Топтардың пікірлерін тыңдау

Ұзақ мерзімді жоспар (5-сынып)

Сабақтың тақырыбы

Проценттерге есептер шығару

Оқу мақсаты

Процент (пайыз) ұғымын меңгеру.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаны қолдану.

Сабақ мақсаттары

  • 1

    Барлық оқушылар:

    Пайыздың анықтамасын біледі және бұрынғы алған білімдерін (ондық бөлшектерді бөлу, көбейту, қосу, азайту) қолдана алады.

  • 2

    Басым көпшілігі:

    Пайыздың анықтамасын және ережелерді қолдана отырып, есептер шығарады.

  • 3

    Кейбір оқушылар:

    Пайызға қатысты логикалық мәтінді есептерді шығара алады.

Тілдік мақсаттар

  • Пайызды дұрыс оқиды.
  • Ережелерді түсіндіре алады.
  • Есептерді талқылайды.
  • Өз ойын басқаларға жеткізіп, қорытынды жасайды.

Құндылықтарға баулу

Оқушылар ынтымақтастық ортада жұмыс істейді. Бір-бірімен өзара әрекеттесу арқылы өзгенің пікірін тыңдауға және өз пікірін ашық айтуға дағдыланады.

Пәнаралық байланыстар

Оқушылар пайыз ұғымын түсініп, оны экономикада және халық шаруашылығында қолдана алады.

Сабақ барысы

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.

Біз оқушы баламыз,

Пайызды біліп аламыз.

Көбейту, қосу, азайту —

Есепті тез шығарып,

Жақсы баға аламыз!

Сәттілік! Сәттілік! Сәттілік!

1) Топқа біріктіру

Оқушыларды санақ арқылы 3 топқа бөлу.

2) Үй тапсырмасы

№1684 және №1685 есептері. Тақтаға 2 оқушы шығарады.

Бағалау (ұпай):

  • 2 ұпай — дұрыс орындалса
  • 1 ұпай — жартылай дұрыс болса
  • 0 ұпай — қате болса

3) «Миға шабуыл»: сұрақ-жауап

  1. Ондық бөлшектерді 10, 100, 1000 натурал сандарына көбейту ережесін айтыңыз.
  2. Ондық бөлшектерді 10, 100, 1000 натурал сандарына бөлу ережесін айтыңыз.
  3. 100% ұғымының мағынасын түсіндіріңіз.
  4. Бөлшекті немесе натурал санды процентпен жазу үшін қандай амал қолданамыз?
  5. Процентпен берілген санды ондық бөлшекпен немесе натурал санмен жазу үшін қандай амал қолданамыз?

Жауапты бағалау (ұпай):

  • 2 ұпай — толық әрі дұрыс жауап
  • 1 ұпай — жартылай жауап
  • 0 ұпай — жауап бермеді / білмейді

Сабақтың ортасы

Бүгінгі сабақ «Кім жылдам?» форматындағы математикалық ойын ретінде өтеді.

1-кезең: топтық тапсырма

Әр топқа 10, 20, 50 теңгелік майда тиындар беріледі. Әр топта жалпы сомасы 100 теңге болатындай етіп үлестіріледі.

1-топ тапсырмасы

10 теңге 100 теңгенің қанша пайызын құрайды?

2-топ тапсырмасы

20 теңге 100 теңгенің қанша пайызын құрайды?

3-топ тапсырмасы

50 теңге 100 теңгенің қанша пайызын құрайды?

2) Топтардың пікірін тыңдау

Топтар бір-бірін «От шашу» әдісі арқылы бағалайды.

Мектеп туралы мәлімет

Білім беру ұйымы

Е. Сиқымов атындағы орта мектебі, мектеп жанындағы интернат.

Мұғалім

Мұқамет Жазиман

Құжат атауы: Ұзақ мерзімді жоспар — «Проценттерге есептер шығару».