Жаңа тақырып Қымыз - емдік сусын

Сабақтың қысқа мерзімді жоспары

Білім беру ұйымы: Индустриалды жалпы білім беретін орта мектебі

Пән: Қазақ тілі (9-сынып)

Мұғалім: Е. А. Абдрахманов, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Тақырып: Қымыз — емдік сусын

Мақсаты

Қымыз сусыны және оның түрлерімен таныстыру; үстеудің мағыналық түрлерін меңгерту арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту.

Міндеттері

  • Оқушылардың ұлттық тағамдар туралы түсінігін кеңейту, ұлттық сусын — қымыз туралы жүйелі мәлімет беру.
  • Жаңа сөздермен таныстыру; мәтін ішінен үстеулерді тауып, олардың мағыналық түрлерін анықтау.
  • Мәтінді түсіне оқыту арқылы ауызекі сөйлеу тілін дамыту, лексикалық қорын байыту.
  • Тапсырмалар арқылы сауаттылықты арттыру.
  • Салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
  • Ұлттық тағамдардың пайдасын ұғындырып, дәрумені мол әрі табиғи таза өнімдерді тұтынуға, дұрыс тамақтану мәдениетіне баулу.

Қолданылатын модульдер

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту Дарынды және талантты оқушыларды оқыту АКТ Оқытуды басқару және көшбасшылық

Стратегиялар

Сұрақ–жауап

Түрткі сұрақтар арқылы ой қозғау.

Кластер

Тақырыпты жүйелеу, ұғымдарды топтау.

Сөздікпен жұмыс

Жаңа сөздерді меңгерту, белсенді қолдану.

«Жұптас–ойлан–бөліс»

Талқылау арқылы тілдік дағдыны күшейту.

Қосымша: интернет ресурстары және мобильді телефон арқылы тапсырмаларды орындауға қолдау көрсету.

Сабақ барысы

Психологиялық ахуал

  • Амандасу, жылы лебізбен қарсы алу.
  • «Молекула» тренингін өткізу.

Топқа бөлу

Тақырыпқа байланысты қиынды парақшалар арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу.

«Миға шабуыл»

Түрткі сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбын ашу: қиынды парақшалардан құрастырылған суреттердің ортақ идеясы қандай? Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болмақ?

Жаңа тақырып

Тақтаға күн мен сабақтың тақырыбы жазылады: «Қымыз — емдік сусын». Оқушылардан: «Бүгінгі сабақтан нені білгілерің келеді?» — деген сұрақ арқылы мақсат анықталады. Қойылған мақсатқа жету үшін интернет жүйесі мен мобильді құрылғыларды орынды қолдану ұсынылады.

Сабақ эпиграфы

Үйірілген сары алтындай сары қымыз,

Ауруға — ем, сауға — қуат, дәрі қымыз.

Елімнің сүйген асы,

Шығаршы, тағы нең бар кәрі қымыз.

Ж. Жабаев

Жаңа сөздер

Қымыз

Кобылье молоко (кумыс)

негізгі ұғым

Саумал қымыз

Только что заквашенный кумыс

жаңа

Түнемел қымыз

Однодневный кумыс

1 күн

Тай қымыз

Двухдневный кумыс

2 күн

Құнан қымыз

Трехдневный кумыс

3 күн

Дөнен қымыз

Четырехдневный кумыс

4 күн

Бесті қымыз

Пятидневный кумыс

5 күн

Сүр қымыз

Выдержанный кумыс

көп сақталған

Тірек сөздер

Ашыту
Заквасить
Қор
Закваска
Түшкіру
Чихать
Ем
Лечение
Бағалы
Ценный

Грамматикалық бөлім

Үстеу туралы ережені сұрау: мәтіннен үстеулерді тауып, мағыналық түрлерін анықтау тапсырмасы беріледі.