Кемпірқосақ түстерін пайдалану

Ашық сабақ жоспары (1 «Ә» сыныбы, математика)

Сабақтың тақырыбы

8 санын қосу және азайту

Сілтеме

Математика (1-сынып), әдістемелік құралдар, слайдтар, сабақ жоспары

Сабақтың мақсаты

  • Қосу және азайту амалдарына құрылған есептерді шығарту арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту.

  • Білімді тереңдету, жүйелеу және математикалық тілде сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

  • Пәнге қызығушылықты арттыру; сенімділікке, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа және ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Міндеттер

Оқушыға бағытталған міндеттер

  • Алған білімін жүйелеу және тақырып бойынша қорытынды жасау.

  • Білімді күнделікті өмірде қолдану және амалдардың мағынасын ажырата білу.

Мұғалім үшін оқу нәтижелері

  • Оқуға бағыт-бағдар беру.

  • Топтық жұмыс арқылы тақырыпты меңгерту және есептеу дағдыларын дамытуға жағдай жасау.

  • Оқушылардың өзін және сыныптастарын бағалау мүмкіндігін қалыптастыру.

Сабақтың түрі және әдіс-тәсілдері

Жұптық жұмыс Диалогтық оқыту Сыни тұрғыдан ойлау (СТО) Топтық жұмыс Сұрақ-жауап Түсіну Талдау Қолдану Қорыту

Көрнекіліктер мен ресурстар

  • Видеопроектор, слайдтар

  • Фотоаппарат

  • Түрлі түсті карточкалар

  • Топтық тапсырмалар жазылған бетшелер

  • Фломастер, маркер

  • Стикерлер

Күтілетін нәтиже

  • Оқушылар амалдардың орындалу тәртібін біледі.

  • Ережелерді есептер шығаруда қолдана алады.

  • Өзін және сыныптастарын бағалай алады.

  • Сыни ойлау арқылы есептеудің тиімді тәсілдерін меңгереді.

Ұйымдастыру кезеңі (5 минут)

  1. 1

    Сәлемдесу тренингі.

  2. 2

    Сергіту жаттығуы.

  3. 3

    5-ке дейін санату арқылы топқа бөлу.

Сабақтың барысы

Ой қозғау: «Көпір тапсырмалары» (5 минут)

Әр топтан оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Бағыттаушы сұрақтар береді, жауаптарды толықтырады.

Оқушының іс-әрекеті

Топ ішінде талқылап, қысқаша жауап береді.

Білу деңгейі: топтық жұмыс (5 минут)

Семантикалық картаны толтыру және АКТ арқылы деңгейлік тапсырмаларды орындау.

Мұғалім

АКТ қолдану арқылы тапсырма береді, жұмыс барысын қадағалайды.

Оқушылар

Семантикалық картаны толтырады, әр топ өз деңгейлік тапсырмаларын орындайды.

Түсіну деңгейі (5 минут)

«Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін?» сұрақтары арқылы оқушыларды сыни ойлауға жетелеу.

Мұғалім

Жетелеуші сұрақтар қояды, жауаптарды нақтылауға көмектеседі.

Оқушылар

Алған білімдерін ортаға салып, өз ойларын дәлелдеуге тырысады.

Талдау деңгейі (5 минут)

8 санын қосу және азайту амалдары бойынша түсінікті тексеру; топтастыру стратегиясын қолдану.

Мұғалім

Теориялық түсініктерді тексереді, қысқа тапсырмалар ұсынады.

Оқушылар

Өз ойларын айтады, топтастыру стратегиясы бойынша жұмыс жасайды.

Қолдану деңгейі: оқулықпен жұмыс (5 минут)

Слайдтағы тапсырмалар және дәптермен жұмыс: №1, №3, №4 есептер.

Мұғалім

Слайдтан тапсырмаларды көрсетеді, орындау ретін түсіндіреді.

Оқушылар

Дәптерде есептерді шығарады, нәтижелерін салыстырады.

Жинақтау деңгейі: Венн диаграммасы және «Сиқырлы фигуралар» (7 минут)

1) 10-ға дейінгі сандардың жұп және тақ түрлерін ажыратып, ортақ белгілерін анықтау.

2) Геометриялық фигуралардан әртүрлі заттардың пішінін құрастыру.

Мұғалім

Тапсырма шартын нақтылайды, дәлелдеуге бағыттайды.

Оқушылар

Топпен орындап, қағазға түсіреді және өз шешімін дәлелдейді.

Бағалау (5 минут)

«Сен қалай ойлайсың, 8 саны қандай сан?» сұрағы арқылы ойландыру және қорытынды жасау.

Бағалау тәсілі

  • Түрлі түсті жүрекше стикерлер арқылы бағалау.

  • Стикер саны бойынша әр топтың орнын анықтау және жеке оқушыны бағалау.

Оқушының әрекеті

Шығармашылық тапсырмаларды орындайды, өз жауабын негіздейді.

Үй тапсырмасы (2 минут)

Қайталау және «Ойлан, тап» есебін шығарып келу. Күнделікке баға қойғызу, тапсырманы жаздыру.

Рефлексия (3 минут)

Өзін-өзі бағалау дағдысын қалыптастыру үшін «кемпірқосақ» тәсілін қолдану.

Жасыл

Сабақ қатты ұнады, бәрін түсіндім.

Сары

Ұнады, бірақ түсінбеген жерлерім бар.

Қызыл

Ұнамады, түсінбедім.

Әр оқушы өз көңіл күйіне және түсіну деңгейіне сәйкес түсті стикерді таңдап, «кемпірқосақ» бетіне орналастырады.