Ауасы өте таза

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Сабақтың мақсаты

«Таза ауамен демалайық» тақырыбы бойынша білімдерін толықтыру, сөздік қорын молайту.

Сабақтың міндеттері

  1. Бурабай көлінің тамаша табиғатымен таныстыра отырып, жан-жақты мәлімет беру; білімдерін кеңейту; жаңа сөздермен таныстыру және грамматикалық тақырыпты қайталау арқылы білімдерін пысықтау.
  2. Көру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; ауызекі сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
  3. Оқушыларды Отанымыздың мақтанышы — Көкшетау өңірінің таза ауасын бағалауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Сабақтың типі

Жаңа білімді қалыптастыру

Әдіс-тәсілдер

Сөзжұмбақ шешу, сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс

Көрнекіліктер

Интерактивті тақта, суреттер

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды психологиялық тұрғыдан сабаққа дайындау:

Мұғалім:

«Саған табыс! Сәттілік! Саған табыс! Сәттілік! Сізге табыс! Сәттілік!»

Оқушылар:

«Рақмет!»

Содан кейін мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстырады.

Қызығушылықты ояту

  • Бурабайдың суреті бойынша әңгіме бастау.
  • «Қазақстанның Швейцариясы» қалай аталады?
  • «Бурабай» дегенде ойларыңа қандай сөздер мен сөз тіркестері келеді?
  • Грамматикалық қайталау үшін жетекші сұрақтар қою (септік сұрақтары, анықтауыштың сұрағы және т.б.).

Жаңа сөздер мен сөз тіркестері

Жаңа сөздерді оқып, мағынасын түсініп, есте сақтаймыз. Кейін сол сөздермен сөйлем құрастырамыз.

Таза ауа

чистый воздух

Жарамсыз

непригодный

Дем

дыхание

Жұту

дышать

Көңіл

настроение

Үнемі

постоянно

Ойлайсыңдар

думаете

Неғұрлым

насколько

Соғұрлым

настолько

Мәтінмен жұмыс

Мәтінді мұқият, зейін қойып оқимыз. Оқып болған соң тапсырмаларды орындаймыз, тексереміз және бағалаймыз.

Бурабай

Бурабай — Көкшетаудағы әсем көл. Оның суы тұщы әрі мөлдір.

Көлдің айналасы қарағайлы, қайыңды орманмен көмкерілген. Ауасы өте таза, табиғаты ерекше.

Сондықтан көлдің маңында көптеген демалыс орындары бар. Бурабайдың табиғаты туралы көп өлеңдер мен әңгімелер жазылған.

«Зейін» тапсырмасы

Мәтін бойынша тақтада берілген тапсырманы орындаймыз. Нәтижесін бірге тексереміз, өзара бағалаймыз.

Суретпен жұмыс

Бурабай көлінің табиғатына назар аударып, көркем суретті қысқа сөйлемдермен «сөйлетеміз».

Кейін Бурабайдың керемет табиғатын бейнефильмнен тамашалап, қысқаша демаламыз.

Деңгейлік тапсырмалар

III деңгей

Берілген сөздерді мағынасына қарай ілік септігінің жалғауы арқылы байланыстырыңдар:

  • көл — жапырақ
  • Бурабай — бас
  • көл — табиғат
  • тау — су
  • ағаш — айнала

II деңгей

Берілген сөз тіркестеріне синоним сөздер табыңдар:

  • әдемі көл
  • суы мөлдір
  • қалың орман
  • табиғаты тамаша
  • үнемі демаламыз

I деңгей

Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңдар:

Бурабай, Швейцариясы, деп, Қазақстанның, аталады.

Демалыс, бар, орындары, Бурабайда.

Бекіту және қорытынды

«Бес жолды өлең» стратегиясы

  1. Зат есім: Бурабай
  2. Сын есім: (2 сөз)
  3. Етістік: (3 сөз)
  4. 4–5 сөзден сөйлем: (ойды түйіндеу)
  5. Синоним: (мағыналас сөз)

Сұрақ-жауап (жаңа сөздерді қолдану)

  • Бурабайдың ауасы қандай?
  • Қалай ойлайсыңдар, неге ол жақта ауа таза?
  • Адамға үнемі қандай ауа керек?
  • Бурабайда адамдар не істейді?
  • Адам неғұрлым таза ауамен көп дем алса, соғұрлым қандай болады?

Бағалау

Тапсырмаларды орындау белсенділігі мен жауаптардың дұрыстығына қарай бағаланады.

Үй тапсырмасы

Жаңа сөздерді қолдана отырып, диалог құрастырыңдар.