Қуанышы халықтың, Құтты болсын қадамың

Наурыз келді — жаңару мен жақсылықтың бастауы

Наурыз келді, алақай! Жер көгереді, балақай! Күлімдеген, шуақты көктеммен бірге қазақ даласына Жаңа жыл келді. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке әр шаңыраққа бақыт пен қуаныш сыйласын!

Тәрбиешінің құттықтауы

Армысыздар, құрметті қонақтар! Ұлыс күндеріңіз құтты болсын!

Келе жатыр жылымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз.

Халқы сүйген мейрамды

Қарсы алайық — Наурызды!

Наурыз қыздың ақжарма тілегі

(Наурыз қыз музыкамен ортаға шығады.)

Мен — Наурыз қызбын,

Қыздарым да қасымда.

Ұлыс күнге жеттік міне асыға,

Келген жылым жақсылыққа басташы.

Қуанышпен әр үйдің

Босағасын атташы.

Балалардың жыр-тілектері

Айша

Сәнді көктем — Наурыз!

Наурыз тойы — жырымыз.

Көңіл гүлдей жайнасын,

Құлпырсын күн мен ай.

Құтты болсын Наурыз! Қош келіпсің, Наурыз!

Сабира

Арман тойы — халықтың,

Қуанышы — халықтың.

Құтты болсын қадамың!

Би биледік бәріміз!

Нұрсезім

Егін өңін толқытқан,

Елдің көңілін шалқытқан.

Бас иеміз — Наурыз!

Камила

Бар әлемге жар салып,

Сәлем бердік біз сізге!

Дастарханға шақыру

Рақмет! Төрлетіңіздер, дастархан басына жайғасыңыздар. Наурыз — жыл басы, қуаныш пен берекенің мерекесі. Наурыз — бақыт пен шаттық мерекесі. Наурыз — көктем мерекесі.

Ән

«Көктем келді»

Салт-дәстүр және ұлттық ойын

Келесі кезекті осы қасиетті мерекеге арналған салт-дәстүрге береміз. Ұлыстың ұлы күнін бізбен бірге қарсы алып, Наурыз мейрамын бірге тойлайық!

Алдардың тартуы

Рахмет! Мен сіздерге құр қол келген жоқпын. Ұлттық ойындардың бірі — асық ату ойынын ойнауға бір дорба асық ала келдім.

Ойын: Асық ату

Ақ бата

(Жер-ана бата беріп, шашу шашады.)

Жетегің бұйда болсын,

Арқаң шуда болсын.

Беретін асың болсын,

Көретін жасың болсын.

Бесігің алдыңнан түспесін,

Басыңнан жақсылық кетпесін.

Жамандық саған жетпесін.

Қадірлі аналарға құрмет

Аяулы да қасиетті аналар, мерекелік дастарханымызға төрлетіңіздер!

Наурыз көже — береке дәмі

Наурыз мейрамында ауыл-ауылды аралап, Наурыз көже ішу — игі дәстүр. Наурыз көже — ең дәмді әрі тойымды, құнарлы тағамдардың бірі.

Ән

«Наурыз — мереке»

Наурыз қыз ауылдарды аралап, қыдырып қайтуға аттанады.