Әңгіменің шиеленісуі Әмірқан әңгімесі
Сабақтың тақырыбы
«Әміре — ән көгінің айнасы»
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Әңгіменің мазмұнын терең меңгерту арқылы әншінің азаматтық және адамдық болмысын жан-жақты таныту.
Дамытушылық
Талдау жасату арқылы оқушының ой-өрісін кеңейту, өнерге деген көзқарасын тереңдету, шығармашылық қабілетін ұштау.
Тәрбиелік
Өнер мен ән құдіретін бағалай білуге баулу; қазақ халқына тән адамгершілік қасиеттерді және өнерге деген сүйіспеншілікті оқушы бойына сіңіру.
Сабақтың міндеттері
- Әңгімені түсініп оқиды, мазмұнын меңгереді.
- Жоспар құрады, тақырыбы мен негізгі мұратын анықтайды.
- Сұрақтарға жауап беру арқылы Әмірқан тұлғасын ашады.
- Кесте толтырады, түсініксіз сөздермен жұмыс істейді.
- Көркемдегіш құралдарды табу арқылы жазушының тіл байлығын таниды.
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сабақтың типі
Жаңа материалды таныту сабағы.
Сабақтың түрі
Тәжірибелік-талдау, іздендіру сабағы.
Сабақтың әдісі
Сөздік және логикалық әдістер: талдау, негізгісін бөліп алу, дәлелдеу.
Ұйымдастыру формасы
Жекелей, топпен, ұжымдық жұмыс.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Адам баласы өмірде бір нәрсені ерекше ұнатады, жанындай жақсы көреді, соған ұмтылады. Сол жолда күреседі. Арманына жеткен сәтте жүрегі тынышталып, жаны рақат табады.
Өлең жолдары
Мен сүйемін өмірді зулап аққан,
Мен сүйемін өлеңді биік тақтан.
Мен сүйемін өнерді таңдай қаққан,
Мен сүйемін өренді тыңдап баққан.
Ал сендер ше? Бүгінгі кейіпкеріміз де сүйді, ұнатты. Бірақ ол ән өнерін жанымен сүйді. Ән әлемінде биік самғай білді.
Өткен сабақта біз қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы, қара сөздің хас шебері Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші» әңгімесін қарастырдық, автор туралы ой қозғадық.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Әмірқан — ән көгінің айнасы». Мақсатымыз — әңгіменің мазмұнын терең меңгеріп, әншінің азаматтық әрі адамдық бейнесін жан-жақты ашу, кейіпкер тұлғасын талдау.
2) Үй тапсырмасы
- Мәтінмен толық танысу.
- «Сырласу күнделігін» жүргізу.
3) Топпен жұмыс
Ескерту
Ақпараттық анықтама алгоритмін орындайтын сарапшымен танысамыз. Сонымен қатар «Табыстар каталогына» енгізілетін жұмыстарға назар аударамыз.
1-тапсырма: Әңгіменің композициялық құрылысы
Негізгі бөлік
Әңгіменің басталуы
Оқиға
Шәкет үйіндегі кездесу
Әңгіменің дамуы
Жетішатыр қаласындағы жексенбінің бірі
Әңгіменің шиеленісуі
Әмірқан туралы әңгіме
Әңгіменің шарықтау шегі
Наурыз сауығы
Шешімі
Аяқталмаған оқиға
Еркін сұрақтар және дәлел
Оқушылар өз қалауы бойынша сұрақтарды таңдап, жауаптарын дәлелдермен негіздейді.
- 1 Ж. Аймауытовты әйгілі еткен қай шығармасы?
- 2 Әңгіменің басты кейіпкері Әмірқан бейнесі кімнің прототипі? (Ә. Қашаубаев туралы бейнетаспа, слайд: «Әміре»)
- 3 Оқиға қай кезеңді қамтиды?
- 4 Жетішатыр қаласының тұрмыс-тіршілігі қалай суреттелген? (слайд: «Жетішатыр қаласы»)
- 5 «Әнші» әңгімесін жазуға не себеп болды?
- 6 Әңгіменің басты тақырыбы қандай?
- 7 Әміре Қашаубаев кім? (бейнетаспа)
Кейіпкерге сөз таңдау: топтық тапсырмалар
1-топ
Әмірқанның әншілік шеберлігі
Әмірқан бейнесін әншілік және орындаушылық қырынан талдау.
2-топ
Әншінің тұлғасы
Кейіпкердің сыртқы бейнесін, Әмірқан бойындағы қазаққа тән қасиеттерді анықтау.
3-топ
Сәтті алынған сөздер пирамидасы
Ұтымды қолданылған сөз тіркестері мен нақыл сөздерді табу.
4-топ
Сөз әрлеу
Мәтіндегі көркемдегіш құралдарды тауып, олардың әсерін түсіндіру.