Мақсатты келер шақ

Қазақ тілі • 7-сынып

Бұл сабақ жоспары мақсатты келер шақ тақырыбын ақпарат көздері арқылы меңгертуге бағытталған. Сабақ барысында оқушылар ережені түсініп қана қоймай, ауызша және жазбаша сөйлеуде қолдануға машықтанады, сондай-ақ тапсырмаларды өз бетінше орындау арқылы проблеманы шешу дағдыларын дамытады.

Оқу мақсаттары

  • Білімдік: ақпарат көздері арқылы келер шақ ережесін және мақсатты келер шақтың жұрнақтарын толық меңгерту.
  • Коммуникативтік: оқушыларды адамгершілік құндылықтарға баули отырып, алған білімін ауызша және жазбаша тілде қолдануға қалыптастыру.
  • Дамытушылық: тақырыпты меңгертуге арналған тапсырмалар мен жаттығуларды өз бетімен орындауға дағдыландыру, проблеманы шешу дағдысын жетілдіру.

Табыс критерийлері

Барлық оқушылар

Мақсатты келер шақ туралы біледі.

Оқушылардың басым бөлігі

Мақсатты келер шақпен танысып, негізгі белгілерін ажыратады.

Кейбір оқушылар

Тақырыпты толық меңгеріп, түсіндіріп бере алады.

Алдыңғы тақырып

Болжалды келер шақ.

Сабақ барысы

Басталуы

10 минут

Ұйымдастыру кезеңі

  • Топқа бөлу.
  • Оқушылардың жылы лебіз білдіруі.

Үй тапсырмасын тексеру: «Бинго» ойыны

Оқушыларға сұрақтар беріледі. Әр топ өзара талқылап, жауаптарын ұсынады.

I топ

  1. Ауыспалы осы шақ дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
  2. Ауыспалы осы шақтың жасалуы.
  3. Ауыспалы осы шақтың жіктелуі.

II топ

  1. Келер шақ дегеніміз не?
  2. Келер шақтың түрлері туралы түсінік беріңдер.

III топ

  1. Болжалды келер шақ дегеніміз не?
  2. Болжалды келер шақтың жасалу жолдары қандай?
  3. Болжалды келер шақтың жіктелу үлгісін түсіндіріңдер.

Ортасы

20 минут

Жаңа сабақ

Сабақ «Өкіл» әдісі арқылы басталады: әр топтан бір оқушы басқа топтарға барып, жаңа тақырып бойынша түсіндірме береді және кері байланыс алады.

Тақырыптың негізгі анықтамасы

Мақсатты келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді.

Топтық жұмыс бағыттары

I топ

Мақсатты келер шақтың жасалуы.

II топ

Мақсатты келер шақтағы етістіктің III жақта жіктелуі.

III топ

Мақсатты келер шақтың жіктелуі.

Практика: мақсатты келер шақты табу және түрлендіру

Жақ Үлгі
I жақ үйренбекпін
II жақ үйренбексің
Сіз (сыпайы II жақ) үйренбексіз
III жақ үйренбек

160-жаттығу

Мақсатты келер шақпен тұлғалас зат есімдерді теріп жазыңдар. Қайсысы әрі етістік, әрі зат есім болатынын, ал қайсысы тек зат есім болатынын мысалмен дәлелдеңдер.

Зат есімдер

аунамақ, күйсемек, қаймақ, ермек, бермек

Етістіктер

сүймек, білмек, бермек, сүйремек, билемек, термек

Ескерту: кейбір сөздер (мысалы, бермек) контекстке қарай әрі зат есім, әрі етістік мәнінде қолданылуы мүмкін.

Аяқталуы

10 минут

Ой толғау

Оқушылар жазған шығармаларын топ ішінде оқиды, талқылайды және ең үздік жұмысты анықтайды.

1-топ тақырыбы

Мен ауылымды болашақта қалай елестетемін?

2-топ тақырыбы

Мен таңдаған мамандық.

3-топ тақырыбы

ЭКСПО 2017.

Үй тапсырмасы

Мақсатты келер шақ тақырыбын қайталау. 161-жаттығу.

Бағалау

5 минут

«Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылар өз түсіну деңгейін бағалайды: жасыл — толық түсіндім, сары — әлі де сұрақтар бар, қызыл — қиындық бар.

Қосымша ақпарат

Мектеп: Сырдария жалпы орта мектебі

Мұғалім: Каримбаева Айсұлу

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге болады.