Түлкі мен қасқыр ертегісінің бөліктерін анықтау

Сабақтың тақырыбы

Мәтін.

Сабақтың мақсаты

  1. Мәтіннің бөліктері туралы түсінік беру; дұрыс құрылмаған мәтінді қайта құру арқылы сөйлемдердің өзара байланысын көрсету; мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау.
  2. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі арқылы теориялық ойлауын және сөйлеу тілін дамыту.
  3. Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың сипаты

Сабақтың түрі
Ертегі сабақ.
Принциптері
Біртұтастық, жүйелілік, ғылымилық.
Әдістері
Түсіндіру, көрнекілік, талдау, жинақтау, ой қозғау, мағынасын ашу, ойын.

Көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Слайдтар
  • Сюжетті суреттер
  • Үлестірме қағаздар
  • Балық шаблондары

Сабақтың барысы

Сабақ ойын элементтері арқылы ұйымдастырылады: әр дұрыс жауап үшін бір «балық» беріледі. Сабақ соңындағы бағалау жиналған балық санына байланысты қойылады.

I

Бағдарлау – мотивациялық кезең

  • Сәлемдесу.
  • Оқушылардың қызығушылығын ояту: «Түлкі мен қасқыр» ертегісінен көрініс үзіндісі.

Диалог (үзінді)

Мұғалім: Балалар, бүгін біздің сабаққа ертегілер елінен қонақтар келіпті.

Түлкі: Балалар, бүгін біз сендерге қонаққа келдік. Ертегіні өз ретімен орналастырып, бізге балық жинауға көмектесіңдер! Әр дұрыс жауапқа бір балық. Кім көбірек балық жинаса, соған сыйлығымыз бар!

Мұғалім: Бүгін берілген тапсырмаларды орындап, Түлкі мен Қасқырға балық жинауға көмектесейік. Сабақта жинаған балық санына қарай бағаланасыңдар.

1-тапсырма

«Майда бар, сайда жоқ» — М әрпі. Көркем жазу минуты: Мм.

2-тапсырма

Көру диктанты (ертегіге қатысты сөздер): мәтін, түлкі, суат, ауыл, балық, байғұс, құйрық, ойық, қасқыр. Слайд арқылы өзін-өзі тексеру және бағалау жүргізіледі.

II

Операциялық – орындаушылық кезең

Естеріңде болсын!

Мәтін құрамындағы сөйлемдердің өз орны болады. Тек бір-бірімен мағыналық байланысы бар сөйлемдер ғана мәтінді құрайды.

Оқулықпен жұмыс

  • 59-бет, 159-жаттығу (жазбаша): өлеңнің не туралы екені анықталып, ат қойылады.
  • Талқылау сұрақтары: «Орындықты қалай жасады?», «Ол үшін не керек?», «Өлеңге қандай ат қоясың?» — сұрақтар арқылы тәрбиелік мәні ашылады.

160-жаттығу: мәтінді қайта құрастыру

Орындары ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құрастырып жазу. Сөйлемдерді дұрыс ретке келтіру «аққала» макетімен салыстыру арқылы түсіндіріледі.

Сұрақтар

  • Аққаладан нені байқадыңдар?
  • Оның бөліктері дұрыс орналасқан ба?
  • Кім дұрыстап орналастырып береді?

Сол сияқты, 160-жаттығудағы сөйлемдерді де дұрыс орнына қоямыз (интерактивті тақтада).

Тексеру үшін үлгі мәтін

Мынау — менің бөлмем. Оның терезелері үлкен. Оң жақта менің төсегім тұр. Сол жақта үстел мен орындықтар қойылған. Бөлменің ауасы таза.

Сергіту сәті

«Ұлпа қарды ұстап ал» (слайд арқылы).

Кесте: мәтіннің құрылысы

  • Басы
  • Негізгі бөлім
  • Соңы

Ұжымдық жұмыс: суреттерді ретімен орналастыру

«Қасқыр мен түлкі» ертегісі бойынша берілген суреттерді ретімен орналастырып, оқиға желісін құрастыру.

Топтық тапсырмалар

  1. Мәтін деген не?
  2. Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай табамыз?
  3. Сөйлем деген не?
  4. Сөйлемнің түрлерін ата.

Ертегінің бөліктерін анықтау

«Түлкі мен қасқыр» ертегісіндегі басы, негізгі бөлімі, соңы ажыратылады.

«Түлкі мен қасқыр» ертегісінің құрылымы

Басы

Балық аулап келе жатқан шалдың балығын жегісі келген түлкі «өлген» болып өтірік жата қалады.

Негізгі бөлім

Шал оны көріп, «кемпіріме жаға болатын болды ғой» деп шанаға салып алады. Түлкі «тіріліп», жол-жөнекей балықтарды лақтырып отырады. Шана босаған соң өзі түсіп қалады.

Соңы

Қасқыр «Сонша балықты қайдан алдың?» деп сұрайды. Түлкі оны «ауыл шетіндегі суаттағы ойыққа құйрығыңды батырып отырсаң, көп балық аулайсың» деп алдайды. Қасқыр сеніп, адамдардан таяқ жеп, ақырында құйрығынан айырылып қалады.

III

Рефлексиялық – бағалау кезеңі

Бекіту сұрақтары

  • Мәтіннің бөліктерін ата.
  • Мәтіндегі сөйлемдер қалай орналасады?
  • Бүгінгі сабаққа қандай қонақтар келді?
  • Олар қандай мақсатпен келді?
  • Ертегі немен аяқталды?

Қыста қорек табу қиын болғандықтан, Түлкі мен Қасқырға балық жинауға көмектескен балаларға алғыс айтылады.

Бағалау (балық саны бойынша)

  • 10 балық — «5»
  • 9–7 балық — «4»
  • 6–4 балық — «3»

Қоштасу сөздері

Түлкі: Сау болыңдар, достар! Жақсылықтарыңды ұмытпаймыз.

Қасқыр: Балалар, рақмет сендерге! Әрқашан сабақтарыңды жақсы оқыңдар!

Сабақ аяқталады.