Сабақ мақсаттары
Сабақтың мазмұны
Бөлім
Жаратылыстану · «Жер және ғарыш»
Ортақ тақырып
Саяхат
Сабақ тақырыбы
Адамдар ғарышты қалай зерттеді?
Оқу мақсаттары
- 1.4.2.1 — астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау.
- 1.4.2.2 — ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау.
- 1.4.2.3 — жекелеген ғарыштық денелерді атау және сипаттау.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну · Қолдану
Пәнаралық байланыс
Дүниетану
Бағалау критерийлері
Астрономия
Астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттайды.
Құрылғылар мен аппараттар
Ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттайды.
Ғарыштық денелер
Жекелеген ғарыштық денелерді атайды және сипаттайды.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар
Астрономияның ғарыш туралы ғылым екенін біледі.
Оқушылардың көбі
Ғарышты зерттеуге арналған құралдар мен ұшу аппараттарын суреттей алады.
Оқушылардың кейбірі
- Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізе алады.
- Алған білімін өмірде қолдана алады.
Тілдік мақсат
Оқушылар нақты тақырыпқа қатысты сөздік қор мен терминдерді қолданады.
Құндылықтарды дарыту
Табиғат заңдарын тануға, құбылыстарды байқауға және зерттей білуге тәрбиелеу.
АКТ қолдану дағдылары
Құралдар
Бейнежазба · Таныстырылым
Ресурстар
Суреттер, күнтізбе, АКТ, глобус, дүрбі, микроскоп, ғаламшарлар модулі тәрізді көрнекіліктер.
Сабақтың барысы
Сабақтың басы: «Аспанмен тілдесу»
2 минут
Сәлемдесу: «Армысыздар, ұстаздар!»
Ашық аспан арайлы,
Саған жиі қараймын.
Оқып-зерттеп сабақта,
Көп мәлімет алайын!
Топқа бірігу («Зымырандар»)
Оқушылар топ атауының мағынасын айтып, қысқаша түсіндіреді.
1-топ
Астрон — «номос» (жұлдыздар заңы)
2-топ
Ғарыш (космос)
3-топ
Күн жүйесі (солнечная система)
4-топ
Құс жолы (галактика)
5-топ
Ғаламшар (планета)
6-топ
Шоқжұлдыз (созвездие)
Сабақтың ортасы: мағынаны тану
2 минут
Балалар, өткен сабақта біз ғарышпен таныстық. Бүгін адамдардың ғарышты қалай зерттегенін білеміз.
Рөлдік тапсырма: «Ұшуға дайындық»
Сыныптан бас ғарышкер мен дәрігер таңдалады. Дәрігер ғарышкердің денсаулығын тексеріп, ұшуға рұқсат береді.
Дәрігер: «Бас ғарышкер ұшуға дайын. Тамыр соғысы бірқалыпты. Көңіл күйі жақсы. Ұшуға рұқсат беріңіз.»
Басқарушы: «Рұқсат!»
Қысқа визуализация
Оқушылар орнынан тұрып, көзін жұмады да өзін ғарыш әлемінде жүргендей елестетеді. Көңілді әуен қосылып, жұлдыздар мен түрлі түсті жарық сәулелер арқылы «ғарышқа саяхат» атмосферасы жасалады.
Ұзақтығы: 1 минут
Қызықты сұрақтар топтамасы
Мұғалім әртүрлі заттарды көрсетіп, оқушылардан олардың не үшін қажет екенін немесе нені еске түсіретінін сұрайды. Мақсат — бақылау жүргізу, салыстыру және болжам жасау.
Дүрбі
«Алдарыңдағы дүрбі не үшін керек?»
Калейдоскоп
«Калейдоскоптан не көре аламыз?»
Глобус
«Бұл қандай зат?»
Улануға қарсы құрал
«Қай кезде қажет болуы мүмкін?»
Жердің жасанды серігіне ұқсас модель
«Мына зат неге ұқсайды?»
Көрнекі карточкалар
Ожау, темір қазық, шляпа, қыздың суреті, есектің суреті, қызыл түс — талқылауға арналған мысалдар.