнекілігі
- Тапсырма парақшалары
- Суреттер
Пәнаралық байланыс
Орыс тілі.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Жаңа сөздерді меңгеру.
- Жаңа сөздермен сөз тіркестерін және сөйлемдер құрастыру.
- Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
- Мәтінді түсініп оқу.
- Сұрақтарға толық жауап беру.
Тәрбиелік
- Оқушыларды сауатты жазуға баулу.
- Көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.
- Талдау жұмыстарын жүйелі жүргізуге тәрбиелеу.
Дамытушылық
- Ойлау қабілетін дамыту.
- Шығармашылық белсенділікті арттыру.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй жұмысын тексеру
Оқушылардың жазған шығармаларын тексеру және оқыту.
ІІІ. Жаңа сабақ
- Сабақтың тақырыбы, мақсаты және жүру барысымен таныстыру.
- 1-тапсырма: сұхбатты рөлге бөліп оқыңдар және өз беттеріңше аударыңдар.
Сұхбат: дүкендегі әңгіме
Сатып алушы
Сәлеметсіз бе?
Сатушы
Сәлеметсіз бе? Сізге не керек?
Сатып алушы
Маған сүт тағамдары керек.
Сатушы
Сізге қандай сүт тағамдары керек?
Сатып алушы
Сүт, айран, ірімшік, қатық керек. Олар қанша тұрады?
Сатушы
Сүттің 1 литрі — 130 теңге, айранның 1 литрі — 105 теңге, ірімшік — 95 теңге, қатық — 75 теңге. Не сатып аласыз?
Сатып алушы
1 литр сүт пен қатық беріңізші. Қанша төлеймін?
Сатушы
205 теңге.
2-тапсырма
Азық-түлік түрлерін және олардың бағасын жазбаша түрде жазыңдар.
Нұсқа
- Сүт — 130 тг (1 л)
- Айран — 105 тг (1 л)
- Ірімшік — 95 тг
- Қатық — 75 тг
Ескерту
Жауапты толық сөйлеммен де жазуға болады: мысалы, «Сүттің 1 литрі 130 теңге тұрады».