Армысыздар қасиетті аналар
Мақсаты мен тәрбиелік мәні
Бұл сайыс 8 Наурыз — Халықаралық әйелдер күніне арналған. Негізгі мақсат — анаға деген сүйіспеншілік пен мейірімді арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі болуды үйрету. Оқушы бойында қазақ қызына тән ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты көркем қасиеттерді қалыптастырып, халық педагогикасы негізінде қыздар мен жігіттерді ұлттық киім үлгілерімен таныстыру.
Тәрбиелік бағыт
Мейірім, әдеп, сыйластық, ізеттілік дағдыларын күшейту.
Ұлттық құндылық
Салт-дәстүрді қадірлеу, ұлттық киім мен қолөнерді таныту.
Оқушы әлеуеті
Өнер мен білімді қатар ұштастырып, өзін-өзі танытуға мүмкіндік беру.
Нақыл сөздер — ойдың өзегі
Мерекелік кештің мазмұнын тереңдетіп, ұлттық тәлім-тәрбиені айқындайтын нақыл сөздер оқушыларға ой салады, қадір-қасиетті дәріптейді.
«Қыз — ауылдың көркі. Жігіт — ауылдың серісі.»
«Әже көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.»
«Қыз өссе — елдің көркі, гүл өссе — жердің көркі.»
Мұғалімнің құттықтау сөзі
Құрметті асыл аналар, қадірлі ұстаздар, оқушылар!
Көктемнің шуағы төгілген шақта мейірім мен әсемдік сыйлайтын Аналар мерекесі де келіп жетті. Бүгінгі 8 Наурыз мерекесі құтты болсын! Баршаңызды көктем мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Бұл — көктемнің шуақты күндерімен сабақтасып келетін, тойламайтын халық жоқ мерейлі мейрам. Біз бәріміз де ананың ақ сүтімен нәр алып, нұр алып өсіп-өніп келеміз. Күллі дүние абзал да асыл жандардың алдында бас иеді. Ол — Ана.
Ана туралы ой
Үш-ақ әріптен құралған «Ана» сөзінің астарында үлкен мән жатыр. Тіршіліктің қайнар көзі, мейірімнің кәусар бұлағы — Ана есімінен артық қасиетті, киелі ұғым жоқ.
Әлемге әйгілі ақын-жазушылар мен ғұламалардың ана жайлы айтып, жазып қалдырған асыл сөздері қаншама. Әр ана баласының ақылды, саналы, әдепті болып өсуін қалайды. «Ананың алдында асқар тау да аласа» деген халық сөзі бекер айтылмаса керек.
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар да талай даналарды аналардан тарағанын жырлаған. Ана — тіршіліктің тірегі.
Армысыздар, қасиетті аналар!
Сайысқа қош келдіңіздер
Қатысушылар
Бүгінгі сайысымызға мектебіміздің мақтаныштары — өнері мен өнегесі жарасқан ару қыздарымыз және он саусағынан өнер тамған сері жігіттеріміз қатысады. Қатысушыларды қошеметпен қарсы алайық!
Әділқазылар алқасы
Сайысымызды саралап, таразылап, бүлдіршіндердің өнерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасын сайлайық. Әділдікпен қарап, қара қылды қақ жарар бағаларыңызға сенеміз.
Шарттарымен таныстыру
- Таныстыру
- Ұлағатты ұлттық ұғымдар (сұрақ-жауап)
- Қолөнер (құрақ құрау, түйме қадау)
- Сән думан (ұлттық киім үлгілерін көрсету)
- Салт-дәстүр. Айтыс
- «Өнерлі өрге жүзер»
-
Ұлдар сайысы:
- Сұрақ-жауап
- Мақал-мәтелді жалғастыру
- Күш сынасу
Кештің ұраны
Ұлтымыздың салт-дәстүрін қадірлейік,
Жастарды имандылыққа әзірлейік.
Тәрбие мен білімді тең игеріп,
Болашағы қазақтың деп тілейік!
Ендеше, бүгінгі «Балдырған арулар мен сал-серілер» сайысын бастаймыз.