Грек жаңғағы жаттығуы

Сынып жетекшілерге арналған психологиялық тренинг

Бұл тренингтің негізгі мақсаты — адамның өз-өзімен танысуына көмектесу, жеке ерекшеліктерін байқату, қызығушылықтары мен құндылықтарын ұғындыру.

Керекті құралдар

  • грек жаңғағы
  • қағаз
  • қалам
  • көз таңғыштар

1) «Грек жаңғағы» жаттығуы

Бұл жаттығуды өткізу үшін 14 дана грек жаңғағы қажет.

Өткізу тәртібі

  1. 1 Жаңғақтарды ортаға шашып, әр қатысушыға бір-бірден алуды ұсынамын.
  2. 2 Қатысушыларға қолындағы жаңғақты мұқият қарап, құрылысы мен жекелеген ерекшеліктерін есте сақтауды тапсырамын.
  3. 3 Содан кейін жаңғақтарды жинап, дорбаға салып араластырамын да қайтадан ортаға шашамын.
  4. 4 Әр қатысушының міндеті — өз жаңғағын табу.

Талдау сұрақтары

  • Өз жаңғағыңызды қалай есте сақтадыңыз?
  • Оны қандай әдіспен таптыңыз?
  • Белгілі бір ерекшеліктеріне сүйендіңіз бе, әлде бәрі алып болғанша күттіңіз бе?

Негізгі ой

Алғашқы қарағанда жаңғақтың бәрі бірдей көрінуі мүмкін. Бірақ уақыт бөліп, мұқият қарасаңыз — әрқайсысы бөлек, өзіндік белгісі бар, бірін екіншісімен шатастыру қиын. Адамдар да дәл солай: әркімнің өзіне тән ерекшелігі, әдемілігі және тартымдылығы болады. Оны сезіне және түсіне білу маңызды.

Жаттығу соңында жаңғақ қатысушыларға сыйға беріледі.

2) «Аңдар мен жәндіктер» тапсырмасы

Қатысушыларға қағаз бен қалам таратылады. Әркім өзіне ұнайтын аңдар мен жәндіктердің атауларын жазып шығады. Саны — алтау.

Нұсқау

Одан кейін әр қатысушы мен оқитын сөйлемдерді мұқият тыңдайды. Әр сөйлемнің арасындағы үзілісте қатысушы өз жазған сөздерін ретімен дауыстап оқиды. Осылайша, адам өзін басқалардың қалай қабылдайтынын және өзінің ішкі қалауын айқындауға тырысады.

Қорытынды сөйлемдер

  1. 1 Мені жұрт … деп ойлайды.
  2. 2 Мені … деп ойласа екен деп ойлаймын.
  3. 3 Дәл өзім …
  4. 4 Мен жұмыста …
  5. 5 Жарымның алдында …
  6. 6 Негізінде …

3) «Ым-ишара» тренингі

Мақсаты — логикалық ойлау арқылы кез келген жағдайдан шығу, түсіндірудің балама жолдарын табу және топтық өзара әрекеттестікті күшейту.

Ереже және рөлдер

  • Ойынға өз еркімен қатысатын 3 адам қажет, қалғандары — бақылаушы.
  • Үш дос кездесу туралы келісуі керек.
  • Бір қатысушы — «сақау» (аузын таңғышпен байлаймыз).
  • Бір қатысушы — «соқыр» (көзін таңғышпен байлаймыз).
  • Бір қатысушы — «саңырау» (құлағын таңғышпен байлаймыз).

Ойынның мәні

Кездесетін орын туралы ақпарат тек «сақау» қатысушыда болады. Ол өз достарына кездесудің қайда және қашан болатынын сөзсіз тәсілдермен түсіндіруі керек. Топ олардың әрекетін бақылап, қандай стратегия жұмыс істегенін талқылайды.

Қорытынды

«Қыран түлегіне қайрылмас қанат сыйлайды, ұстаз түлегіне алға бастар талап сыйлайды» дегендей, қадірлі әріптестер, шәкірттеріміз білім әлемінде биіктерден көрініп, еңбектеріңіз жана берсін. Осы ниетпен бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз.