Оқушыларға Ақсақ құлан күйінің аңызы арқылы домбыра аспабының құдіретін жеткізу

Сабақтың тақырыбы

«Сөйле, шешен домбыра!» — аңыз күй «Ақсақ құлан».

Мақсаты

Оқушыларға «Ақсақ құлан» күйінің аңызы арқылы домбыра аспабының құдіретін жеткізу. «Әгугәй, домбыра» әнін үйрету.

Сабақ туралы

Сабақтың түрі:
Жаңа сабақ.
Оқыту әдістері:
сұрақ-жауап, түсіндіру, проблемалық оқыту.

Міндеттері

  • Танымдық қабілетті арттыру, ойын еркін жеткізуге жетелеу, есте сақтау қабілетін дамыту, күй тілін ұғына білуге үйрету.
  • Музыканы түсінуге баулу, ұлттық өнерді қастерлеуге тәрбиелеу, жан-жануарларға қастандық жасамауға үндеу.

Сабақтың барысы

  1. I

    Ұйымдастыру кезеңі

    Амандасу, назарды сабаққа аудару, сабақ мақсатын қысқаша хабарлау.

  2. II

    Үй тапсырмасын сұрау

    Өткен материал бойынша қысқа қайталау.

  3. III

    Білімді жан-жақты тексеру

    Сұрақтар арқылы есте сақтау мен түсіну деңгейін анықтау.

  4. IV

    Жаңа сабақ

    «Ақсақ құлан» аңызы, күй тыңдау және талдау.

  5. V

    Ән үйрету

    «Әгугәй, домбыра» әнін ырғақпен, вальс екпінімен үйрену.

  6. VI

    Білімді бекіту

    Сұрақ-жауап, домбырамен қосылып айту, қысқа қорытынды.

  7. VII

    Қорытындылау

    Сабақтан алынған негізгі ойларды жинақтау.

  8. VIII

    Үйге тапсырма

    Әнді жаттау, тақырыпқа сурет салу.

  9. IX

    Бағалау

    Белсенділік, тыңдау мәдениеті, орындау сапасы бойынша кері байланыс.

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, олардың назарын сабаққа аудару. Бүгінгі сабақты жақсы көңіл күймен өткіземіз: ән орындаймыз, музыка тыңдаймыз, домбыра шертеміз.

Дайындық

Ең алдымен дауыс аппаратын шынықтырып, қысқа жаттығулар орындаймыз.

II. Вокал: дауыс жаттығулары

Жаттығу: «Жаңғырық»

Мұғалім айтады, оқушылар қайталайды. Дыбыстарды 2–3 рет айту. Айтқан кезде ауызды дөңгелетіп, дыбыстың анық шығуына көңіл бөлу.

Мәтін

А-а-а, жаса мәңгі Қазақстан!

III. Өткен сабақты қайталау

Сұрақтар

  • Өткен сабақта қандай ән үйрендік?
  • Әннің мазмұны не туралы?
  • Алдымызда қандай мереке келе жатыр? (Тәуелсіздік мерекесі)
  • Өз туған жеріңді сүйесің бе?
  • Ән қалай орындалады? Темпі қандай?
  • Ән басталар алдында әуеннен нені естиміз? (Кіріспе)
  • Кіріспе бізге не үшін керек?

«Қазақстан» әні

Б. Бейсенова

1-шумақ

Сүйем сені, жасыл жайлау, ата мекенім,
Сұлу Көкше, Алатауды жырлап өтемін.

Қайырмасы:
А-а-а, жаса мәңгі Қазақстан!
А-а-а, жайна сен де, Астанам!

2-шумақ

Көк байрағың күлімдесін әркез биіктен,
Туған жердің топырағын өтем сүйіп мен.

3-шумақ

Халқым менің кешсін деймін өмір дәулетін,
Бақыт қонған шаңырағың болсын сәулетті.

Өтпелі сәт

Музыкалық үзінді қосылып, оқушылардың назары күйге аударылады: «Қазір біз не естіп тұрмыз? Бұл қандай аспапта орындалып жатыр?»

IV. Жаңа сабақ: «Сөйле, шешен домбыра!»

Сабақ мақсатын бірге анықтаймыз

Бұл сабақта домбыраның «сөйлей алатынын» аңыз күй «Ақсақ құлан» арқылы түсінеміз.

Жұмыс түрлері

  • Аңыздың шығу тарихымен танысу.
  • Мультфильмнен үзінді көру, күй тыңдау.
  • Тыңдалған күйді талқылау.

Тыңдау мәдениеті

  • Тыңдап отырған кезде тыныштық сақтау.
  • Әуеннің көңіл күйін, динамикасын, бейнелеуін байқау.
  • Өз әсеріңді нақты, қысқа сөйлеммен айту.

Сұрақ-жауап

  • Күйді тыңдағанда қандай әсер алдыңдар?
  • Бұл күйді бұрын естідіңдер ме, әлде мультфильмнен таныс па?
  • Жан-жануарларға қастандық жасауға бола ма? Неліктен?
  • Неге құлан ханның баласын теуіп өлтірді?
  • Тиюге болмайтын киелі құстарды білесіңдер ме?
  • Осы күй арқылы домбыра «сөйлейді» деп айта аламыз ба?

Домбырамен қосылып айту

Домбыраның «Балаң өлді, Жошы хан…» деген тұсын бірге айтып көреміз.

Қайталау

БА-ЛАҢ ӨЛ-ДІ ЖО-ШЫ ХАН,
БА-ЛАҢ ӨЛ-ДІ ЖО-ШЫ ХАН

Кейін 1–2 оқушыға жеке орындатып, қысқа кері байланыс беріледі.

V. Жаңа ән: «Әгугәй, домбыра»

Әні:
А. Қоразбаев
Сөзі:
Т. Қажыбаев

Бүгінгі тақырыпқа сәйкес «Әгугәй, домбыра» әнін үйренеміз. Оқулықтың 91-бетін ашып, мәтінді талдап, шумақтарды оқимыз.

Ән мәтіні

1-шумақ

Әсем әуен дала кезіп барады,
Ару балқып, жігіт төмен қарады.
Селт етерлік сезім кетті сел болып,
Домбыраның, әгугәй-ай, күй төккенде шанағы.

2-шумақ

Перне қуған сүйрік саусақ салалы,
Кейде желіп, кейде орғып шабады.
Сала құлаш шанағынан сыңсыған
Аққу ұшып, әгугәй-ай, қаздар қайтып барады.

3-шумақ

Тұлпарлардың дүбір қаққан тұяғы,
Көкірекке сырлы сарын құяды.
Сыңғырлаған сан мың әуен, япыр-ау,
Шанағына, әгугәй-ай, қалай ғана сыяды?

Ырғақ пен екпін

Ән вальс ырғағымен орындалады: бір-екі-үш, бір-екі-үш.

Ырғақты шапалақпен көрсетеміз: мұғалім көрсетеді, оқушылар қайталайды. Әсіресе 1–2 жолын 2–3 рет қайталап, дұрыс интонацияға мән береміз.

Орындау дағдысы

  • Дыбысты анық, жұмсақ шығару.
  • Сөздің дикциясын сақтау.
  • Толық орындағанда вальс екпінін отырып сезіне білу.

VI. Қорытынды және бекіту

Қорытынды сұрақтар

  • Ән айту үшін дыбыстарды қалай орындау керек?
  • Бүгін не көрдік, не тыңдадық?
  • Жан-жануарларға қорлық жасамау керектігін түсіндік пе?
  • Қасиетті қара домбыра «сөйлей алады» деген тұжырымға келе аламыз ба?
  • Сабақ ұнады ма? Несімен ұнады?

VII. Үй тапсырмасы

1) Ән

«Әгугәй, домбыра» әнін жаттау.

2) Шығармашылық жұмыс

«Ақсақ құлан» тақырыбына сурет салып келу.

VIII. Бағалау

Бағалау критерийлері: сабақтағы белсенділік, сұрақтарға жауап беру, тыңдау мәдениеті, әнді және ырғақты дәл орындау, домбырамен қосылып айтуға қатысу.