Информатика 10 сыныпІ

Сабақ туралы

Бұл материал 10-сыныпқа арналған информатика сабағының жоспары мен жаңа тақырып бойынша қысқаша түсіндірмеден тұрады. Негізгі назар Visual Basic ортасындағы TextBox, Label, CommandButton компоненттерінің қызметі мен қасиеттеріне аударылады.

Сабақтың құрылымы

Тақырыбы

TextBox, Label, CommandButton компоненттері

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Көрнекілігі

Компьютерлер және қосымша оқу материалдары

Оқыту әдістері

Сөздік, практикалық

Оқыту формалары

Жеке жұмыс, жұптық жұмыс

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру
  2. Өткен тақырыпты сұрау
  3. Жаңа сабақ
  4. Бекіту
  5. Үй тапсырмасын беру
  6. Қорытынды

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: сауаттылықты арттыру, ойлау ұшқырлығын дамыту.
  • Тәрбиелік: икемділікке баулу, шабытпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
  • Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеті мен қызығушылығын күшейту.

Жаңа сабақ: компоненттермен жұмыс

TextBox

TextBox — қосымшаға әртүрлі ақпарат енгізу және шығару үшін қолданылатын компонент. Қосымша орындалған кезде пайдаланушы бұл өрістегі мәтінді өңдей (редакциялай) алады.

Негізгі оқиғасы: Change

Негізгі қасиеттері

Name
Объектіге атау беру.
Text
Өріске мәтін енгізу. Мәтінді қасиеттер терезесінде немесе программалық кодта меншіктеу операторы арқылы беруге болады.

Мысалдар

Text1.Text = ""   ' мәтін өрісін тазарту
Text2.Text = Text1.Text

Мәнін оқу

X = Text1.Text
DataSource
Деректер қорымен байланыс орнату.
DataField
Деректер қоры өрістерімен байланыстыру.
Locked
Енгізуді шектейтін бульдік қасиет. Егер мәні True болса, объект тек көру режимінде болады: курсор көрінеді, бірақ мәтінді өшіруге немесе жаңа мәтін енгізуге болмайды.
MaxLength
Енгізілетін символдар санына шектеу қояды. Әдепкіде 0 болса, шектеу қойылмайды.
MultiLine
Өрісті көпжолды етуге арналған бульдік қасиет. Көпжолды мәтін құрастыруда жолдарды біріктіру үшін + немесе & таңбалары қолданылады.
Alignment
Мәтінді солға, оңға немесе ортаға туралау.
BorderStyle
Жақтауды (шекараны) орнату.
ScrollBar
Айналдыру жолағын (scrollbar) қосу.
Font
Қаріп (шрифт) параметрлерін орнату.
ForeColor
Мәтін түсін орнату.
BackColor
Мәтін өрісінің фон түсін орнату.
TabIndex
Табуляция ретіндегі (Tab) реттік нөмірін орнату.
TabStop
Объектіні табуляция ретіне қосу/алып тастау.
ToolTipText
Компоненттің қызметін түсіндіретін қалқымалы көмек мәтінін орнату.
PasswordChar
Енгізілген символдарды парольдік таңбамен ауыстырып көрсету.
Enabled / Visible
Қосымша орындалғанда компоненттің белсенді болуын және экранда көрінуін басқаратын бульдік қасиеттер (True/False).

Label

Label — ақпаратты экранға шығару үшін қолданылатын компонент. Оның көптеген қасиеттері TextBox компонентіне ұқсас.

Негізгі оқиғасы: Click

Label-ге тән қасиеттер

Caption
Жазуды (мәтінді) орнату. Егер мән беру кезінде кез келген әріптің алдына & (амперсанд) қойылса, сол әріптің асты сызылып көрсетіледі.
AutoSize
Жазудың ұзындығына қарай объектінің ені (горизонталь) автоматты түрде өзгеретін бульдік қасиет.
WordWrap
Мәтінді жолдарға бөліп, қажет болса объектінің биіктігін (вертикаль) ұлғайтуға мүмкіндік береді.