Астана еліміздің бас қаласы

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың тақырыбы

«Өз Астанам – өз ордам» (Несіпбек Айтұлы). Тасымал.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер

Компьютер, видеопроектор, слайдтар, суреттер, сызбалар.

Пәнаралық байланыс

Математика, музыка.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларды Қазақстанның астанасы – Астана қаласымен және оның тарихымен таныстыру. Отанға, туған елге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.

Дамытушылық

Сөздік қорын, тілін дамыту; ойлау, көру, сезіну, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік

Елжандылыққа, туған жерді сүюге, түсінгенінен қорытынды шығара білуге тәрбиелеу.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сыныптың дайындығын тексеру.

2) Психологиялық дайындық

Өлең жолдары:

Амансың ба, алтын күн,

Амансың ба, көк аспан,

Амансың ба, достарым!

Жалқаулықты тастайық,

Сабақты біз бастайық.

Қонақтарымызбен амандасайық:

Үлкенге де — сіз,

Кішіге де — сіз,

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.

(Бүгінгі күн мен аптаның атауын айту.)

3) Үй тапсырмасын тексеру: «Бинго» ойыны

Ойын шарты: түскен санға сәйкес жұмбақты шешеміз. Жауаптардың алғашқы әріптерін қосып, сөз құраймыз. Нәтижесінде «АСТАНА» сөзі шығады.

Жұмбақтар

  • 1. Түнде жерге жарық береді, ал күндіз жоғалып кетеді.

    Жауабы: Ай

  • 2. Сырт-сырт етеді, құлағыңа өтеді.

    Жауабы: Сағат

  • 3. Тастамайды бір елі, үйін сүйреп жүреді.

    Жауабы: Тасбақа

  • 4. Қолыма иіріп атқаным не?

    Жауабы: Асық

  • 5. Күнде жейміз, тәтті дейміз, қадір тұтып құрметтейміз.

    Жауабы: Нан

  • 6. Өзі қызыл, өзі тәтті, татқан жанды таңырқатты.

    Жауабы: Алма

Құрастырылған сөз: АСТАНА

4) Жаңа тақырып

Тақырып

Тасымал.

Мәтін

«Өз Астанам – өз ордам» (Несіпбек Айтұлы).

Астана туралы сұрақ-жауап

  1. Біздің Отанымыз қай ел? — Қазақстан Республикасы.
  2. Отанымыз қандай? — Кең-байтақ, бай, көпұлтты.
  3. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата. — Ту, Елтаңба, Әнұран.
  4. Әнұранның авторлары кім? — Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, Шәмші Қалдаяқов.
  5. Еліміздің Президенті кім? — Н. Ә. Назарбаев.
  6. Тәуелсіз мемлекетіміздің астанасы қай қала? — Астана.
  7. Астанада қандай ғимараттар бар? — Бәйтерек, Хан Шатыр, Думан және басқа да мәдени-әлеуметтік нысандар (оқу орындары, мектептер, кітапханалар, ауруханалар).
  8. Бәйтеректің биіктігі қанша? — 97 метр.
  9. Астана арқылы қандай өзен ағады? — Есіл өзені.

Ескерту: сұрақтар оқу бағдарламасына сай қайталану және бекіту мақсатында берілген.

5) Автор туралы

Несіпбек Айтұлы — 1950 жылы 22 қыркүйекте Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданына қарасты Теректі ауылында, «Апиынды бұлақ» деген жерде дүниеге келген.

1962 жылы ата-анасымен тарихи атамекенге оралып, бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Баршатас ауылында орта мектепті тәмамдаған. Еңбек жолын Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде бастаған.

Шығармалары (таңдамалы)

  • «Түнделеп ұшқан тырналар»
  • «Рухымның падишасы»
  • «Мұқағали – Желтоқсан»
  • «Бәйтерек»
  • «Бала-бақшаға барар жолда»
  • «Желкілдеп өскен құрақтай»
  • «Күміс күйме (Серебряный сундучок)»
  • «Қартаймайды күн неге?»
  • «Ескендір қорғаны» (Ә. Науан)

Көрнекі жұмыс

Картадан Астана қаласын көрсету.

Бейнематериал

Астана туралы видеоролик көрсету.

Астана туралы танымдық мәлімет

Әр елдің баласы өз Отанын, туған жерін қадірлей білуі керек. Астана — еліміздің бас қаласы.

Ресми тұсаукесер

1998 жылғы 10 маусым.

Қаланың негізі

1932 жылы қаланған (Ақмола).

Атау тарихы

1968 — Целиноград; 1992 — тарихи атауы қайтарылды.

Астана — Қазақстанның жаңа келбетін айқындайтын қала. Қаланың аумағы шамамен 70 шаршы шақырым. Ол күн сайын, сағат сайын өркендеп келеді.

Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген жаңа астананың символдарының бірі — Бәйтерек монументі. Оның рухани мағынасы қазақ халқына жақын, терең мазмұнға ие.

Дереккөз белгісі

Астана қаласы, №32 мектеп-гимназия.

Бастауыш сынып мұғалімі: Ахметжанова Меруерт Мұхтархановна.

Материал: «Өз Астанам – өз ордам» (Несіпбек Айтұлы). Тасымал.