Ауа массалары

Күнделікті сабақ жоспары (7-сынып, география)

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

6-сабақ

Жер бетіне ауа температурасы мен қысымның таралуы

7-сабақ

Жер бетіндегі ауа массалары мен басым желдер

8-сабақ

Климаттың қалыптасуына әсер ететін факторлар. Жер шарының климаттық белдеулері

9-сабақ

Дүниежүзілік мұхит суы. Беткі ағыстар

10-сабақ

Мұхиттағы тіршілік дүниесі

6-сабақ: Жер бетіне ауа температурасы мен қысымның таралуы

Сыныбы: 7 Сабақ түрі: аралас Оқыту әдісі: суреттеп түсіндіру

Сабақтың мақсаттары

  • Білімділік Оқушыларға ауа температурасы мен атмосфералық қысым туралы түсінік қалыптастыру.
  • Дамытушылық Карта бойынша ауа температурасын оқып-талдау, кестемен жұмыс істеу және қысымды анықтау дағдыларын дамыту.
  • Тәрбиелік Өз аймағындағы ауа температурасы мен ауа райы жағдайларын түсінуге, жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, қатысымды тексеру, сабаққа қажетті құралдарды дайындау.

2) Жаңа сабақты түсіндіру

Жер шарының ауа қабаты — атмосфера. Жердегі тіршілік үшін атмосфераның ең тығыз төменгі қабаты — тропосферадағы ауа құрамы мен онда жүретін процестердің маңызы ерекше. Тропосферада бүкіл ауаның шамамен 90%-ы шоғырланған.

Тропосферада ауа райының негізгі құбылыстары — бұлт, жаңбыр, қар, бұршақ, жел — қалыптасады. Кейбір жағдайларда олар қауіпті құбылыстарға ұласып, қуаңшылыққа, су тасқынына, қарлы боран мен дауылдарға әкелуі мүмкін.

Климаттың қалыптасуы мен таралу заңдылықтарын түсінуде климаттық карталардың маңызы зор. Климаттық элементтердің таралуы картада изосызықтар арқылы бейнеленеді:

Изотерма

Температурасы бірдей нүктелерді қосатын сызық.

Изобара

Қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызық.

Изогиета

Жылдық жауын-шашын мөлшері бірдей нүктелерді қосатын сызық.

Ауа массалары (жалпы сипаттама)

  • Экваторлық — төмен қысым, шамамен 0°С
  • Тропиктік — жоғары қысым, шамамен 30°С
  • Қоңыржай — төмен қысым
  • Антарктикалық — шамамен -65°С

Ауа әрқашан жоғары қысым аймақтарынан төмен қысым аймақтарына қарай қозғалады.

Экватор маңында жоғары көтерілген ауа төменге бірден түсе алмай, тропосфераның жоғарғы қабаты арқылы тропиктерге қарай жылжиды. Қозғалыстағы ауа Жердің өз білігінен айналуына байланысты шығысқа қарай ауытқиды, сондықтан полюстерге тікелей жете алмайды.

Біртіндеп суынып, ауырлаған ауа шамамен 30° с.е. және 30° о.е. маңында төмендейді. Осылайша екі жарты шарда да тропиктік ендіктерде жоғары қысым белдеулері қалыптасады. Мұнда да ауа ағындарының төмендеген қозғалыстары басым болады.

Жер бетінде жоғары қысым белдеулерінен төмен қысым белдеулеріне қарай бағытталған ауа ағындары тұрақты желдерді қалыптастырады. Демек, жоғары көтерілетін ауа басым аймақтарда — төмен қысым, ал төмендейтін ауа басым аймақтарда — жоғары қысым белдеулері қалыптасады.


Жаңа сабақты бекіту (тапсырмалар)

  1. 1. Атластағы климаттық карталарды пайдаланып анықтаңдар:

    a) Еуразияда 60° ш.б. меридианы бойымен қандай изотермалар өтеді?

    b) 40° және 50° с.е. бойымен қандай изотермалар өтеді?

  2. 2. Жауын-шашынның жылдық мөлшері туралы қорытынды жасаңдар (карта/кесте бойынша).
  3. 3. Қыс пен жаз мезгілдерінде ауа массалары мен желдердің бағытын анықтаңдар.
  4. 4. Төменгі ауа массалары нені білдіреді? Мысал келтіріңдер.
  5. 5. Әртүрлі белдеулерде ауа қозғалысы қалай пайда болады? Себеп-салдарын түсіндіріңдер.

Қорытынды

Бүгінгі сабақта атмосфераның жердегі тіршілік үшін маңызын анықтадық. Жер бетінде ауа температурасы мен қысымның таралуын қарастырып, атмосфералық қысым белдеулерімен таныстық.

Үй тапсырмасы

  • Атластағы климаттық картаны оқып, талдау.
  • Климаттық картамен жұмыс жасау (изотерма, изобара, изогиета бойынша мысалдар).
  • Толық нұсқасын қарап шығу.